Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Елеуіштері бос емес, өздері ұн елеп жатыр екен, күтіп отырып қалдым.

− Әйтеу, сылтау тапсаңшы. Айтпады деме, бір күні шашың. ды талдап жұлам.

Нәзира әпкем зәре-құты қашып үндемейді.

− Неғып тұрсың енді селтиіп, еле анау ұнды! — дейді апам зекіп.

Осымен Нәзира әпкем де құтылады.

Біз, балалар, қарнымыз сыздағанша атала көжеге тойып, әжем мен апам маңдайлары терши отырып шөлдері қанғанша қаймақ қатып, тұз салып ақ су — шай ішіп болған соң, үй ішінде аса бір көңілді жақсы шақ орнайды. Қабағынан қар жауып тұратын апам да жадырайды. Басы Нәзира әпкем болып балалар бір-бірімізді түртпектеп ойынға кірісеміз. Әсіресе, мұндайда апам көрші үйлердің біріне шаруасы боп шығып кетсе тіпті рақат. Онда көзіміз ұйқыға кеткенше біраз асыр салып қаламыз. Әжеміз үйде ойнағанымызға әсте ұрыспайды.

Бүгін де апам бір шаруасымен бригадирдің үйіне барып келмек боп шығып кеткен. Апам кетісімен-ақ мен дереу Нәзира әпкеме қыдыңдауымды бастадым. Ол үлкендігін істеп бағынғысы келмей қиқаңдамақ болған. Мен:

− Әже десе, мына Нәзира әпкем әлгінде кешкісін…- дей беріп едім, әпкемнің жаны шығып кете жаздады.

− Қанатжан, Қанатжан, мен сенің құлыңмын ғой,- деп аяқ жағыма кеп отыра кетті.

− Ендеше, ана бұрышқа бар да бір аяғыңды көтеріп, бір қолыңа кірпіш ұстап тұратын бол,- деп бұйырдым.

Амалы қанша, Нәзира әпкем айтқанымды еріксіз орындады. Ауыз үйдегі ошақтың алдында күйе-күйе бос кірпіш жататын, соны алып кеп, бір қолына көтеріп тұрды.

− Мен ұйықтағанша сөйтіп тұрасың,- дедім де өзім шешініп, ұйқыға кірістім.

Сөйтіп, Тоқтар мен Нәзира әпкемнің бұ дүниедегі қас дұшпаны мен едім. Мен дегенде екеуінің де төбе шаштары тік тұратын. Қолдарына түскен жақсы заттары болса маған сыйлайды. Бір рет кешкісін ойыннан қайтып келе жатқанымда қарсы алдымнан Тоқтар шықты.

− Қанат, мә, қызыл қарындаш керек пе? — деді.

Қуанып кеттім.

− Керек,- дедім. Шынында да бояу қарындаш. Кәдімгі, Мұқан ағайдың біздің дәптерімізге баға қойып жүрген бояу қарындашы сияқты.

− Менде неше түрлі бояу қарындаштар көп,- деп қойды Тоқтар.- Керек десең бәрін де саған әкеп берейін.

− Әкеп берші.

− Қанат, Нәзира әпкеңді шақырып жіберші, аздаған шаруам бар еді.

− Мақұл,- дедім мен.- Тек ертең тағы бояу қарындаш әкелетін бол.

− Мақұл,- деді ол да.

Мен үйге кірсем бір жақсысы апам жоқ екен, ұсақ балалар әжемнің баурына тығылып ертегі тыңдап жатыр да (бұл көктемде мен өзімді есейдім деп біліп, бұрынғыдай әжемнің баурына кіріп жатуды қойғам, тіпті өйтуге намыстанатынмын), ал Нәзира әпкем жемпір тоқып отыр. Мен оған бояулы қарындашты көрсетіп қулана күлдім.

− Жүр далаға,- дедім.

− Немене, сыртымнан мені бір қарындашқа сатып келгеннен саусың ба? — деді ол да күле сыбырлап.

− Ол маған ертең тағы да әкеп беретін болды,- дедім.

− Ақымақ,- деп Нәзира әпкем мені шекемнен ақырын нұқып қойды.

Өзі дереу киіне бастады.

− Әй, қайда барасыңдар? — деген әжем.

− Мен сақамды жоғалтып алдым есік алдында, соны іздейміз,- дедім мен табанда өтірікті қиыстырып.

− Ә-ә…

Сыртқа шыққан соң мен екеуіне де өктем сөйлеп, өзімнің басымдығымды білдірдім.

− Тек сүйісуші болмаңдар және көп тұрмаңдар. Мен өзім бақылап тұрам,- дедім.

Және солай істедім де. Төрт-бес қадамдай жерде екеуінен көз айырмай қарадым да тұрдым.

− Иә, не айтасың? — деді Нәзира әпкем.

− Жәй, әншейін сені көргім кеп кетті…

Мұнан әрі екеуі де үндеген жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы қарады да тұрды. Әлден соң Тоқтар әпкемнің қолынан ұстаған.

− Әй, әй, онша жақындаспаңдар! — дедім мен қатал ескертіп.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий