Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Тұқымбай «бұл қалай?» – деп жан-жағына қарап еді, қалың қаңлы:

– Бер, Тұқа, бер! Бұл Тау-Шілмембет Рысқұл ғой.

– Көкпардың киесі – көкбөрі ғой сорлы!

– Тақымына тұлпар тимей титығы құрып тұр ғой, – деп шуласты.

Рысқұл Шолақ Шабдардан түсіп, өрге Тұрарды отырғызды да, тізгін мен қамшыны баласына ұстатты.

– Мықталып отыр. Көкпаршыларға жақындама. Қағып кетеді, – деді Тұрарға.

Киіз қалпақты баса киіп, жеңін сыбанып алып, Қызыл Жебенің тізгінін ұстады. Үстіндегі жігіт сүметіліп, аттан әрең түсті. Рысқұлды жақтырмай, ала көзімен оқшия бір қарап:

– Ал, көрейік мықты екеніңді, – деп күңк етті.

Қызыл Жебеге қонған соң Рысқұлдың сирек жылжитын қаһарлы қарасұр өңінен нұр төгіліп, көздері шоқ шашып, әруақ буып арқасы қозған бақсыдай, айбыны асқақтап шыға келді. Астындағы жүйрік те буырқанған бұла күшті сезгендей, ауыздықты қарш-қарш шайнап, тізгінді сүзе шірене тартылған садақтың адырнасынан ұшатын жебедей лыпып тұр еді.

Қызыл Жебеге аяқ артқан, сол сансыз бақытқа молыққан сәтте Рысқұлдың көзіне құдіретті Саймасай да, дәулетті Тұқымбай да жәй әншейін бір қыбыр-жыбыр тіршілік кешкен пенделер болып көрінді.

Бақыттың ағыл-тегіл сезімінен Рысқұлдың басы айналғандай болды.

«Осы мен мас емеспін бе?» – деді өзіне-өзі аттың басымен алысып, Мақаштың додадан шығар сәтін күтіп, шиыршық атып тұрып.

Рысқұл сияқтыларды бақыттың буымен мас қылу үшін қыруар мал керегі жоқ. Қызыл Жебе жетіп жатыр.

...Көкпарды келесі додадан кергілеп алып шығып, Сазтөбе мәресіне баяғы машықпен масаттана шапқан Мақаштың тақымы бір кезде көкпармен бірге жұлынып кеткендей болды, аспан асты шу ете қалды. Не зауал болғанын аңдай да алмай қазандай басына қан құйылып кете жаздаған Мақаш Күрең Қасқаның тізгінін тартып, кері бұрылып, қарсыласын қуып көріп еді, қайдан болсын, Қызыл Жебенің бір бұрқ еткен шаңына көміліп қала берді.

Сол шабыста Қызыл Жебе Тұрарға жарқ ете қалған найзағай сияқты көрінді. Қызыл Жебенің желбіреген жал-құйрығы найзағайдың тарам-тарам бұталарындай жалындап бара жатты. «О, Қызыл Жебе!» – деген дауыс Шолақ Шабдардың үстінде отырған Тұрардың аузынан еріксіз шығып кетіп еді.

Қызыл Жебе Кесіктөбеге оқтай атылып, аяғы жерге тиер-тимес бір-ақ топ етті. Ол шапқанда әлдебір қабылан қарғығандай, яки көлдегі көкала үйрекке аспаннан қаршыға құйылғандай көрінеді екен. Әйтеуір қалың халық әлгі жануардың аяғы жерге тиді ме, тимеді ме, соны байқай алмай «өң бе, түс пе?» деп болғаны ақиқат.

Тұсынан Қызыл Жебе мінген көкесі зу етіп өте шыққанда, Тұрарға көкесі ат емес, найзағайға мініп көзілеспей ұшып өткендей көрінді. «О, Қызыл Жебе!» – деп тағы да тандана айқайлап жібергенін байқамай да қалды. Өз дауысынан өзі қысылып жан-жағына қараса, жан біткеннің бәрі: «Қызыл Жебе! Рысқұл! Қызыл Жебе! Рысқұл!» – деп жамырап тұр екен.

Туған баласының алдында беделі жоқ әке сорлы. Рысқұлдың бағы бар екен. Тұрар оны пайғамбардай сыйлайды. Жер бауырлаған жеті жасар бала не біледі дейтіндердің соры қалың. «Әке көрген оқ жанар» болса, сол жеті жастағы жеткіншек Тұрар туған әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан ықпайтын тәкаппарлығын, жарлымын деп жасымайтын жігерін көріп өсті. Тұрар үшін Рысқұл ер біткеннің ішіндегі одағай оқ жетпесі.

Ал, енді әкесінің Қызыл Жебеге мініп отырғандағы келбетін көріп, Тұрардың төбесі көкке жеткендей, аспандағы жұлдызды қолмен ұстап тұрғандай болды. Қызыл тұлпардың үстіне құрыш қонғандай әдемі сурет жас баланың жанын әлдилейді. Рысқұл садақпен атылған Қызыл Жебенің құрыш ұшындай болып барған, айтулы палуан Мақаштың тастай тақымын талқандап, көкпарды тартып алғанда, Тұрар бұл өмірдің додалы көкпар екенін, күреспесе, алыспаса адам өз сыбағасынан, бәлкім бақытынан адасып қалатынын бала көңілмен, көмескілеу болса да, андады. Егер әлгінде Рысқұл көп көрерменнің бірі болып, бұғып тұра берсе, мақтанышқа мастықтан Мақаштың екі көзінің еті өсіп, есіріп кетер еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий