Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес
-
Название:Дон Кихот ІІ
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:361
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.
Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги
Тириялықтар мен троялықтар: бәрі де үнсіз қалды... — Вергилийдің испан тіліне Грегорьо Фернандес де Веласко аударған “Энеидасының” екінші жырының алғашқы жолы.
Гайферос дойбы ойнап мәз болып жүр... — Гайферос пен Мелисендра жайындағы ежелгі испан романсының алғашқы жолдары.
Айтарым осы, ендігісін өзің біл.... — сол тақырыптағы басқа бір ежелгі романстың жолы.
Дюрандаль семсері — Роланд семсері, француз хроникалары мен орта ғасырлық дастандарда оған ерекше қасиет таңылады.
...қаланың орталық көшелерімен алып жүруге... — Инквизиция көпшілік алдында абыройын төгуге үкім шығарғандарды өлім жазасы орындалатын жерге есекке мінгізіп, белуарына дейін жалаңаш күйде, қала көшелерімен алып баратын болған; алдынан — қандай қылмыс жасалғанын және оған қандай жаза берілгенін хабарлап жаршы жүріп отырған, соңынан — полиция отряды еріп отырған.
Приставтары алдында... — испанның аса көрнекті сатиригі Франциско Кеведо (1580-1645) қаламынан шыққан “Эскарраманның Мендеске хаттары” (1613) сатиралық туындысынан алынған өлең жолдары.
Нестор — Трояны алуға қатысқан грек патшаларының бірі; аңыздың айтуынша, 300 жыл ғұмыр кешкен.
Кеше ғана Испанияны мұқым... — ең соңғы гот королі Родриго жайындағы ежелгі испан романсынан алынған өлең жолдары; Пиреней түбегіне араб тайпалары соның тұсында басып кірген болатын. Осы романс сюжетіне Пушкин “Сүйікті Испанияға сапар” аталатын өлең жазған-ды.
ХХҮІІ т а р а у
Берберия тұтқынынан... — яғни маврлар тұтқынынан. Солтүстік Африка сол тұста Берберия аталған-ды.
...трофей тұрғызар еді. — Т р о ф е й — жеңіс құрметіне орнатылған ескерткіш; гректер оны жеңіске қол жеткен жерде тұрғызып, жаудан олжалаған сауыт-саймандармен безендіретін болған.
ХХІХ т а р а у
Жалаңаяқ ағайындар — Францискандық орденнің монахтары, оларға шәркейден басқа аяқ киім киюге тиым салынған болатын.
Рифей тауы — бұл таудың қай жерде орналасқаны жайында ежелгі заманның әртүрлі авторы әрқилы пікір айтып кетті. Көпшілігі оны қиыр солтүстікте орналасқан дейтін пікірде болды.
Астролябия — аспан шырақтарының орнын анықтау үшін пайдаланылған бұрыш өлшеуіш аспап.
ХХХІ т а р а у
Дуэнья — бай, ақсүйек әйелдің қызметінде жүрген, кедейленген дворян әулетінен шыққан, әдетте егде жастағы әйел.
ХХХІІ т а р а у
Паррасий — грек суретшісі (ж.с.д. Ү ғ. екінші жартысы).
Тимант — грек суретшісі (ж.с.д. ІҮ ғ.).
Апеллес — аса көрнекті грек суретшісі (ж.с.д. ІҮ ғ. екінші жартысы).
Лисипп — грек мүсіншісі және балқыған металлдан мүсін құюшысы (ж.с.д. ІҮ ғ. екінші жартысы).
Х Х Х ІІІ т а р а у
...Сид Руй Диас Сардардың креслосы — аңызға сәйкес, Руй Диас (“Дон Кихоттың” бірінші бөлімінің ХІХ-шы тарауына берілген түсініктемені қараңыз) Валенсияны қайта жаулап алғанда басқа да олжалармен бірге маврлардан тартып алған мәрмәр кресло.
...қара шаруа Вамбаны өгіздерінен... айырып... — Гот корольдерінің соңғыларының бірі — Вамба (672 - 680) меңзеліп отыр. Халық арасында тараған аңызда ол қара шаруадан шыққан делінеді, ал шын мәнінде ол ақсүйек әулеттің өкілі болатын.
Х Х Х І Ү т а р а у
Командор Греческий — Сантьяго орденінің командоры Фернан Нуньес де Гусман жайында сөз болып отыр, ол мақалдар жинағын құрастырып, университеттерде грек тілінен дәріс берген еді, осы қызметі үшін командор атанған болатын.
Лиргандей — Феб Рыцарының тәлімгері әрі іс-әрекетінің жылнамашысы, “Князьдар мен рыцарьлар айнасы” романының персонажы.
Х Х Х Ү т а р а у
Дит ( м и ф. ) — жер асты әлемінің құдайы Плутонның қосалқы есімі.
Касик — үндістердің ел ағасы, көсемі; бұл арада жалпы үндіс текті адам мағынасында қолданылып отыр.
Епитимья — шіркеу тағайындайтын жаза (ораза ұстау, ұзақ уақыт бойы дұға оқу және т.б.). (Ауд.)
Х Х Х Ү І І І т а р а у
Мартос бұршағы — Мартос қаласы (Андалусияда) ол кезде бұршақ тұқымдас дақылдарды өсірумен аты шыққан-ды.