Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жылдың жаңбырсыз құрғақ болатын маусымы еді, сонда да болса құнарлы жер сирек жауған жаңбырдан нәр алып ағаш біткеннің бәрі көздің жауын аларлықтай жап-жасыл боп жайқалып тұр.

Безгек ауруының құтырып тұрған кезі еді. Бірақ безгек болып ауырған адам, безгекті жұқтырған жерінен кетсе, жазылады депті Ливингстон. Ұлы саяхатшының бұл пайымдауын Дик Сэнд білетін-ді. Джектің безгегі ұстайтын мерзімді сағаты өтіп кетті, ал бала Геркулестің қолында тыныш жатып ұйықтай берді,—Дик Сэнд өзінің бұл үмітін миссис Уэлдонға айтты.

Отряд сақтана жүріп ілгері басты, әр жерде жаңа жүріп өткен адамның немесе аңның ізі жатыр. Бұта арасындағы жыланша ирелеңдеген жалғызаяқ жол бар жерлерде, жолаушылардың жүрісі өніп-ақ қалады. Бірақ толып жатқан кедергілерді жеңу үшін жолды саяхатшылардың өздері салуына тура келді. Кішкене отрядтың тасбақа аяңымен алға басуы Диктің жанын қинады. Шырмауық оралған ағаштардың түрі, такелажы оралып қалған кеме мачтасынан айнымайды. Көне заманның қайқы қылышы құсап кейбір ағаштардың бұтақтары иіліп қалған, оның қылыштан айырмасы тек қана дүзінде біздей өткір тікенек өскен.

Анголаның бұл бөлегін мекендейтін айуандар мен құстар неше түрлі өсімдігі сияқты сан алуан. Калың ағаштың төбені бүркеген көгілдір күмбезі астында ұшып-қонып жүрген құстардың есебі жоқ. Бірақ орман арасынан мүмкіндігі болғанынша білінбей неғұрлым тезірек өтуге тырысқан кішкене отрядтың құс атып мылтық дауысын шығаруға мүмкіндігі жоқ-ты. Бір жақсы жері, Африканың тағы аңдары соншама қауіпті болса да, жолаушыларға бірде-бірі ұшыраспады.

Керік тағы да көрінді, бірақ ол жүйрік жануарлар мына тоғайға сирек келетін адамдарды көрген бойда үркіп қаша жөнелді де, лездің арасында ғайып болды; сол күні көкжиектен бұлт сияқтанып аспанға қайта-қайта қою шаң көтеріле берді, бұл ауыр жүк тиелген арбаның сықырлай жылжығандағысы сияқты, буйволдардың топ-тобымен жөңкіле шыққандағы шаңы еді.

Дик Сэнд кішкене отрядты жылға бойлай жүргізіп, суы мол бір өзенге жеткізуге асықты. Отряд ешбір қолайсыз жағдайға кезікпей, түске шейін үш миль жол жүрді. Гэррис пен Негоро хабар-ошарсыз кетті. Динго да зым-зия жоғалды.

Отряд бамбук ағашының жыныс жеріне жетті де, тамақтанып дем алғалы тоқтады Ас ішіп отырғанда ешкім тіс жарып үндеген жоқ. Миссис Уэлдон кішкентай Джекті қайтадан өзі алып бөбегіне көз айырмай қызарумен болды. Оның асқа да мейлі шаппады.

— Миссис Уэлдон, сіз ас жеуіңіз керек,— деп Дик Сэнд қайта-қайта қиыла берді.— Ас жемей әлсіреп қалсаңыз қайтеміз? Жеу керек! Қазір тағы жүреміз, өзенге жетіп алсақ болғаны, сосын қиналмай-ақ төмен мұхитқа қарай ағамыз.

Дик Сэнд бұл сөздерді айтқанда, миссис Уэлдон тіп-тіке оның көзіне қарап отырды. Жасөспірімнің көзінде жеңімпаздық жігер мен ерліктің оты жанып тұрған. Миссис Уэлдон оған және шын берілген тіл алғыш бес негрге қарап, әлі де болса торықпау керек екендігін байқады. Иә, ол неге үміт үзе қойсын? Американың меймандос жеріндемін деп ойлайды ғой. Гэрристің опасыздығынан миссис Уэлдон қорыққан жоқ, өйткені алдағы уақытта одан келетін кесірді білмеген еді ол.

Жас келіншектің ойындағысына Дик Сэнд түсіне қойды да, оның қадала қараған көзіне кірпік қақпастан о да қарап, айтқан сөзінің шын екендігін байқатты.

Төртінші тарау

АНГОЛАНЫҢ ҚИЫН ЖОЛЫНДА

Сол сәтте кішкентай Джек оянып кетті де, титімдей қолдарымен анасының мойнынан құшақтады. Баланың көз жанары жайнап тұр. Безгегі қайталап ұстамады.

— Тәуірмісің, қарашығым?—деп сұрады миссис Уэлдон бөбегін бауырына қысып.

— Иә, мама,— деді Джек.— Бірақ шөлдеп қалыппын, сусын берші.

Салқын судан басқа оған анасының берері де жоқ еді.

— Менің Дик достым қайда? — деп сұрады бала бірнеше жұтым су жұтып таңдайын жібіткен соң.

— Мен мұндамын, Джек,— деді де Дик Сэнд баланың қасына келіп қолын ұстады.

— Ал менің Геркулес достым ше?

— Геркулес мұнда,— деп алып негр Джекке күлімсіреп жауап қатты.

- Ал, ат қайда? — деп ол сұрағын сабақтай берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий