Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес
-
Название:Дон Кихот ІІ
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:361
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.
Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги
“Жанның шырағы” — доминикандық монах Фелипе де Менесестің “Христиандық жанның шырағы соқыр сенімге қарсы” аталатын трактаты. Алғашқы басылымы 1556 ж. жарық көрді.
... Мартин күнінде шошқа қайтсе де бауыздалмай қалмайды. — Испан деревняларында Мартин күнінде (11-ші қараша) шошқа сою дәстүрі болған.
L X І І І т а р а у
Монжуик — Барселона іргесіндегі биік шоқыда орналасқан қамал.
Ана Фелис. — “Фелис” — “бақытты” деген мағына береді.
L X І Ү т а р а у
Левант — Пиреней түбегінің шығыс бөлігінің атауы.
L X Ү т а р а у
Бернардино де Веласко — кастильдік жаяу әскердің айрықша қаталдығымен танылған бас комиссары. Морискілерді көшіру ісін қадағалау соған жүктелген болатын.
Аргустың көзі (м и ф.). — А р г у с — жүз көзі бар дәу. Өзі сиырға айналдырып жіберген Ионы, — Юпитердің сүйіктісін, — күзетуді Юнона соған тапсырған болатын.
L X Ү І І т а р а у
Боскан қариямыздың Неморосо атанғаны секілді. — Н е м о р о с о — “орман тұрғыны” деген мағына береді. Гарсиласо де ла Веганың Салисьо және Неморосо есімді бақташылар бейнесі көрініс беретін бірінші және екінші эклогаларына емеурін. Сервантестің тұсында Неморосо есімімен ақын Хуан Боскан (1542 ж. қайтыс болған) бейнеленген делінетін. Қазіргі заманғы зерттеушілердің ізденістері Неморосо есімімен Гарсиласо де ла Веганың өз бейнесі жасалғанын көрсетіп отыр.
L X І Х т а р а у
Артық қып фракиялықтан бағзыдағы... (м и ф.) — Орфей.
Радамант және Минос (м и ф.) — Жер асты патшалығының қазылары.
Тәкаппар Немврод. — Таураттық аңызға сәйкес, Вавилон патшалығының негізін қалаған Немврод аспанға жету үшін аса биік мұнара тұрғызған көрінеді, бірақ оспадарсыз ниеті үшін оған жаза тартқызбақ болған құдай мұнараны қиратып, құрылысын жүргізген адамдардың тілін сапырылыстырып жіберіпті.
L X Х т а р а у
Өкпе-назға мәрмәр тастай селт етпейтін... — Гарсиласо де ла Вега эклогынан алынған жол.
...туғаннан өлгенге дейінгі ғұмыр жолы тым келте боп шықпақ. — Жалған “Дон Кихотты” замандастары мүлдем ұнатқан жоқ, ол ХҮІІ ғ. ұзына бойында және ХҮІІІ ғ. алғашқы жартысында бірде-бір рет қайта басылған емес.
L X Х І т а р а у
Аполлон күймесінің доңғалақтары (м и ф.) — Ежелгі аңызда Күн құдайы Аполлон күймесіне отырып алып аспанды аралап жүреді, жерге жарық сеуіп, жылу береді, делінеді.
L X Х І І І т а р а у
Мингодан да сәнді киініпті... — Минго Ревульгоның “Минго Ревульго шумақтарында” сипатталған киіміне ишарат (“Дон Кихоттың” екінші бөлімінің прологына берілген түсініктемені қараңыз).
Бақташы бала, тоқтай қал!... — халық әнінен алынған жолдар.
L X Х І Ү т а р а у
Саннадзаро эклогынан да артық... — Джакомо Саннадзаро — итальян ақыны (1456-1530), Европада пасторальдық жанрдың дамуына айрықша ықпал еткен пасторальдық “Аркадия” романының авторы. Романның прозалық мәтіні өлеңмен жазылған эклогтармен кезектесіп отырады.
...гректің жеті қаласының Гомер үшін айтыс-тартысқа түскені секілді... — Өзін Гомердің отаны санаған “жеті қала” жайында антикалық дәуірден жеткен екі жол өлең бар; алайда оның отаны қай жер екені жөнінде нақты мәлімет жоқ.
...тордесильястық алдамшы жазғыш... — яғни жалған “Дон Кихоттың” авторы.
...оны Ескі Кастилияға алып бармауын... — “Дон Кихоттың” жалған бөлімінде Дон Кихоттың Ескі Кастилияда бастан кешкендері жайында әңгімелеп беруге уәде етіледі.
В. УЗИН.