Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Дұрыс айтасың, Негоро!—деді Гэррис.— Ол төртеуі тым ірі де жұмысқа шыдамды негрлер ғой, ішкі Африкадан келтірілген «хайуандар» сияқты емес. Олардың тиімді бағаға өтетіні өзінен өзі белгілі. Америкада туған негр, Ангола базарында сирек кездесетін товар. Бірақ,— деп ол сөзін жалғастыра берді,— сен маған мынаны айтуды ұмытып барасың: «Пилигримде» нақтылы ақша бар ма еді?

— Ауыз жарырлық түк те жоқ! Қалтама түсіре алғаным небары бірнеше жүз доллар. Сәті түссе, менің көп ақшалы болатын басқа да товарларым бар...

— Достым, оларың қандай товарлар? —деп сұрады Гэррис білуге құмартып.

— Түрліше, — деп Негоро шорт қайырды.

Шамасы, ол өзінің артық сөйлеп жібергеніне өкініп қалса керек.

— Демек, ендігі қалғаны, бұл қымбат товарды қолға түсіру ғана? — деді Гэррис.

— Қолға түсіру соншалықты қиын болып па тәйірі? — деді Негоро.

— Жоқ, достым. Осы арадан он шақты миль теңіз жағалауында араб Ибн-Хамис бастаған еріксіздер керуенінің лагері бар. Олар Казондеге жүру үшін менің қайтуымды ғана күтіп жатыр. Керуенді айдап келе жатқан жергілікті халықтан алынған солдаттар тым көп, бала капитанды жолдастарымен қоса тұтқынға алатын күш артығымен жетіп жатыр. Егер менің «жас достым» Куанза өзеніне қарай жол тартуға ниеттенсе...

— Егер ниеттенбесе қайтер едің? — деп Негоро Гэрристің сөзін бөлді.

— Әрекеттенер деймін! — деді Гэррис.— Ол ақылды бала ғой, және ол жақтан өзіне қауіп төнеді деп ойламайды да. Дик Сэнд жағалауға қайта оралғанда біз жүрген жолмен жүрмейді. Орман аралап жүрсе, адасудан көз ашпайтынын өзі де жақсы біледі. Мұхитқа құятын бірер өзенге жетуге тырысады ол, сосын салмен төмен ағуға қамданады. Бұдан басқа оның аман құтылатын жолы жоқ. Мен ол баланы әбден сынап білдім, ол тап осыны істейді.

— Иә... сөйтуі де ықтимал,— деді Негоро шамалы ойлана түсіп.

— «Ықтимал» демей-ақ, «сөзсіз солай етеді» десең де болады,— деді Гэррис дауысын көтере сөйлеп.— Мен бұған «жас достымның» өзі Куанза жағалауында менімен кездесетін боп сөз байласқандай-ақ сенер едім.

— Демек, кідірмей жүруіміз керек болды ғой,— деді Негоро.— Ол баланы мен де жақсы білемін. Бір сағат уақытты бекерге өткізбейді, біз одан айламызды асыруымыз керек.

Несі бар, жүру керек болса, жүрейік!

Гэррис пен Негоро жүргелі жатыр еді, папирустың қалың жерінен, португалды абыржытқан манағы сезікті сыбдыр қайта естілді.

Негоро тұрған жерінде қалшиып қатты да қалды.

Сол сәтте иттің маңқылдап үрген дауысы естілді, ізінше қалың қаудың арасынан өзі де шыға келді. Ит орасан ірі екен, арқа қылшығын тікірейтіп, ауызын арандай ашқан, өздеріне шапқалы келе жатыр.

— Динго! — деп айқайлады Гэррис.

— О, бұл төбет енді аман құтыла алмас! —деді Негоро.

Ит португалға қарай ұмтыла берген сәтте, Негоро Гэрристің мылтығын жұлып алды да, кезене беріп басып қалды.

Иттің қаңсылаған аянышты дауысы тоғайды жаңғыртты, Динго өзен жиегін көмкерген қалың бұтаға кіріп ғайып болды. Негоро жүгіре басып өзен жағасына дейін барды.

Папирус сабақтарының бірнешеуіне қан тиіпті, жағалаудағы малта тастардың үстінде жосыла аққан қанның ізі жатыр.

— Бұл қарғыс атқан төбетпен ақыры есептесіп болдым,— деп айқайлады Негоро.

Гэррис тырс үндемей бұл екеуінің шайқасына қарады да тұрды.

— Байқап тұрмын, Негоро,— деді Гэррис,— бұл иттің тісі саған көптен-ақ қайраулы екен.

— Айтарың бар ма! Бірақ ақыры бұл оңбағаннан құтылдым ғой!

— Бұл төбет сені соншама неге жек көреді?

— Иә, ол екеуміздікі ескіден келе жатқан басараздық қой,— дей салды Негоро.

— Ескі бас араздық?—деді Гэррис оның сөзін қайталап.

Негоро әріптесінің бұл сауалына жауап қайырған жоқ. Мына сұм португал өткендегі бір ісін менен жасырып отыр екен деп ойлады Гэррис, бірақ ежелеп сұрай беруді өз басына лайық көрмеді.

Бірнеше минуттан соң сыбайластар жылғаны бойлай жүріп Куанзаға қарай тартты.

Үшінші тарау

ЖАҒАЛАУДАН ЖҮЗ МИЛЬ ҚАШЫҚТА

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий