Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза
-
Название:Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:124
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»
Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги
Тұрар ойлаған: «көкем мына дуал қорғанның ішінде жүрген шығар» деп. Сөйтсе, қорғанның ішінде тағы да үйлер, тағы да мылтық асынған қарауылдар бар екен. Жағалап жүріп, бір үйдің есігінің алдына тоқтады-ау. Есіктің алдында тағы қарауыл. Жақындатпайды. Рысқұлды бері шығармады. Қарауыл тек темірмен қаптаған есіктің алақандай тесігінің қақпағын көтеріп:
– Жылқыайдаров! Бері жақында, саған кісілер келіп тұр,– деді.
Тесіктен Рысқұлдың бір көзі ғана сығалады. Кірпік қақпайтын суық көз жалт еткенде Тұрар шыдай алмай:
– Көке! – деп айқайлап жіберді. Суық көз жылиын деді. Күлімсірегендей болды.
– Көке! – Meн ғой, Тұрармын ғой. Ахат атам келді. Молдабек тәтем сыртта қалды, – деп шырылдады бала. – Көке, мә, – деп Тұрар алақанына жабысып қалған кәмпитті тесіктен сұға бергенде бұлардан көз жазбай тұрған қарауыл:
– Нельзя! – деп зекіп тастады. Баланың қолындағы қызыл қораз кәмпит екенін көрген соң:
– Ладно, – деп рақым танытты.
– Өзің жей ғой, Тұрар, – әке үні үздік-үздік шығып. Беу, шіркін перзент-ай, өзінің өзегіңнен шыққан қайран бала! – деп Ахат елжіреді. Өз баласы жоқ екені есіне түсіп қамығып та қалды. – Ой, ақымақ, көкең тәтті жеуші ме еді. Міне, ауқат алып келдік қой оған ауылдан, – деп қоржынды көрсетті. Қоржындағы құрт, май, пісірген ет сияқты тағамдарды қотарып қарауылға берді. Ел деп келген сәлем-сауқатты тұтқынға қарауыл тапсырады. Тәртіп солай. Тамақтың арасында пышақ, егеу жасырып салып жіберген жоқ па деп тексереді.
Ахат арық қолын көлегейлеп,тесікке үңіліп:
– Уа, Рысқұл, қайдасың, қарағым? Дені-қарның сау ма? Тамақтан тарыққан жоқсың ба? – деп құлағының мүкісі бар адамның әдетімен тіл қатты.
– Аз үй Шілмембет шілдің боғындай тоздық қой. Қалған-құтқан жалғыз-жарым малды старшын түтін салыққа деп сыпырып әкетті. Қыс болса жақын. Не істейміз, нендей әрекет қыламыз? Сен қашан босанып шығасың, шырағым?
Ар жақтан Рысқұл айқайлап тұр. Ахат оның бір сөзін естіп, бір сөзін естімейді.
– Метрейге хат жазыңдар, – деді Рысқұл дауыстап. – Рысқұл жазықсыз түрмеде отыр деңдер.
– А? А? – дейді Ахат түсінбей. – Ол қай Метрей? Қайдағы Meтрей?
– Былтыр мені ілестіріп, Талғардың басына шыққан ұлық орыс ше? Ұмытып қалдың ба? Петерборда тұрады. Хатты қайда жазу керек екенін айтып маған бір қағаз беріп еді, – деп тесіктен шиыршықталған қағаз ұсынды. – Қалтамда жүріп тозып қалыпты. Жазуы өшпеген сияқты. Хат жазыңдар. Ол өзгелердей емес, қайырымды орыс. Біздің оязға бір ауыз хат жолдаса, мені босатады, құдай біледі.
– Қайдам, қарағым, болыстың тілмашы болмаса, біздің тұқымда Петерборға хат жазатын кім бар? Тілмашқа жалынып көрерміз. Омар туысқаның елге көшеміз деп күнде лаң шығарады. Кәйтеміз? Көшпесек, болыс қырына бізді қатты алды. Өзің кеткелі, ауылдың үстінен күнде ат ойнақтатады. Қартайған ағаңның түрі мынау. Менде бүгінде ақыл-ес қалмады. Елге жетіп, ата-бабаның қонысында сүйегім қалса – екі дүниеде арманым болмас еді. Көшейік десек, сенің үйінді жұртта қалай жалғыз қалдырамыз? Ойым – ойран, ақылым – айран.
– Әй, бабай, болды. Все, – деп қарауыл Ахат пен Тұрарды тесіктен ығыстырып жіберді.
– Уа, Рысқұл, айтсаңшы! Не істейміз?
– Метрейге хат жазыңдар!..
Қарауыл Ахат пен Тұрарды қақпадан шығарып жіберді. Бала қақпадан шықпай тырысып тұрып, алақандай тесікке қайта-қайта қарады.
– Ну, чертенок, айда пошел, – деді қарауыл оны мылтықтың дүмімен нұқып.
– Көке! – деп шырылдады Тұрар.
Сонда ол енді бірер айдан кейін дәл осы түрмеде көкесімен бірге бір камерада айлар бойы отырарын сезген жоқ. Алда не күтіп тұрғанын бала қайдан білсін...
***
Қайтар жолда базардың тұсынан өтіп бара жатып, Ахат аттың басын тартты.
– Рысқұлдың аманатын орындайық. Әлгі Петерборына хат жазайық. Мына базардан біреу табылар, – деді Молдабекке.
Базарды жағалап жүріп, бастырмалы дүкенде мата сатып тұрған татарды көріп, Ахат: