Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Осы араға өзі сұранып тұр деп қоймаған, айтпасаңыз ішіңіз ауыратындай көрінген хикаяңыз осы ма еді, сеньор шаштараз? — деп сұрады Дон Кихот. — Әй, сақал алғыш сеньор-ай, сақал алғыш сеньор-ай! Кейде адамдар қандай қолайсыз жағдайда қалады десеңізші! Апырай, тілеуіңіз болғыр-ай, бір ақыл-парасатты екіншісімен, бір жүректілікті басқасымен, бір әдемілікті өзге әсемділікпен және бір текті әулетті өңгесімен салыстыру қашан да жағымсыз әсер қалдырып, реніш тудыратынын осы күнге шейін білмейтін болғаныңыз-ау? Мен, шаштараз мырза, Нептун да емеспін, су құдайы да емеспін, оған қоса білімсіз болғандықтан өзімді білгір ретінде көрсетуге де тырыспаймын. Діттеп жүрген жалғыз ғана мақсатым: кезбе рыцарьлар ұрыс алаңында ат ойнатып жүрген сол бір ғаламат дәуренді қайтадан қалпына келтірмеуі салдарынан қандай үлкен қателікке ұрынып жүргенін жұртшылыққа ұғындыру боп табылады. Алайда кезбе рыцарьлар корольдікті қорғауды, пәк қыздарды қоруды, жетімдер мен жас балаларға қамқорлық жасауды, тәкаппарларды тәубасына келтіріп, момындарды марапаттауды өз міндетіне алып, парыз санаған замандағыдай жанға рақат таптырған зор бақытқа ие болуға және одан жан рақатын табуға әбден азғындап біткен біздің заманымыз әсте лайық емес. Бүгінде рыцарьлық жолға түспекке тырмысып жүргендердің көбі сауытты сыңғырлатудан гөрі жібекті, қамқаны, басқа да қымбат матаны сусылдатқанды хош көреді. Күн райының қандай болғанына қарамастан, бес қаруы сай күйінде ашық аспан астында түнеуге ықыласты бірде-бір рыцарь жоқ қазір, сондай-ақ кезбе рыцарьларға ұқсап ат үстінде отырып, найзаға сүйенген қалпы шала-шарпы көз шырымын алатындар да табылмайды. Орман арасынан шығып, одан соң тауға өрлеп, одан кейін қашан да буырқанып-бұрсанып жататын теңіздің құлазыған қу медиен жағалауына түсіп, ол жерден толқын жағаға шығарып тастаған, ескегі де, желкені де, діңгегі де, басқа жабдықтары да жоқ қиюы қашқан қайықты көріп, еш қаймықпастан соған отыра кетіп, түпсіз терең теңіздің тажалдай толқындарының ырқына берілген ең болмаса бір рыцарьды тауып бере алар ма екенсіздер? Ал, толқындар оны біресе аспанға әуелетеді, біресе құрдымға құлатады, рыцарь болса дүлей дауылға көкірегін қасқая тосып тұрады; одан соң, әне-міне дегенше болмай, өзі аттанған жерден үш мың мильден астам жырақтан бір-ақ шығады; міне, сөйтіп мүлдем бейтаныс, жат жерге қадам басады және тап осы арада ол пергаментте ғана емес, мыс тақтайшада да жазып қалдыруға лайықты жайларды бастан кешеді. Шынтуайтына келсек, бүгінгі күні жігерліліктен гөрі жалқаулық, еңбекқорлықтан гөрі қызық қуумен уақыт өткізушілік, жақсы әдеттен гөрі жаман әдет, ержүректіктен гөрі есерлік, сондай-ақ алтын ғасырда және кезбе рыцарьлар заманында басы бүтін үстемдік құрып, кеңінен өркен жайған әскери өнерден гөрі көбік сөзбен көсемсу құрметке көбірек ие боп тұр ғой. Ал, айта қойыңыздаршы, атақты Амадис Галльскийден асқан сертіне берік әрі өжет жан бар ма? Пальмерин Английскийден асқан ақылды кім? Ақ Тиранттан артық көнбіс те жайдары табыла ма? Лизуарт Греческийден өткен сыпайы бар ма? Дон Бельянистен басқа кім көп соққы жеп, соққы дарытып еді? Перион Галльскийден артық жаужүрек, Фелисмарт Гирканскийден артық көп теперіш көрген, Эспландианнан артық турашыл кім бар? Дон Сиронхил Фракийскийден асқан батыл кім? Родомонттан артық ержүрек қайда? Собрин патшадан өткен сақ та көреген біреу бар ма? Ринальдтан өткен тәуекелшіл кім? Роланд секілді жеңіліс білмейтін батыр кәне? Ақыр соңында, Турпин өзінің Космографиясында Феррарский герцогтарының арғы атасы боп табылатынын атап көрсеткен Руджерден асқан ізетті әрі әдепті кім? Осылардың бәрі, сондай-ақ өзім атын атап бере алатын басқа да көптеген рыцарь, сеньор священник, рыцарьлықтың көркі мен мақтанышына айналған кезбе рыцарьлар еді. Міне, менің меңзеп отырғаным да тап солар секілді және соларға ұқсас рыцарьлар болатын: олар ұлы мәртебелі ағзамға бар ықылас-пейілімен адал қызмет етер еді, оған қоса, қыруар қаражат шығынынан құтқарар еді, ал сұлтанның жүрегі тас төбесіне шығар еді. Ал маған, капеллан өзімен бірге ала кетпейтіндіктен, шамасы, үйде отыруға тура келетін шығар. Шаштараз бізге жеткізгендей, Юпитер жаңбыр жаудырмайтын болса, онда көңілім қалаған кезде өзім-ақ жаудыра берем. Тұспалын бек жақсы түсінгенімді Сақал-алатын-леген мырза біліп жүрсін деп мұны әдейі айтып отырмын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий