Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес
-
Название:Дон Кихот ІІ
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:361
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.
Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги
....ең айтулы уақиға кезінде... — яғни біріккен испандық-венециандық флот пен түріктер арасындағы Лепанто жанындағы шайқас (1571 ж. 7-ші қазан) кезінде. Түрік флоты жеңіліс тапқан осы ұрыста Сервантес қолынан ауыр жарақат алған еді.
...діни қайраткердің соңына түсуім мүлдем мүмкін емес... — Комментаторлардың көпшілігі қаламгер бұл арада аса көрнекті испан драматургі Лопе де Веганы (1562 - 1635) мегзеп отыр деп есептейді. Ол шынында да 1609 ж. бастап инквизиция қызметшісі, ал 1614 ж. священник атанған еді.
...сеньорым Жиырма Төрт... — яғни қалалық кеңестің мүшесі, қала әкімшілігінің жиырма төрт мүшесінің біреуі.
...Минго Ревульго шумақтарындағы... — екі бақташының (Минго Ревульго мен Хиля Арребато) сұқбаты түрінде берілген, король ІҮ Энрике (1454 - 1474) тұсындағы қоғамдық жүйе сынға алынатын анонимдік шумақтар.
І т а р а у
Ликург — Спартадағы жартылай аңызға айналған заң шығарушы абыз.
Солон — Ежелгі Грекиядағы есімі ешқашан қиянатқа бармайтын әділ заңгерлердің жалпы есіміне айналған аса көрнекті саяси қайраткерлердің бірі (жыл санауымызға дейінгі (ж.с.д.) 638 - 559 жж.).
...түрік сұлтанының орасан үлкен флотты бастап теңізге шыққанын... — Ол заманда Испания жағалауына, әсіресе, Испанияның Жерорта теңізіндегі Неаполь, Сицилия және Мальта секілді иеліктеріне түрік теңіз қарақшыларының шабуылына ұшырау қатері төніп тұрған болатын.
...корольге де, ладьяға да... — шахмат ойынының терминдері. Бізге жетпеген халық романсындағы адамдардың өзара әңгімеде есімдерді атамайтындығын, тіпті шахмат ойынындағы ірі фигуралар боп табылатын король мен ладьяны да ауызға алудан бой тартатындығын аңғартатын фраза.
Осуна — бұл қалашықта екінші дәрежелі, ал Саламанкада — ең ірі испан университеті орналасқан-ды.
...мұндай жарлық архиепископтың өзінен түсіп тұр емес пе... — Ол кезде Испаниядағы ауруханалар мен жетімханалар, қарттар үйі және басқалары шіркеудің қарамағында болатын.
Родомонт — Ариостоның “Қаһарлы Роланд” дастанындағы кейіпкерлердің бірі, дүлей көкжал.
...андалузиялық бір атақты ақын... — Бұл арада испан ақыны Луис Бараона де Сото (1548-1595) жайында сөз болып отыр. Ол Ариостоның “Қаһарлы Роланд” дастанының жалғасы іспетті етіп “Анжеликаның көз жасы” (1586) деген дастан жазған болатын.
...шашасына шаң жұқпайтын шебер кастильдік ақын... — “Анжеликаның сұлулығы” (1602) атты дастан жазған Лопе де Вега жөнінде айтылып отыр. Бұл туындысында ол Ариосто дастанының сюжетін онан әрі дамытқан болатын.
Сакрипант — рыцарьлық дастандар кейіпкері, Анжелика менсінбеген жігіттердің бірі.
ІІ т а р а у
Астаналық алькальдтар. — Сервантес заманында қалалардағы орталық өкімет өкілдерін астаналық алькальдтар деп атайтын, бұларды орталық үкімет тағайындайтын.
Александр. — Александр Македонский жөнінде сөз болып отыр.
ІІІ т а р а у
...Самсон атанғанына... — Самсон (Сампсон), інжілдік аңызға қарағанда, ұзын бойлы, алып денелі адам болған.
Шадияр Петрдің киімі — “ақ” діни қауым аталатындардың киімі, сол замандағы студенттер киімінен еш айырмашылығы болмаған.
Мафусаил — 969 жыл ғұмыр кешкен інжілдік ақсақал. Оның есімі ұзақ ғұмыр кешуді аңғартатын жалпы есімге айналып кеткен.
Тостадо — 1450 ж. дүние салған авильдік епископ Алонсо де Мадригальдің лақап аты. Оның шығармалар жинағы жүз жиырма төрт томнан тұрады. Есімі өндіріп жазатын, бірақ оқылмайтын жазушының синониміне айналған.
ІҮ т а р а у
....қарақшы Брунел... — “Қаһарлы Роландтың” ХХҮІІ-ші жырында баукеспе ұры Брунелдің Сакрипанттың атын Санчо Пансаның астындағы есекті тап сол Хинес Пасамонте алып кеткен тәсілмен ұрлап әкететіні жайында айтылады.
...Георгий күні... айрықша салтанатты сайыс өтуге тиіс... — Бұл дәстүрлі мереке қаланың 1118 ж. маврлардан азат етілуі құрметіне Сарагосада жыл сайын өткізіліп тұратын.