Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Севильяда бір делқұлы болды, көңіл аударуға да татымайтын нәрседен және адамның есінен екі елі шықпай бәңгі қылатын жабысқақ ойдан ауыш боп кеткен-ді. Анығырақ айтқанда былай: қамыстан ұшы сүйір түтік жасап алған ол көшеден бе әлде басқа жерден бе бір итті ұстап алып, артқы аяғының бірін табанына салып басып тұрып, екінші аяғын жоғары тартады екен, сосын әлгі түтігін иттің денесіндегі белгілі бір жерге битін салып бойлатып, қашан доп сияқты боп домаланғанынша үреді екен келіп; бейшара мақұлықты осындай халге жеткізгеннен кейін әлгі делқұлы оны ішінен бірер мәрте қағып-қағып жіберіп, босатып қоя береді екен; одан соң осынау әрекетінің барысында қашан да қасына топырлай қалатын ашықауыздарға қарап: “Иттің ішіне жел толтыру оңай шаруа ма — бұған не дейсіздер, мейірбан мырзалар?” дейді екен. — Ал, сіз не дейсіз бұған, мейірбан мырзам: кітап жазу деген оңай шаруа ма?

Әгәрәки, оқырман достым, бұл шағын хикая автордың көңіліне ұнай қоймаса, онда оған басқа біреуін айтып бер, бұл да жынды мен ит жайындағы нәрсе.

Кордовада мәрмәр тақтаның сынығын жә болмаса салмағы әжептәуір болатын тас кесекті төбесіне қойып жүруді әдет қылған тағы бір делқұлы болды; әлденені тіміскілеуге ден қойып кеткен бейқам итті көрген ол оған білдірмей жақындап келеді екен де, басындағы жүгін бар күшімен үстіне тастап кеп жібереді екен, ал жәбір көрген ит бажылдай қыңсылап көшеден-көшеге өтіп қашып береді екен. Сөйтіп жүріп бір жолы төбесіндегі тасын бөрікшінің жанындай жақсы көретін итіне тастапты. Тас иттің басына тиіп, соққы жеген мақұлық жан дауысы шығып қыңсылапты; мұны өз көзімен көріп, өз құлағымен естіген қожайыны дереу аршын таяғын ала сап есуасқа тұра ұмтылыпты да, сілікпесін шығарып сабап тастапты, оған қоса ұрған сайын: “Сұрқия! Тазымды таспен соқтың, ә? Менің итім — тазы ғой, нағылет-ау!” дегенді қайталап айтып тұрыпты. Сөйтіп, тазы деген сөзді жиырма шақты рет қайталап, делқұлының түте-түтесін шығарғаннан кейін, ақыры оны босатып қоя беріпті. Есте қаларлықтай сабақ алған делқұлы дереу қарасын батырып, бір айдан астам уақыт көпшілік орындардан бой көрсетпепті, әйткенмен одан соң тағы да сол баяғы әулекі ойдың жетегімен және бұрынғыдан да ауырлау жүкпен қайтып оралыпты. Сөйтіп, ол итке жақындап келетін көрінеді, оқталып тұратын көрінеді, бірақ тәуекел ете алмай, тасты лақтыруға батылы жетпей: “Бұл тазы ғой, тимей-ақ қоялық!” дейтін көрінеді. Өзіне кездескен қандай ит болмасын, төбет пе әлде қанден бе, бәрібір, “бұл тазы ғой” дейді екен, сөйтіп тасты лақтырудан бой тартады екен. Осыған ұқсас әлденендей бір жағдай біздің жазғышымыздың да басына тап болар, сөйтіп ой-қиялының тастай қатты жемісін қағаз бетіне қондырудан тайсалар деген ой келеді, өйткені шандыр кітапты шайнаңдауға кім құштар дейсің!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий