Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Иә, бұл Оңтүстік Америка емес, Африка, егер апатқа ұшырағандар Оңтүстік Америкада болса, оларға жергілікті халықтар да, жабайы аңдар да тіптен ayа райы да қорқынышты қауіп төндіре алмас еді, мұхит жағалауы мен Анд бөктерінің аралығында сансыз халық орналасқан шұрайлы жер жұмағы бар, оған кез болған әрбір саяхатшы тоқтап дем аларлық жай таба алады. Апатқа ұшырағандар Перу мен Боливияның бұл сияқты тамаша жерінен өте алыстап кетті, егер арам ниетті сұмның қолы кеме бағытын басқа жаққа бұрмаған болса, «Пилигримді» дауыл айдап сол меймандос жерге апарып тастауы сөзсіз еді.

Бірақ «Пилигримнің» келіп жығылған жері Африка. Бұл нағыз үрейлі Анголаның өзі, оның қараңғы түкпіріне, құл айдаушылардың шыбыртқылары шартылдап құлдар керуені шұбырып жатқан үрейлі жеріне, тіптен Португалия өкіметінің отаршылдары да барып көрмеген.

Негороның опасыздығы еріксіз айдап келтірген бұл жер туралы Дик Сэнд не біледі? Оның білетіні өте аз. Ол XVI— XVII ғасырлардағы миссионерлердің84 жазып қалдырғандарын оқыған, Сан-Паоло де-Лоандтан шығып Заирды бойлай жүрген португал саудагерлерінің саяхаттары туралы оқыған. Ақырында доктор Ливингстонның 1853 жылғы зерттеу сапарына жазған есепті баяндамасымен танысқан. Жүрексіз қорқақ адамдардың үрейін алуға осы сияқты аз мәліметтің өзі-ақ жеткілікті.

Шынында да жағдай өте нашар еді.

Екінші тарау

ГЭРРИС ПЕН НЕГОРО

Дик Сэнд бастаған кішкене отрядтың қонып жатқан жерінен үш мильдей қашық тоғай ішінде екі адам кездесе кетті. Олар — Гэррис пен Негоро қалың өскен папирус өсімдігінің арасымен бұраңдай аққан ағысы қатты бір жыраның кемеріндегі жуан ағаштың түбіне келіп отырды.

Бұл екеуі біріне бірінің кездесіп тұрғаны осы ғана, енді олар соңғы шақтардағы бастарынан кешірген уақиғаларын әңгіме ете бастады.

— Сөйтіп Гэррис,— деді Негоро,— «капитан» Сэндтің отрядын әлде де болса Анголаның алыс түкпіріне таман алыстата түсуіңе мүмкіндік болмады ма? Өздері сол он бес жасар баланы осылай атайды ғой.

— Жоқ, достым,— деп жауап қатты Гэррис.— Оларды амалдап жағалаудан кем дегенде жүз миль алыстатып әкеттім, бұған да шүкірлік ету керек! Соңғы күндерде менің «жас достым» Дик Сэнд менен көзін айырмайтын болды. Оның маған деген күдігі ақиқатқа айнала бастады. Рас айтам!..

— Енді бір жүз миль жүрсе болғаны,— деп Негоро Гэрристің сөзін бөлді,— бұл адамдар біздің қолға түсуінде сөз жоқ еді. Дегенмен бұлардан айрылып қалмауға былай да тырысып бағармыз.

Гэррис иығын қозғап бүлк еткізді.

— Олар қайда барар дейсің? — деді ол.— Негоро, мен өз қара басымды олардың арасынан зорға алып шықтым, нені атып тастағысы келгенін «жас достымның» көз қарасынан әлде неше рет ұққаным бар, ал енді мылтық дүкеніндегі бір фунт ақшаға он екі түйірден берілетін алша сүйегі менің ішіме жақпайтынын айта кетуім керек.

— Түсінікті,— деді Негоро.— Ол жігітпен менің де бір есептесуім керек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий