Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес
-
Название:Дон Кихот ІІ
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:361
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.
Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги
Патендер — шаруа әйелдері сән үшін тағатын, әулиенің кейіпі бейнеленген төрт бұрышты немесе дөңгелек металл пластинкалар.
Египет қазандары. — Таураттық аңыз бойынша, Египетте құлдықта болған, “Египет қазандарынан” мардымсыз ас-су ішіп жүрген еврейлер шөл далаға тап болғаннан кейін, қандай да болсын әйтеуір тамақ беретін, аштан өлтірмейтін Египетті тастап шыққандарына қатты өкініш білдіріпті.
ХХІІ т а р а у
“Метаморфозалар немесе Испандық Овидий”. — Сервантес бұл атауды римдік ақын Овидийдің “Метаморфозаларына” еліктеп ойлап тапқан.
Магдалина періштесі — Саламанкадағы әулие Магдалина шіркеуінің қола желбағары.
Каньо де Весингерра — Кордовадағы Потро көшесінің жуынды-шайындылары құйылып жататын канал.
Леганитос пен Лавапьес фонтандары — ауыз су фонтандары; Пьохо, Каньо Дорадо, Приора — Мадридтегі серуен орыны боп табылатын кең аллея —Прадодағы фонтандар.
“Вергилий Полидорға қосымша”. — Вергилий Полидор (1470 жуық - 1555 жуық) — итальян тарихшысы, “Өнертапқыштар туралы” трактаттың авторы.
Брас — Испаниядағы ұзындық өлшемі (1,57 метр).
Франция Жартасы құдай анасы. — Родриго және Саламанка қалаларының аралығында орналасқан доминикандық монастырь меңзеліп отыр. Гаэтаның үш кейіптегі бейнесі — Неапольдың солтүстігіндегі Гаэта қаласында орналасқан ғибадатхана мен монастырь атауы.
Монтесинос пен Дурандарт — ежелгі испан романстарының кейіпкерлері. Дурандарт Ронсеваль шатқалында айқасқа кіріп, Монтесиностың көз алдында дүние салады. Белерма — оның ғашығы.
...көзінен жасы кеппейтін Гуадиана... ...Руидераның қыздары... — Гуадиана өзені мен оған келіп құятын, Руидера айдындары деп аталатын салалары жайында халық аңызы бар, Сервантес мұны Дон Кихоттың Монтесинос үңгірі жайындағы әңгімесіне арқау еткен.
ХХІІІ т а р а у
Фуггерлер — Орначуэлостағы күміс кеніші мен Альмадендегі сынап кенін кепілдікке алып, испан корольдерін қаражатпен жабдықтап отырған аса ірі неміс банкирлері; олар аталмыш кен орындарын ұзақ жылдар бойы пайдаланды.
Инфант дон Педро Португальский — португал королінің баласы, король Генрих Теңізшінің (1394-1460) бауыры, географиялық карталарды талмай жинаумен аты шыққан адам.
ХХІҮ т а р а у
...жоғары лауазымды бір адам... — Шамасы, бұл жерде Сервантес өз “Дон Кихотының” екінші бөлімін арнаған граф Лемосский ишарат етіліп отырса керек.
Сегидилья — халық айтатын әннің бір түрі, төрт немесе жеті жолдан тұратын өлең; мұндағы бірінші және үшінші жолдар он бір буыннан тұрады және ұйқаспайды, ал қалғандары — бес буыннан тұрады және толық ұйқаспай (ассонанс) аяқталады; жеті жолдық сегидильядағы бесінші және жетінші жолдар да он бір буыннан тұрады және ұйқаспайды. Музыкалық сүйемелдеуі мен биі бар “ламанчалық сегидильялар” өз алдына бөлек жанр құрайды.
Майорат негізін қалау — яғни әулеттің дәулетін көбейтуге негіз қалау. Ұрпақтан ұрпақ бойы ұлдың үлкеніне ақсүйектік атақпен бірге ауысып отыратын мұраның негізгі бөлегін майорат деп атайды.
Теренций — батысевропалық драмаға елеулі ықпал еткен римдік комедиограф (ж.с.д. 195 жуық - 159 жж.).
ХХҮ т а р а у
Рехидор — қалалық немесе селолық басқарманың мүшесі.
Мелисендраны тұтқыннан босату. — М е л и с е н д р а м е н Г а й ф е р о с — ежелгі испан романстарының кейіпкерлері, бұларға архиепископ Турпин жазды делінетін көне француз хроникалары негіз етілген. Бұл романстарда Мелисендра — император Ұлы Карлдың қызы және оның немере жиенінің қалыңдығы, делінеді. Той өтердің қарсаңында қызды маврлар алып қашып кетеді де, қашан Гайферос оны іздеп тауып, тұтқыннан босатқанша ұзақ жылдар бойы солардың қолында болады.
Геркулес бағаналары — Гибралтар жағалауларындағы таулар; аңыз бойынша Геркулес он екі ерлігінің бірін осы тауларда жасаған көрінеді.
Әйел-дәу Андадона — “Амадис Галльскийдің” персонажы, бойы еңгезердей, ұсқынсыз әйел.
ХХҮІ т а р а у