Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дастарқан әзірленіп ет желінді, онан кейін шай жасалды. Әжем кірпіш шайын қап-қара ғып демдеп шығарып шоққа қойып, қаймақ қатып қоңыр күрең ғып құйған кезде, бүкіл үйдің ішін шайдың хош иісі алып кетті. Кішкентай балаларға дейін танаулары делбіреп қалған.

− Паһ, паһ… Мұндай шайды ішпегелі қай заман. Нағыз үнді шайы ғой. Қайдан келген?

− Нәзира әкелді. Мытыста біреуден сатып апты.

Үлкендер шайдың дәмін ала түскілері келгендей асықпай сораптай ұрттайды да, «У-һа-а»… деп ұзақ тамсанады. Жарты кесе ып-ыстық шайды сөйтіп отырып әне-міне дегенше төңкеріп салады. Сәлден кейін-ақ маңдайлары жіпсіп, рақат бір күйге еніп, балбырай бастады. Өмірлерінде басқа бірде-бір асты дәл осылай өне бойлары балқып отырып ішпейтін шығар. Орамалмен маңдай терлерін сәнмен ғана сүртіп қояды.

− Түу, жарықтық-ай, буын-буыныма түсті ғой,- дейді Нүсіп шалдың кемпірі.

− Іш, жаңалап демдеп қойдым,- дейді әжем.

Нәзира әпкем мен Шынар екеуі бір-екі шыны-аяқтан ішкеннен кейін-ақ ыдыстарын төңкеріп, тұрып кеткен. Екеуі кәннің үстінде күбір-күбір әңгімелері таусылар емес.

Бір кезде шай да ішіліп болды-ау. Дастарқан жиылып, аз-кем тоқ басқаннан кейін Көбеген көтеріле отырып, Нүсіп шалдың: «Ал бір қиссаңды «әу» деп жібер!» — деген тілегі бойынша, тамағын кенеп, біраз жөткірініп алды да, «Бозінген» деген жырды бастады. Мен бұрын балалардан естігенім болмаса Көбегеннің жырын бірінші тыңдауым еді, даусының сәл жарықшағы бар, шырылдаған зарлы екен, «а» дегеннен төбе құйқамды шымырлата жөнелді. Бозінгеннің шудасы желкілдеп керуенге қосылғанынан бастап-ақ қайғылы бір сарын білінген, содан інгеннің ботасынан айрылып зар илеп боздаған тұстарына келгенде, басы әжем боп көзімізден жас сорғалап берді. Қаншама тістеніп, намысқа тыртысып жыламауға тырысқанмен, тамаққа тығылған ащы өксік жүйке-жүйкені сыздатып, ып-ыстық жас көзге құйыла береді.

Ботасынан айырылған мендей сорлы бар ма екен…

Неге жоқ?.. Бар ғой, бар. Міне, менің әжем де дәл сондай ғой, ботасынан айырылған боз інгендей боздап қалды емес пе? Біз де солай сорлап қалған сорлы жетімектерміз ғой. Біз әкемізден-шешемізден айырылдық қой!

Көл-көсір аққан көздің жасы. Ыстық жас. Қорс-қорс етеміз. Әжем айтпақшы: «Уһ, дүние, жалған-ай!..» Енді қайтып еш уақытта, еш уақытта әкемізді, шешемізді көрер күн жоқ қой!.. Қайран әке!.. Қайран шеше!.. Көке! Көке!.. Апа! Апа!.. Сендерден айырған сұм тағдыр неткен опасыз еді! Неге ғана бізді тастап кеттіңдер?! Зар илетіп, зар еңіретіп қалай қиып кеттіңдер?! Зәбір көріп, жапа шегіп, зар еңіреп жүрсін дегендерің бе?І Неге? Неге, бізді тастап кеттіңдер?!

Бозінгеннің бір жақсысы ең соңында ботасын тауып, бақытқа кенеледі екен. Біз тыңдаушылар соған риза болдық. Бозінгенге қосылып біз де қуанышқа кенеліп, көл-көсір аққан көз жасымыздың төлеуі қайтқандай, шерменде көңіліміз жеңілейіп, жадырап қалдық. Өксік-солығымызды баса отырып, Көбегенге сонша риза көңілмен, алғысты көңілмен елжірей қараймыз.

− Өркенің өссін, қарағым! — деді әжем.

Сонан біразға дейін үйдің іші тым-тырыс боп, әлгіндегі ғажап жырды бойымызға сіңіргендей күйде отырғанбыз. Үнсіздікті Нүсіп шал бұзды. Өзінің бала-шаға, кемпірлерге қосылып жыламағанын білдіру үшін, көпе-көрінеу көңілді дауыспен:

− Апыр-ай, Көбеген қарағым-ай, неше күн болды тыңдап келем, әр кеш сайын мен естімеген бір жаңа қисса айтасың. Осының бәрін кімнен және қашан үйренгенсің? — деді таңырқап.

− Бала кезімде, осы ауылда үйрендім ғой,- деді Көбеген маңдайының терін сүрте отырып.-Қанапия, Сәдіғұл марқұмдардан үйренгем, біразын кітаптан өзім жаттап алдым.

− Иә-ә, Қанапия, Сәдіғұлдар жез таңдай жыршылар еді ғой!

− Баяғыда Күреңбелде күзекте отырғанымызда,- деп әжем киіп кетті сөзге,- біздің үйге Сәдіғұл келіп екі күн, екі түн өлең айтқаны есімде. Сонда даусы бір қарлықпады-ау, шіркіннің!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий