Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Өңшең ғана жындар-ай! — деп айқайлады Гэррис.— Каторга! Таза ауада еркін жүріп өмір сүруге әдеттеніп қалған сенімен мен сияқтыларға бұдан артық сұмдық болар ма? Мен бұдан гөрі дардың өзін-ақ артық көрер едім.

— Дарға асылған адам қаша алмайды ғой, ал енді каторгадан...

— Сен қашып құтылдың ба?

— Иә, Гэррис. Мені каторгаға апарған соң, дәл он бес күннен кейін Жаңа Зеландиядағы Оклендке баратын ағылшын пароходының трюміне кіріп тығылдым. Мен тұщы су құйылған кеспектер мен консерв толтырылған ящиктер арасына жасырынған едім, баратын жеріме жеткенше азық пен суға тарыққаным жоқ. Жарық көрмей өнебойы қараңғы трюмде жата беру әбден діңкеме тиді. Бірақ пароход ашық теңізде келе жатқанда палубаға шығу дегенді ойлаудың да керегі жоқ. Басым трюмнен қылт етсе болғаны, сол сәтте мені ұстап алып қайтадан қамап тастайтынын, еркімнен айрылып тартатын азабымды тарта беретінімді жақсы түсіндім. Оклендке барған соң олар мені ағылшын үкіметіне тапсырады, сосын менің қол-аяғымды кісендеп Сан-Паоло де Лоандқа кері қайырып жатпай-ақ дарға өздері де аса салады. Осы жағдайлардың бәрін ескере келіп кісі көзіне түспей, аты-жөнімді білдірмей қараңғы түнекте жата беруді дұрыс көрдім.

— Билет те алмадың ба? — Гэррис қарқылдай күлді.— Туу, достым-ай, ұялмадың ба? Әрі ұрлап мініпсің, оның үстіне дайын тамақ!

— Иә, алғаным жоқ,— Негоро күрсініп қойды,— отыз күн тар трюмде қамалып жату...

— Бірақ, Негоро, оның бәрі енді өткен іс қой! Сөйтіп, Жаңа Зеландияға, маврлар85 еліне бардың ба? Бірақ сен онда тұрып қалған жоқсың ғой. Сен қалай қайтып келдің? Тағы да трюмде жасырынып па?

— Жоқ, Гэррис. Мендегі бір ғана ой, Анголаға қайта оралып, жаңадан құл саудасына кірісу болды.

— Иә,— деді Гэррис,— біз өз кәсібімізді жақсы көреміз ғой... біз оған әдеттеніп қалдық...

— Ұдайы он сегіз ай...

Негоро осы арада әңгімесін кілт тоқтата қойды. Ол Гэрриске үндеме дегендей белгі берді де, демін ішіне тартып, ағаш арасынан шыққан сыбдырға құлақ түрді.

— Гэррис,— деп сыбырлады ол,— папирус арасынан әлдененің сыбдыры естіледі.

— Білейік не екенін,— деді Гэррис, мылтығын кезене ұстап бәсең үнмен.

Олар ұшып тұра келді де, сақтана қарап сыбдыр шыққан жаққа қарай құлақтарын тікті.

— Ештеңе жоқ қой, қағыс естіген боларсың,— деді Гэррис.— Жаңбыр артынан сай-саланың суы тасып әдеттегіден қатты ағатын дағдысы ғой, сенің естігенің судың сылдыры болар. Достым, сен өткен екі жылдың ішінде орман шуылын жатырқап қалсаң керек. Бұның ешқандай оқасы жоқ, кешікпей-ақ қайта дағдыланып кетерсің. Басыңнан кешірген уақиғаңды айта бер. Сосын келешектегі істейтін ісімізді кеңесейік.

Негоро мен Гэррис анжир ағашының түбіне қайта отырысты, португал өзінің үзіліп қалған әңгімесін жалғай берді.

— Ұдайы он сегіз ай Оклендте тұрып көңілсіз өмір өткіздім. Сәті түсіп, кісі көзіне түспей трюмнен шығып жер бастым. Бірақ қалтам көк тиынсыз бос болатын, оны айналдырып қараған кісі бір доллар таппас еді. Аштан өлмеудің шарасын көздеп, жұмыстың нендей түрі болса да істей беруіме тура келді...

— Демек, сен кәдімгі адал ниетті адамдар қатарында еңбек істеген болдың ғой?

— Дәл үстінен түстің, Гэррис.

— Алда ғана бейшара-ай!

— Сол уақытта менің үнемі іздестіргенім сол қарғыс атқан жерден құтылудың шарасы болды. Бірақ көпке дейін ыңғайы болмады. Ақырында «Пилигрим» деген кит аулайтын кеме Окленд портына келіп тоқтады.

— Кәдімгі Ангола жағалауында қирайтын кемені айтып отырсың ба?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий