Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қайтсін, сенің енді қай жағынан болса да толық етіп тіптен өсімімен төлей алатын мүмкіндігің бар ғой! Сапардың алғашқы күндерінде Анголаны Атакама даласы деп сендіру маған оншалықты қиынға соқпады. Өйткені, бір кезде менің ол жерде болғаным бар-ды. Сосын кішкентай Джек «резинка ағашы» мен шыбын торғайды көрсет деп әлек салды, оның шешесіне хин ағашы керек болды, ал енді әлгі ұзынтұра ағайына бар керегі жалтырауық қоңыз ғана. Шынымды айтайын, бар тапқырлығымды аямай сарып қылдым. Бip күні керікті түйеқұс деп ем, иланды да қойды, керікті түйеқұс деп нандырған соң, бұдан ары нендей қулық ойлап табуды өзім де білмедім. Иә, айтпақшы піл ізіне кездескеннен былай «жас достым» менің сөзіме иланбауға бейімденді. Қайдан пайда болғанын кім білсін, мұның үстіне гиппопотам тап болмасы бар ма? Адал адамдардың Бенгуэлладағы каторға түрмесінде жатуы қандай орынсыз болса, Америкада гиппопотам мен піл болады деу сондай өрескел, Негоро, сен бұған түсінесің ғой. Бұдан соң қарт негр бір ағаштың түбінен шынжыр мен ағаш бұғау тауып алды, шамасы оны қашқан еріксіздердің бірі қалдырып кетсе керек. Ақырында жақын маңайдан арыстанның ақырған даусы естілді. Арыстанның ақырғанын, мысықтың мияулағаны деп айта алмайтыныма өзің де қосылатын боларсың! Менің ендігі бітірерім атқа міне салып қашу ғана.

— Түсініп отырмын,— деді Негоро.— Дегенмен әлде де болса бір жүз миль ілгері таман жүре түскені жақсы болар еді.

— Ей, достым, мен қолымнан келгенінің бәрін істеп болдым,— деп Гэррис қабағын шытты. —Бір жақсы жері, сен бізден недәуір қашық жүрдің. Сенің сол маңайда жүргеніңді олар сезген сияқты. Онда Динго деген бір төбет бар... Сені оншалықты сүймейтін сияқты. Сен оған не жамандық істеп едің?

Әзірге түк те істегенім жоқ,— деді Негоро,— бірақ мен оның көп кешікпей сыбағасын беремін!

— Оқ жетерлік жақындасаң, сені Диктің өзі де сау жібере қоймас деймін; расын айту керек қой, менің «жас достым» асқан мерген. Өз қатарына қарағанда ол нағыз азамат.

— Әй, Гэррис-ай, ол қаншама ер болғанымен маған істеген иттігінің сазайын тартпай қалмайды,— деді Негоро.

Португалдың өңі сұрланып бетінен қаталдықтың нышаны көріне қалды.

Бір сәт үндемей отырысты, сосын американ тағы сөз бастады.

— Негоро,— деді ол,— кеме қираған жердің маңында біз екеуміз ойламаған жерден кездесе кеттік қой, сондағы сенің маған айтып үлгіргенің, мүмкіндігі болғанынша жолдастарымды неғұрлым алысырақ әкете гөр деп өтінген едің. Бірақ сен соңғы екі жыл ішінде өзіңнің не істеп, не қойғаның жайында тіс жарып үндеген жоқсың. Ал екі жыл деген уақыт біздің өмірге аз мерзім емес. Альвец қарттың еріксіздер керуенін бастап Кассангодан кеткен күніңнен бері бүгінге дейін сен туралы ешбір хабар естімедік. Расын айту керек қой, сені ағылшындардың күзетші кемесіне ұшырап нашар жағдайға душар болды да, ақырында дарға асылған шығар деп шамалаған едім.

— Гэррис достым, менің тағдырым осылай тынудың аз-ақ алдында қалды.

— Оқасы жоқ, бәрібір, дардан өзің де қашып құтыла алмайсың ғой.

— Рақмет!

— Қайтерсің,— деп жауап қатты Гэррис философиялай сөйлеп.— Біздің кәсібіміз бұлтарғысыз бip тәуекел ғой. Африка жағалауында құл саудасымен шұғылданушыларға өз

төсегінде жатып тыныш өлу бұйыра қоймас деймін, осыған мойынсұну керек. Демек сен ұсталған екенсің ғой?

— Иә, ұсталып едім,

— Ағылшындарға ма?

— Жоқ, португалдарға.

— Жүкті өткізбей тұрып па, әлде өткізіп болған соң ба?

— Өткізіп болған соң,— деп жауап қатты Негоро шамалы қобалжи түсіп.— Португалдар өздері құл саудасынан әбден байып алып, енді оған қарсы болғанси қалыпты. Біреулер мені білдірсе керек. Менің ізіме түсіп, ақыры ұстады.

— Сонымен, сені соттады ма?..

— Өмірлік каторга жазасын Сан-Паоло де-Лоанд түрмесінде өтеуге үкім шығарды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий