Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мұнан әрі не болғаны анық есімде жоқ, үйге жүгіріп қалай жеткенім, талып жатқан апамның үстіне қалай құлап түскенім, әйелдердің бетіме су бүріккені — бәрі еміс-еміс қана. Құлағымда тек азан-қазан жылап-сықтаған дауыстар, ауыл адамдарының өң мен түстей бет әлпеттері: бірінен кейін бірі дауыстап келіп жатыр, кейбіреулері құшақтап жылап менімен де көріседі, ондайда өне бойым ұйып, тұншыға бастаймын, бетіме біреулер тағы да су бүркеді… Түннің бір мезгілінде талықсып ұйықтап кетіппін. Таңертең оянып, басымды көтерсем: үй ішінде ауылдың кемпір-шал, қатын-қалаштары шай ішіп отыр екен. Дастарқан үстінде әр үйден келген: бауырсақ, туралған таба нан, қазан жаппа, ірімшік-құрт, сүтке шыланған талқан. Көзім әжеме түскен, бет-аузынан сау-тамтық жоқ, жосадай боп тырналған, көгеріп ісіп, көлкілдеп тұр, өзі жиі-жиі: «У-уһ!» — деп күрсініп қойып, шай ұрттайды. Дастарқан басынан апам көрінбеген, кейіннен байқадым, мен жатқан кереуеттің түбінде жерде шалқасынан жатыр, көзі жұмулы, тек кеберсіген ернін ғана жыбырлатады. Қасында оты рған әйелдердің:

− Басыңды көтеріп, ыстық шай ішші,- дегендеріне үндемейді. Маған ешкім көңіл аударған жоқ. Кереуеттен сырғып түстім де сыртқа шықтым.

Сәске кезі боп қалған екен. Күн күндегісіндей жаймашуақ маужырап тұр. Есік алдында екі-үш самауыр қойылыпты, жерошақ қазылып, қазан асылып жатыр. Көкемнің бәсіресі атап, көкем соғыстан аман-есен қайтқан күні соямыз деген, ала қыстай үй-ішіміз боп тегіс мәпелеп, басқа малдан ерек күтіп жемдеген, шөптің де тәуірін соның аузына ұстаған Көксеркенің терісі қораның іргесінде ілулі тұр. Әрине, қазанда асылып жатқан — сол Көксеркенің еті. Көрші-қолаң әйелдердің бірі шай демдеп, бірі қазанның көбігін алып жатыр, енді бір-екеуі қол диірменді орталарына алып, қаптың түбінде қалған соңғы бидайдан үн тартып отыр. Кәдімгі, ауылдағы қаралы қағаз келген қаралы үйдің қалыпты әрекет-тіршілігі. Мені сәл таңдандырған — отын бұтап жүрген адам болды. Әдетте мұндай шаруаны ең жақын туыс-туғаның атқаруы тиіс, ал біздің үйдің отынын Тоқтар жарып жүр. Ол бізге ешқандай да жақын туыс-туған емес қой деп таңданам. Нәзира әпкемді іздестіргем, анадай жерде иінағашпен бұлақтан су әкеле жатыр екен. Өңі сынық, тұнжыраңқы, ешкімге көз салмастан, бос тұрған самаурынның біріне әкелген суының бір шелегін құйып, от тұтатты.

Мен үйдің бұрышында күн шуақта екі тіземді құшақтаған күйі ұзақ отырдым. Үйдің ішінен жылаған дауыс шыққанда селк ете түскем, әжем екен жоқтау айта бастаған. Зарлы қоңыр даусы өне бойымды дірілдетіп жіберді.

Құлыным кетті-ау, бел асып,

Беліне белбеу жарасып.

Жарасқаны құрысын-ай,

Қапыда қалдым адасып…

А-ай…

деген кезде, көз алдыма беліне белбеу буынған көкем келді, со күйі түсі суық, артынан жылап-сықтаған бізге еш қайрылмастан, адымдай басып бел асып кете барады; дәл бір отынға баратын адамша жайбарақат адымдайды, бірақ енді бізге еш уақыт қайтып оралмайтындай боп кетіп барады; өзі жападан-жалғыз… «Қайда барасың, көке-ау, бізді тастап? Қайда кеттің?».. Ып-ыстық жас көзіме құйыла берді. Көз жасының ып-ыстық болатынын мен сонда бірінші рет сездім. Дауыстап жылап жібере жаздап, өзімді-өзім зорға тежеп тістеніп, бетімді екі тіземе бастым. Әлден уақытта біреу басымнан сипады, қарасам Тоқтар екен. Оның да көзі жасқа толып, иегі дір-дір етіп, тістеніп қасымда отыр екен. Оған қарай еңкейе беріп, баурына бетімді басқан күйде еңіреп жылап жібердім.

− Қанат… Қанат…

Ол басымнан, арқамнан сипап жұбатқысы келеді, мен онан сайын өкси түсем. Біраз жылаған соң ішіме толған ащы өксік түгел сыртқа шығып, көкірегім босағандай болды. Жылауымды қойып, басымды көтердім. Іштегі жоқтау айтқан әжемнің даусы да басылыпты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий