Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Ал, кәне, асықтарыңды қайтып берем,- деді ол ойына бірдеңе түскендей көзі жылт-жылт етіп күлімсіреп. Сөйтті де қалтасынан бір асықты шығарып:

− Мынау кімдікі? — деп сұрады.

− Менікі,- деді асық иесі Сәмет.

− Сенікі ме…- Әжібек қақырынып ап, асыққа түкірді де: — Мә асығың,- деп Сәметке қайтып берді.

Анау асығын алмастан көзі жасаурап теріс айналған. Әжібек оны бір қолымен шап беріп желкесінен ұстай алды да, енді кеңсірігіндегі бар қақырығын жинап алып, асыққа тағы жақты.

− Мә, ұста асығыңды, әйтпесе көкеңді танытам,- деді кіжініп. Анау бұл жолы да алмаған. Әжібек енді асықты қақырық-түкірігімен оның қалтасына салды да өзін бүйірлете теуіп кеп жіберді. Сәмет анадай жерге топыраққа бұрқ ете түсті де, бақырып жылап үйіне кетті.

− Бар кет! Маған десең құдайыңа бар шағынып. О несі-ей, менің қақырығымнан жиіркенгені. Осыдан балалардың маңына жолап көрші!.. Ешқайсың жолатушы болмаңдар. Онымен ойнағаның менен жақсылық күтпеңдер! — деді ескертіп.

− Мынау кімнің асығы? — деді Әжібек енді екінші асықты шығарып.

− Менікі,- деді шашын ұстарамен бүгін ғана алғызған Бәтен деген бала.

− Әй, сенің тақырайған маңдайың жақсы екен, кәне, бері кел,- деп қасына шақырды да, Бәтеннің маңдайына дың-дың еткізіп екі шертіп, асығын қайырып берді. Біз күлкіге баттық, ал Бәтен көзі жасаурап, маңдайын сипалай берді, бірақ жылаған жоқ.

Осылайша біріміздің асығымызға түкіріп, бірімізден шертпек алып, бір-екі баланы май құйрықтан теуіп, онан қалған асықтарды құлаштап тұрып лақтырып жіберді де:

− Барыңдар, тауып алыңдар! — деп қарқылдай күлді. Сөйтіп, қалғандарымыз оның тәлкегінен оңай құтылдық.

Онан соң Әжібек алым-жұлым жейдесін шешіп тастап көк шөпке етбетінен жатты да:

− Әй, жетпегірлер, кәне, келіңдер, бойымның құрысып тұрғаны, кішкене жыбыр-жыбыр жасап жіберіңдерші! — деп бұйырды.

«Жыбыр-жыбыр» — Әжібектің біраздан бері ойлап тапқаны. Өзі қышыма қотыр, сол қышыған кезде қолды-аяққа тұрмай безілдейді-ау, қолмен қасуға әйенкестенеді де жұмсақ шөппен жыбырлатады. Өзі жыбырлатқанға айызы қанбай, бүкіл өне-бойын бізге жыбырлаттырады. «Жыбыр-жыбыр» осыдан кеп шыққан.

Қазір де біз жапа-тармағай кеп, біреуіміз табанын, біреуіміз алақанын, біреуіміз жотасын, желкесін, құлағының түптерін жұмсақ шөппен жыбырлатып сипап, қытықтауға кірістік.

Әжібек көшенің шетіндегі көк шөптің үстінде қап-қара боп тыриып рақатқа батып, маужырап жатыр. Сыриған күс-күс қол-аяғын соза түседі. Белінде, екі қолының қары мен білегінде,- екі балтырында қотыры бар, соларын шөппен жыбырлатқан кезде жаны кіріп, аузынан сілекейі шұбырып кетеді. Сәлден соң шалқасынан аударылады, енді көкпеңбек боп қабысқан қарнын жыбырлатамыз.

− Тағы да, тағы да… Кішкене жоғарырақ… сәл төмендеу…- деп есі кетеді. Біз онан сайын жанымыз қалмай бар өнерімізді салып-ақ жыбырлатамыз. Жыбырлататын шөпті де таңдай білу керек: аса жұмсақ болса қышындырмайды, ал сәл қатаңдау болса тікенше қадалуы мүмкін. Ондайда Әжібек жыбыр-жыбырды дұрыс жасай алмаған баланы не теуіп қалады, не жұдырықпен салып жібереді. Егер біреуімізге риза болса:

− Маладес, маладес…- деп мақтап қояды.

Шіркін, Әжібектің мақтауын естігеннен артық бақыт бар ма екен десеңші! Мақтау естіген бала оның ең жақын етенесіне айналып, басқалардан сүйем қарыс биіктеп кетуші еді. Ол күні ондай баланың десі жүріп, әрқайсымызға орынды-орынсыз қожаңдап тиісе беретін. Арқа сүйері Әжібектің өзі болған соң кімнен қорықсын.

Бүгін до сөйтіп әркім өз өнерін салып Әжібекті жыбыр-жыбыр жасадық. Қабысқан қарындағы қатпар-қатпар қышымаға шөп тигенде Әжібектің мүлде есі кетті. Сілекейі шұбырған үстіне шұбырып, тілі салбырап, бет-аузы қисаңдады да жатты. Бүкіл өне-бойы қалақай шаққандай қып-қызыл боп бөрте бастаған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий