Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Дәл соның өзі. Миссис Уэлдон өзінің кішкентай бөбегін алып, қасына Бенедикт деген немере ағасын ертіп, жолаушылар қатарында сол кемемен жолға шығатын болды. Сәті түсіп, әлгі кемеге оп-оңай қызметке орналаса қалдым: өйткені мен еріксіздер таситын кемеде капитанның екінші жәрдемшісі болып қызмет істеген бұрынғы теңізшімін ғой «Пилигрим» капитанына барып, өзімді қызметке алуын өтініп ем, оған матрос керек емес екен. Менің бақытыма, кеменің аспазы қашып кетіпті. Ол ас пісіре білмейтін нашар теңізші болған. Бұл жағдайды білген соң, мен тәжірибелі кеме аспазы едім дегенді айттым. Менен жақсы аспаз таппаған соң, капитан Гуль мені аспаздыққа жалдап алды Арада бірнеше күн өткен соң «Пилигрим» Жаңа Зеландия жағалауынан якор көтеріп жолға шықты...

— Бірақ,— деп Гэррис оның сөзін бөлді,— «жас достымның» сөзінен менің ұққаным, «Пилигрим» Африка жағалауымен жүзуге ұйғармаған. Ал кеме бұл араға қалай келіп қалды?

— Дик Сэнд бұл жағдайды күні бүгінге дейін білмейтін болса керек,— деп жауап қатты Негоро,— мұның мәнісіне әлі де болса түсіне қоюы екіталай. Бірақ, Гэррис, бұл уақиғаның қалай болғанын саған айтып түсіндірейін, егер қаласаң, менің бұл әңгімемді өзіңнің «жас достыңа» бір ұтыры келген кезде қайталап айтарсың.

— Неге айтпасқа! — деді Гэррис қарқылдай күліп.- Айта бер достым, айта бер!

— «Пелигрим»,— деп Негоро әңгімесін сабақтады,- Вальпарайсоға қарай бет алды. Менің аспаздыққа жалданғандағы мақсатым, тек қана Чилиге жетіп қалу еді. Өйткені Чили Жаңа Зеландия мен Анголаның жарым жолында ғой, онда жетсем, Африканың батыс жағалауына бірнеше мың миль жақындап қаламын. Бірақ жағдай жолда да өзгерді. Оклендтен шыққан соң, үш жұмадан кейін кит аулап жүріп капитан Гуль мен бірге матростары да түгелдей қаза тапты. Бұл күні «Пилигрим» бортында бар болғаны екі-ақ теңізші қалды, оның біреуі жас матрос Дик Сэнд, екіншісі — кок Негоро.

— Сөйтіп, сен кеменің капитаны болып алдың ба? —деп сауал берді Гэррис.

— Алғашқыда бұл үміт менің бойымды билеп еді. Бірақ басқалардың маған сенбейтінін байқадым. Бәрібір, мұндай жағдайда кемедегілерге өкімімді жүргізе алмас едім. Сондықтан ойлана келіп бұрынғы қызметім — «Пилигрим» аспазы күйімде қала беруді мақұл көрдім.

— Демек, кеме Африка жағалауына кездейсоқ келіп қалған екен ғой?

— «Жоқ, Гэррис,— деді Негоро,— біз «Пилигримнің» қираған жерінде ойда жоқта кездестік қой, міне, кездейсоқ деп осыны айтуға болады. Кеменің беталысын басқа жаққа бұрып, оны Ангола жағалауына келтірген мына мен боламын! Сенің «жас достың» теңіз ісіне аузынан ана сүті кетпеген шіп-шикі бала, ашық теңізде кеменің қай жерде екенін компаспен, лагпен ғана шамалай алады. Сөйтіп, бір сәті түскен күні лаг теңіз түбіне кетті. Тағы бір сәті түскенде нактоуз астына бір қарыстай жалпақ темір қойып, компас тілін басқа жаққа бұрдым, дауыл қуалап атқан оқтай зымыраған «Пилигримнің» бағыты кенет өзгере қойды... Сапарымыздың неліктен мұншалықты ұзаққа созылғанына Дик Сэнд түсіне алмады. Әйтсе де оның орнында қаншама тәжірибелі басқа теңізші болса да, бәрібір, тұйыққа қамалар еді. Горн мүйісін айналып кеткенімізді бала білмей де қалды, бірақ бар ғой, Гэррис, мен сол мүйісті тұман арасынан байқап қалдым. Бұдан соң көп кешікпей-ақ нактоуз астына қойған темірді қайта алып, компас тілін бұрынғы қалпына келтірдім. Құйындатқан дауылдың айдауымен зымырап келе жатқан кеме, солтүстік-шығысқа беттеп тұп-тура Ангола жағалауына қарай тартты.

— Дәл осы кезеңде,— деп Гэррис іле түсті,— сенімен кездессін, сенің жолдастарың мен достарыңа басшылық етсін деп осы жағалауға кездейсоқ жағдайдың мені айдап келтіре қойғанын айтсайшы! Олар өздерін Америкадамыз деп күдіксіз сенген еді, сондықтан да Анголаны төменгі Боливия деп оларды оңай алдауыма мүмкіндік болды... Ол жердің расында да біріне бірінің ұқсастығы бар.

— Олар шынында да Анголаны Боливия деп білді. Сондай-ақ Диктің өзі де Тристан д'Акунья аралын Пасхи аралы деп алжасқан.

— Оның орнында басқа біреу болса, бәрібір, осылай қателесер еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий