Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес
-
Название:Дон Кихот ІІ
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:361
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.
Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги
Кортес. — Мексиканы бағындырған испанның атақты конкистадоры (жаулап алушысы) Эрнандо Кортес (1485 - 1547). Дон Кихот мынадай эпизодты мегзеп отыр: жаңадан ашқан жерінің жағалауына келіп түскен Кортеске кемелерінің экипажы өзімен бірге әрмен қарай аттанудан бас тартады. Сол кезде ол серіктерінің дымын құрту үшін кемелерді суға батыруға бұйрық береді. Автордың Кортесті “аса бір сыпайы адам” деп атауының себебі, сірә, испан тілінде “кортес” сөзі “әдепті, сыпайы, кішіпейіл” деген мағына беретіндігінен болса керек.
Әулие Петрдің жуалдызы — Император Калигуланың (ж.с. 37 - 41 жж.) әмірімен Мысырдан (Египеттен) Римге әкелінген және әулие Петр соборының қарсы алдына орнатылған обелиск. Дон Кихоттың онда Юлий Цезарьдың мүрдесі жерленген деген сөзі — әншейін аңыз ғана.
Мавзол — Карияның патшасы (ж.с.д. ІҮ ғ.). Оның есімін мәңгілікке қалдыру үшін зайыбы Артемисия “Мавзолей” деп аталатын сән-салтанаты мол мазар тұрғызған болатын.
ІХ т а р а у
Түн кемеліне келген шақта... — граф Кларос жайындағы романстың бір жолы.
Сорладыңдар-ау, француздар... — Ронсеваль шатқалындағы ұрыс жайындағы кеңінен мәшһүр испан романстарының бірінің бастапқы жолдары. (Романсты Карамзин орыс тіліне 1789 ж. аударған еді).
...Калаинос жайында да ән салу... — Калаинос жайындағы романста мавр Калаиностың ғашығының талабы бойынша оның жасауына Францияның он екі пэрінің үшеуінің басын әкелуге Францияға аттанатыны айтылады. Ол Балдуинді жеңеді, бірақ өзі Роландтың қолынан қаза табады.
Х т а р а у
Сіз — елшісіз, ей достым... — Бернардо дель Карпио жөніндегі ертедегі испан романсынан алынған жолдар (“Дон Кихоттың” бірінші бөлімінің ҮІ тарауына берілген түсініктемені қараңыз).
...профессорлар жайындағы жазулар алыстан көрініп тұратындай — қызылмен... — Бұл арада испан университеттеріндегі ғылыми дәреже алатын сынақтан сүрінбей өткендердің әулет есімдері үлкен қызыл әріппен жазылып қоятын дәстүр меңзеліп отыр.
...тағдыр-талайым тағы да күйініш-нала шеккенімді тілеп тұр... — Гарсиласо де ла Веганың ІІІ-ші эклогынан алынған жол.
ХІ т а р а у
Харонның қайығы (м и ф.) — дүниеден өткендердің елесін Стикс немесе Ахерон өзені арқылы Харон тозаққа алып баратын қайық.
ХІІ т а р а у
Нис пен Эвриал — Вергилийдің “Энеидасының” кейіпкерлері. Энейдің серіктері, екеуі араларынан қыл өтпес дос болған.
Пилад пен Орест (м и ф.) — О р е с т — грек патшасы Агамемнон мен Клитемнестраның баласы. Әкесі өлтірілгеннен кейін және өзіне де соның кебін кию қатері төнгеннен соң қарындасы Электраның көмегімен Орест Колхидаға қашып барады, сол жерде ол Колхида патшасының баласы Пиладпен достасады. Екеуінің достығының беріктігі сондай, бірі үшін бірі жан қиюға әзір болады. Кейін Пилад пен Орестің достығы мәтелге айналған.
Таяқтар болат найзаға... — Испан қаламгері Перес де Итаның (1544? - 1619?) “Гранададағы азаматтық соғыстар” романынан алынған өлең. Бұл жерде әңгіме боп отырған таяқтар ХҮІ ғ. көңіл көтеруге арналған әскери ойындарда пайдаланылған. Осындай ойын кезінде таяқпен қаруланған салт аттылар оны бір-біріне лақтырысып, қалқанмен қорғанатын болған.
Тамырды тамыр байқатпай сүрінтуге ынтызар... — халық романсының қайырмасы.
...адамдар жануарлардан көп тағылым алды... — Келтірілген мысалдардың бәрін Сервантес Үлкен Плинийдің (ж.с. 23 - 79 жж.) “Жаратылыс тарихынан” алған.
Касильдея Вандальская — яғни Андалусская, Испанияның оңтүстік бөлігіне иелік еткен герман тайпасы вандалдың атымен аталған. Мұны Сервантес Дульсинея Тобосская есімінің жасалу жолына орайластыра ойлап тапқан.
Тартесия — Оңтүстік-Батыс Испанияда, Гуадалкивир өзені сағасында орналасқан ежелгі финикиялық сауда қаласы Тартестен шыққан. Тартесия да Андалусия дегенді білдіреді.
ХІҮ т а р а у