Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Өлә, Қызыл Жебені сойғалы жатыр, – деп қолын шапалақтадады.

Ұрысса, баласының елірмесі ұстап қалатынын білетін болыс:

– Қалдаш, айналайын, бара ғой, үйге бара ғой, – деп алдап-сулап ауыш ұлын шығарып салды.

– Ешкімге айтпа, білдің бе, Қалдаш. Бұл Қызыл Жебе емес, бордақыланған ақсақ торы ат қой өзіміздің. Ертең үйге қаладан үлкен кісілер келеді, соған ертелеп дайындалып жатқанымыз ғой, – жол-жөнекей баласын басынан сипап.

– Иә, көке десе, ол Қызыл Жебе ғой, – деп соқталдай болса да, бала қалпында қалған неме шынын айтып келеді.

– Қой, оттама, қайдағы Қызыл Жебе!

Есі шығып, еңсесі басылып отырған Мақашқа болыс қайта келіп:

– Ей, шірік, әнеукүні көкпарда сені масқара етіп кеткен осы емес пе еді? Неменеге емешегің елжірей қалды? Бол! – деді.

Саймасай бұлай болар деп ойламаған. Ойда жоқта бетіне шапшыған қанды абайсызда алақанымен сыпырып қалып еді, қолы на қарақошқыл жылымық жылбысқы жабысып, баттасып шыға келді. Айға шағылысқан алақаннан түрлі-түрлі сәулелер жылтырап, жымыңдасқандай болды.

Саймасай қатты сескеніп, тұла бойы дір ете қалды. Бұл кезде есін жиған Рысқұл қиғаштап жатып, мына зауалдай сұм жағдайды көріп:

– Ә, болыс, қан шеңгелдеп қалдың ба? Тұра тұр, бұл зілдей салмақты, ауыр қан. Текке кетпес, – деді.

Қаталдық пен осалдық қатар жүреді. Өзінің қаталдығын ар алдында ақтауға осал адам өте шебер. Саймасай мына сұмдықтан ақталудың, өзіне күнә жолатпаудың себебі деп Қызыл Жебенің осы ауылдан шыққанын желеу қылады. Тұқымбайға талай сөз салғанын, болыс басымен тілегі орындалмай сағы сынғанын бетке тұтады. Әлгіде сескеніп, апырай, бұл қалай? – деп қалса да, қайтадан қарғыс қайратына мініп алып, қатайып кетті. Қолын қалың теңге жапыраққа сүрте салып, жалшыларының біріне:

– Әй, су әкел, көргенсіз, – деп зекіді.

Қанды қолды, бетіне баттасып, кеберси қатып үлгірген қара-қошқыл дақты су тазартқан. Бірақ бір былғаныш сезімді көңілінен тазарта алмады. Қанша қасамдап жуса да әлгі бәле беті-қолында әлі жұғып тұрғандай әзірейіл әсерден арылу жоқ. Түптің түбінде ібілістей күнәні су тазарта алмақ емес. Дүниеде оттан таза нәрсе жоқ. Қылмысқа қылқынған пенденің күнәсін от қана тазарта алар. Сират көпірінен құлап, тозақ отында шыжғырылса ғана арамдықтан арылар. Соның өзінде отқа күйген бет пен алақанда мәңгілік қарғыс таңбасындай болып қарақошқыл дақ қалмаса...

Жылқы баласының сұлтаны – Қызыл Жебенің терісі сыпырылып, түңгі салқынмен буы бұрқыраған еті жайрап қалды. Етінен жылт еткен май көрінбеді. Кілең қара кесек, тарамыстау қызылды байқаған болыстың басына тағы бір сұмдық ой сап ете түсті. Бұл ойдан ол тіпті бүкіл уайым, сезіктену сияқты сезімдерден құлантаза жазылып, жадырап шыға келді.

Осы бір қаһар қысқан айлы түннен бір күн бұрын Софийск станциясының (Талғар қаласы) бір мұжығы болысқа арыз айта келіп еді. Көлікке жегіп жүретін бір аты ұрланыпты. Соны табуға көмектесіңіз, мырза, – дейді. Болыс орыстың мұжығын:

– Оттама, бізде сенің көтерем атынды ұрлайтын ешкім жоқ. Қазақ жылқы алса, ісіне татитындай етіп молынан алады және алыстан алады. Ауылдасына тимейді, – деп шығарып салған.

Шабармандар жан-жаққа шашырады. Болыс боржық Таубайды приставқа жіберді. Бір жігітін Талғардағы аты жоғалған мұжыққа жұмсады. Мақаш пен тағы бір нөкері Қызыл Жебенің етін Рысқұл үйінің артындағы сайға апарып, жалбызбен көміп тастауға кетті. Рысқұл қол-аяғы байлаулы тұтқында жатыр.

Есебі есеп-ақ. Пристав пен мұжықты Рысқұлдың «ұрлығының» үстінен түсіреді. Пристав байлаулы тұтқынды Алматыға айдап жөнеледі. Қызыл Жебе жоғалды деп Тұқымбай ауылы дүрлігіп жатқанда мұжықтың атының дабырасымен Саймасай ауылы Қызыл Жебенің сезігінен сақтанбақ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий