Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Әй қарағам, осы қаршадай балалардың миын ашытпасаңдаршы. Оқымаса да бір нанын тауып жер, тек дендері сау болсын де,- деген.

Әжемнің бұл сөзіне Зоя шарт кетті.

− Әже, сіздің балаңызда жұмысым жоқ, ал оқудан қашқаны үшін анау інімнің жанын шығарам қазір,- деп қаһарланып қораның аузына қарай жүрді.- Петька, кәне, шық бері! -деді ақырып,- Егер өзің шықпасаң, қолымда, міне, таяқ бар, сабап шығарам.

Үрейі ұшқан Петька:

− Мен өзім шығам, тек сен сабамашы,- деген жыламсырай шырылдап. Осы кезде әжемнің:

− Әй, Зоя, орыс болсаң қайтейін! Әй, менің көзімше сол балаға қолыңды тигізіп көрші осыдан,- деп, оған қарай тап бермесі бар ма.

− Жо, сабамаймын, әже, жай қорқытқаным ғой,- деді сасып қалған Зоя сыбырлай сөйлеп. Бірақ айтқандары бізге анық естілді.

− Қорқытпа да! Оқуың бар болғыр, онысы несі-ей, баланың зәресін алып! — деді әжем онан әрмен қатулана сөйлеп.

Зоя да қайсар қыз ғой, ә дегенде сасып қалғанмен, өз дегенінен қайта қоймады.

− Оқу керек, әже. Оқымай қалса бұлар адам болмайды,- деген.

− Оқымаған жұрт адам болмайды екен ғой сонда.

− Адам болады, әрине, бірақ нашар адам болады.

− Әдірем қал! Әдірем қалғыр! Оқымаған ата-бабам нашар болған екен ғой сонда!

Мұнан әрі әжеммен сөз таластырғысы келмеген Зоя:

− Әже, мен сізді айтпаймын, мен өз інімді айтам,- деді жалтара сөйлеп.

− Е, онан да сөйлемейсің бе жөніңмен.

− Петька! — деді енді шындап ашуына мінген Зоя шаңқылдап.- Шығасың ба, жоқ па?

− Сен тиіспесең, шығам,- деді Петька сәл жыламсыраған үнмен.

− Жарайды, егер өзің шығып, алдыма түсіп жүрсең, тиіспеймін.

− Жоқ, тиісесің.

− Тиіспеймін! Міне, таяғымды әжеге бердім.

Ала көлеңке қораның ішінен үшеуміз саңылау тесіктерден сыртқа сығалай қарағанбыз, айтқанындай-ақ Зоя қолындағы таяғын әжеме берді.

− Жә, тимейді енді, шығыңдар! — деді әжем де.

Петька Отто екеумізге кезек қарап:

− Жүріңдер, сендер де шығыңдаршы,- деді қиыла өтініп. Әрине, жалғыз шығуға қорқып тұр.

− Жүр, бірге шығайық, не көрсек те бірге көрейік,- деп, Отто екеуміз де есікке беттедік. Алдымен мен, менен кейін Петька, ең соңымыз Отто болып қорқақтай басып сыртқа шыққанбыз.

Зоя көк көзі тұздай боп шақырайып, бізге жеп қоярдай ызалана қарайды. Әттең, әжемнен батпай тұр да, әйтпесе оңашалау қолына түссек, үшеумізді де желкемізден алып бүріп жіберер еді.

− Алдыға түс те, сабағыңа жүр! — деді інісіне келте бұйырып. Петька жаутаңдап бізге қараған, Зояның алдына түсіп жалғыз кетуге бізді қимай тұр. Соны сезген Зоя енді Отто екеумізге де:

− Сендер де жүріңдер, оқудан шаршаған түрлеріңді көріп тұрғам жоқ,- деді.

− Әй, бұл екеуіндегі жұмысың не?! — деген әжем Отто екеумізге ара түсіп.

− Босқа тентіреп жүретін түк те жоқ, сабақтарын оқысын,- деді Зоя енді әжемнің ара түскеніне де илікпеген түрмен, онан соң мені нұқып тұрып: — Егер осыдан мына бала оқымай қалса, ертең Нәзира келгенде сізді емес, мені сөгеді ғой,- деді.

Зоя Нәзира әпкемнің атын атаған соң-ақ, әжем тосылып қалды.

− Қарғам… қарғам… қайтып қана жүр екен жаудырап,- деп, даусы бұзылып, теріс айналып кетті.

Енді әпкесінің алдында жаутаң-жаутаң етіп тұрған Петька да бізге қарап:

− Жүрсеңдерші,- деді. Жалғыз кетсем мына Зоя жолда оңдырмайды ғой дейтін сияқты. Амал жоқ, жолдасыңды жалғыз жіберуге қимайды екенсің. Отто екеуміз де боқшаларымызды алып, үшеуміз Зояның алдына түсіп мектепке қарай жүрдік. Әжемнің қолындағы көк таяғын қайтып алған Зоя соңымыздан ентелеп келе жатқан, былай шыққан соң:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий