Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екеуі менің ескертпеме күліп қана қойды. Ауыл арасы тым-тырыс. Терезелерден өлеусірей жанған май шамдар жылтырайды. Бақа шұрылдады. Бір сәт Бүбітайдың зарлаған даусы естілді.

Қара көзім,

Жете алмадым,

Жер шалғай,

Жалғыз өзім…

Менің өне бойым қалтырап, зәрем ұшып кетті. Қап-қараңғы мынау түн, жынды әйел салған зарлы ән, үн-түнсіз тұрған Тоқтар мен Нәзира әпкем… Екеуі тас боп қатып қалған сияқты.

− Әй, неге үндемейсіңдер?! — дедім.

− Қанат, қорқып тұрсың ба? Кел, біздің қасымызға,- деді Нәзира әпкем.

Мен екеуінің қасына барып тұрдым. Кенет Нәзира әпкем мені бас салды да қатты қысып тұрып бетімнен сүйіп алды.

Көп ұзамай етектен тауға қарай көшкен мал ауылға кеп жағалай қонып, төл аяғы жетілгенше көктеуде отырған. Мәре-сәре шуға толы қызықты кез туды. Ала қыстай сыз қорада үстері сауыс-сауыс болған қора-қора қойлар мол, тегін көкке жетіп, өлі жабағыларын сілкіп, бауырларын жазып, емін-еркін тойына бастады. Ауыл-аймақ тегіс жапатармағай қой сауып, аузымыз аққа бір жарыған еді. Сүт пен айранды күндіз-түн ішем десең еркің. ор үйдің қазанында бұрқылдап ірімшік-құрт қайнап, ашқұрсақ қарын бір майланған.

Біз, балалар, ертеңді-кеш қозы қайырысып, шешелерімізге сауылатын қойларды қосақтасқаннан кейін-ақ зытып отырып ауылдың сыртындағы тас қораға тартамыз. Мұнда колхоздың құмнан көшіп келе жатқан жылқысы қамалады. Ауылдың еркек кіндік атаулысы сонда жиналып, тай-құнандарды күзейді, жылқыға колхоздың таңбасын күйдіріп басады, әскерге жіберілетін аттарды іріктейді, асаулар үйретіледі. Осқырына жер тарпыған айғырлардың төбелесі, ойнақ салып жарыса шапқан тай-құлындар, бұғалық салған кездегі аспанға шапшыған асаулар — жатсақ-тұрсақ тауыса алмайтын әңгімеміз. Және де бәріміздің аузымыздың суы құрып сөз ететініміз — Тоқтар. Кәдімгі, маған күнде бояу қарындаш берігі «Нәзира әпкеңді шақыршы» деп жалынып жүретін Тоқтар. Бұ күндерде өзі қолы тимейтін болу керек, біздің үйді жиі торуылдауын қойған. Үш күн, төрт күнде бір:

− Қанат, өзің білесің ғой, бүгін уәделі жерде жолығайық,- дейді қулана жымиып. Сол күні мен ымырт үйіріле әр түрлі сылтау айтып Нәзира әпкемді ертіп шығамын да, өзім көз жазбай бақылап қарап тұрып, екеуін бір шай қайнатымдай ғана сөйлестірем. Онан соң Нәзира әпкемді алдыма салып үйге алып кірем. Екеуі менің осы қызметіме де өлердей риза. Өйткені мен болмасам өйтіп те кездесе алмас еді ғой, апамның қатал мінезі белгілі, Нәзираның жалғыз өзін мүлде тырп еткізбес еді. Менімен бірге шығатын болған соң күдіктенбейтін болу керек, апам онша қадалып, тексеріп жатпайды.

− Көп жүрмей тез қайтыңдар,- дейді де қояды.

Сол Тоқтар әскерге жарайды деп іріктелген аттардан күнде бір асау үйретеді. Небір жүген-құрық тимеген құр асауларға тақымы тиді-ақ болды, жалына мысықша жабысады да тастай қатып айырылмайды. Мейлі аспанға шапшысын, мейлі мөңкісін бірақ одан жығылар Тоқтар жоқ. Қайта біраз тулатып-тулатып алғаннан кейін қос өкпеге тепкілеп, әрлі-берлі ойқастата көсілтіп шабады, қамшыны да басады аямай. Сөйтіп, біраз шапқаннан кейін ала өкпе болған асаудың үсті-басы ақ көбік тер болып, сайтаны бастыға бастайды. Ал кешкісін құр осқырынғаны болмаса таңертеңгідей аспанға шапшуға де, мөңкуге де шамасы келмей титықтап кеп, кермеде ауыздықты күтір-күтір шайнап, таң асуға қаңтарылады. Ертеңіне кез келген адам ерттеп мініп, жүре беруіне болады.

Күн сайынғы Тоқтардың асау үйретуі біз үшін дүниеде теңдесі жоқ қызық көрініс. Тоқтарды да, ол үйреткен асауларды да менсінбейтін бір-ақ адам бар, ол — колхоздың бригадирі Байдалы шал.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий