Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әне, Байдалы шалдың қорасының төбесінде мол шөп бар. Көк жауқазын шөп алты ай қыс үстемелене түспесе, еш азайған емес. Бес күнде бір Махмұд жоңышқалы шөптен ғана қанатты кең шанаға таудай ғып ыңқита тиеп әкеп түсіріп тұрады. Шіркін, Байдалы шалдың ай мүйіз қызыл сиыры бақытты сиыр ғой! Күндіз-түні сол көк жауқазын шөпке тұмсығын тығып қойып күрт-күрт күйіс қайтарып тұрғаны. Әнеу бір күні біздің үйдің тұсынан өтіп бара жатып Махмұд шірей тиелген көк жауқазын шөпке қызыға қарап тұрған маған күлімсірей көзін қысып, бір ашадайын сырғытып түсіріп кетті. Сырт көзге шөп өзі сырғып түскендей көрінді.

− Тұржан көрмесін, тез кіргізіп ал,- деді.

Сол бір аша шөпті қоңыр сиырдың қомағайлана жегені-ай! Дәл бір әлгі шөпті алдынан біреу жинап әкететіндей көзі шарасынан шыға аларып, пыс-пыс етіп шайнамай жұтты-ау! Кеше Петька пошташы Мақым шалдан сұрап алдым деп бір құшақ шөп әкелген. Сабанға араластырып беріп едік, қоңыр сиыр күні бойы соны қаужақтады. Бүгін мынау бір құшақтай шөпті Отто тауып әкелген, көшеде шашылып қалған екен, сыпырып жинап алдым,- дейді. Кеше кешкілік көрші колхоздағы етікші Жақыпбай шал келіп жүрген, сірә, соның шанасынан түскен болу керек деп түйдік. Қоңыр сиырдың қазір ашқарақтана жеп тұрғаны сол шөп.

Бұл шөп қоңыр сиырға бүгінше ғана талшық, ал ертең не жейді? Ертеңгі шөпті қайдан аламыз? Петька, Отто үшеуміздің басымызды қатырып тұрған осы жай. Алыстығына, жолдың ауырлығына қарамастан Қоғалы бұлаққа барып өзіміздің шөпті-ақ тартып әкелуге болар еді, бірақ, әнеугүнгі Тұржанның жауыздығынан кейін жүрегіміз шайлығып қапты. Ол тұрғанда біздің үйге күндіз бір уыс шөп әкелу мүмкін емес екеніне көзіміз жеткен. Қайдан тапсақ та Тұржанға көрсетпей кештетіп әкелуіміз керек. Қайдан табамыз? Қайдан әкелуге болады? Ойлана тұрып бір-бірімізге қараймыз. Соқталдай-соқталдай үшеуміз бірігіп, бір сиырға шөп тауып бере алмағанымыз ба?!

− Зоя келе жатыр! — деді кенет көше жаққа қарап тұрған Петька зәре-құты ұшып. Өзі еңкейе қап, зып етіп аузы ашық тұрған қораға кіріп кетті, оның соңынан Отто екеуміз де еңкеңдей бұғып, қораның ішіне зып-зып бердік.

Зоя — Петьканың әпкесі, бізден төрт-бес жас үлкен. Мамасына тартқан бойшаң, қысы-жазы жұмыста жүріп қол-аяғы балғадай боп алған, еркек тұрпатты ірі қыз. Бұрын көк көзі күлімдеп, ақ сары өңі нұрланып сұлу көрінуші еді, соңғы кезде қарайып, тотыққаннан кейін бе, мұрны добалдай боп үлкейіп, бет-әлпеті қатпарланып, жібектей көрінетін ақ сары шашы да, қасы да, кірпігі де өңіне онша жараспай тұратын сияқты. Бәлкім, басқаларға ол қазір де сұлу көрінетін шығар, бірақ Петьканың жолдастары бізге ұнамайтын болып жүр. Өйткені Петьканың аяғын қия бастырмайды, көшеде көбірек ойнаса да, киімінің бір жерін жыртып алса да, аяқ киімін суласа да, сабаққа бармай қалса да мамасы емес, оны осы әпкесі Зоя құлағынан бұрап шырылдатып-ақ жатқаны. Сондықтан да ол соңғы кезде бізге сүйкімсіз қыз боп көрінетін. Қазір де, міне, қолына оқтаудың жуандығындай көк таяқ алып, біздің үйге қарай ентелей басып келеді. Қатулы екені жүрісінен де, алақ-жұлақ етіп жан-жаққа қарағанынан да білінеді. Үйге кіріп-шығып жүрген әжемнің қасына кеп «амансыз ба» деп дүңк ете түсті де:

− Әлгі үш қу кешеден бері сабаққа бармапты ғой,- деді зілденіп. Және «үш қу» дегенді ерекше мәнерлеп, ызамен созып айтты. «Қу» деген дүниедегі ең ұнатпайтын сөзім еді. «Залым», «екі жүзді», «жауыз» тағы басқа осындай небір адамды ластайтын жаман сөздердің бәрі осы бір сезге сыйып жататын сияқты көрінетін. Сондықтан осы сөзді естігенде, Зояға деген ызадан өне бойым дірілдеп кетті.

− Оқудан шаршадық деген соң, дем алыңдар деген мен едім,- деді әжем түк болмағандай жайбарақат үнмен бізге ара түсе сөйлеп.

− Шаршағандары қалай, әже-ау, олардың көктемгі демалыстары әлі басталған жоқ қой,-деп, Зоя әжеме оқу жылының тәртібін түсіндіре бастаған. Бірақ әжем оның айтқандарының бірін де түсінген жоқ және түсінгісі де келмеді білем:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий