Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
— Миссис Уэлдон, біздер ше, біздер не бітірмекпіз? — деді Бат ренжіген пішінмен.— Біздер екеуіңізді де көтеріп жүреміз!
— Иә, иә,— деп Остин іле түсті.— Екі ұзын сырғауылға екі таяқты көлденең таңып зембіл жасаймыз да, үстіне жапырақ төсейміз...
— Рақмет сіздерге, достарым,— деді миссис Уэлдон,— бірақ мен жаяу жүруді жақсы көремін... Жүремін де! Қане, жүрейік!
— Жүрейік! —деп Дик Сэнд жас келіншектің сөзін қайталады.
— Джекті маған беріңізші,— деді Геркулес.— Жүк көтеріп жүрмесем, тез шаршаймын.
Алып негр ұйықтап жатқан баланы ақырын ғана көтеріп алды, бала тіптен оянған да жоқ.
Мылтықтар тегіс оқтаулы, басқа қару-жарақтар да дайын. Қалған азық-түлік бір тай етіп буылған еді. Мұны Актеон арқалап алды; сөйтіп бәрінің де қолдары бос болды.
Бенедикт ағайдың арбиған ұзын аяғы болдыру дегенді білмейтін-ді, ол бүгінгі сапарға елден бұрын дайын болды. Гэрристің ғайып болғанын біле ме ол? Біледі деп айта салу ұшқалақтық болар. Бенедикт ағайдың әсіресе қазіргі уақытта Гэрриспен тіпті де ісі жоқ-ты, өйткені ол орасан зор қазаға ұшырап мүлдем қаусап қалған; көзілдірігі мен үлкейтіп көрсететін әйнегін бірдей жоғалтып сорлап еді.
Бенедикт ағайдың барынша қымбат санайтын екі құралын қонған жерде шөп арасынан Бат тауып алған, бірақ бұл жағдайды ғалым білмейтін-ді. Диктің маслихатымен Бат өзінің бұл құралдарды тауып алғанын Бенедикт ағайға айтқан жоқ-ты. Сақалды сәбидің бұдан былай тыныш жүретініне Диктің көзі жетті. Өйткені ол бейшара көзілдіріксіз көзінің алдындағыдан арыдағыны көрмейтін сау соқырдың өзі еді. Ғалымды Актеонның қатарына әкеліп тұрғызды да, оның қасынан бір қадам аттап шығушы болма деп нықыртты. Есінен айрылып еңсесі түскен ғалым қарсылық білдіруді есіне де алған жоқ, дегенге көніп, жетекке ерген соқыр сияқтанып, жолдастарына ілесіп жүре берді.
Кішкене отряд қонған жерінен он бес қадамдай ұзап шыға бергенде қарт негр тоқтай қалды.
— Динго қайда? — деп айқайлады ол.
— Бәсе, Динго қайда? — деді Геркулес.
Ол қайта-қайта қатты айқайлап итті шақырды... Сыбыс жоқ.
Дик Сэнд иттің жоғалып кеткеніне қатты қынжылды, Динго отрядқа төнген қатерді қашан да болса ескертіп тұратын сенімді күзетші еді.
— Динго Гэрриске еріп кетпеді ме екен? — деп сұрады Том.
— Гэрриске деймісіз? Жоқ... оған ермейді,— деп жауап қатты Дик Сэнд.— Бірақ ол Негороның ізіне тап болуы мүмкін: португалдың біздің ізімізбен келе жатқанын қашаннан берлі сезіп жүрді ол.
— Қарғыс атқан көк Дингоны көрсе-ақ болды, шамасы келсе өлтіріп тастайды, деп айқайлады Геркулес.
— Негоро Дингоны өлтірем дегенше, біздің төбет оның өзін өлтіріп тастамаса қайтсін,— деп Бат оған қарсы болды.
— Бұлай болуы да мүмкін,— деді Дик Сэнд.— Бірақ итке бола жолдан қала алмаймыз ғой. Егер Динго тірі болса бізді өзі іздеп табады, ол сондай ақылды төбет. Жүріңдер, достарым!
Күннің шыжығаны сонша, аспан айналып жерге түскендей. Таңертеңнен бастап-ақ көкжиекті қара бұлт торлап алған. Нөсер құйып келе жатыр. Күннің нөсерлеп жаумай ашыла қоятын түрі жоқ. Бір жақсы жері, ағаш арасы біркелкі салқын еді.
Қалың орманның сирей бастағаны байқалады. Әр жердей биік те қатты шөп басқан кең алаң көріне бастады. Осы алаңдардағы күрең тартқан орхидейлер, гүлдеп тұрған сарысы-көгі аралас имбирлер, үлпілдеген жайып тастаған жап-жасыл кілем сияқтанып көрінеді
Енді орман арасы адам өткісіз қалың емес, бірақ онда таң қаларлық алуан түрлі өсімдіктер бар. Мұнда аса бағалы май шығаратын пальма ағашы өскен, биіктігі сегіз — он фут келетін табиғи қоршау сияқты мақта бұталары да бар. Кейбір ағаштардың қабығын құрт тескен тесіктерден хош иісті шырыш ағып тұр. Айнала төңіректің бәріне жабайы лимон мен анар ағаштары, пальма мен делеб, баобаб, акация, мимоза ағаштары өскен. Тоғай арасында адамның мұрнын жарарлықтай бір хош иіс бар, бірақ бұл нендей өсімдіктің исі екенін ажырату қиын еді.