Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жолаушылардың аяқ басқан жері өздерімен бірге солқылдап, жүрістері өнбеді. Актеон өнебойы Бенедикт ағайды сүйемелдеп жүрді. Том кәрі Нанды жетеледі, егер оған Том қараспаса, кемпірдің батпаққа батып кетуі сөзсіз еді. Басқа негрлер зембіл көтеріп жүрді. Дик Сэнд жол бастап отрядтың алдында келе жатыр. Жол бастау оңай міндет емес еді. Ең дұрысы батпақты жағалап шөптің қалың өскен жерімен жүрулері керек. Бірақ бұл араның да аяқ тірерлік шөкелектері былқылдай беретін, аяқ тізеге дейін кіріп кете берді.

Ақырында кешкі сағат бестің кезінде жолаушылар бұл батпақты да артқа салды. Адамдар енді ширақ жерге аяқ басты, әйтсе де қатты жердің жұқа қабаты астында батпақ барлығы білінеді. Тегістік жер іргелес өзеннің табанынан төмен болғандықтан, өзен суын борпылдақ жердің жұтып жатқандығы байқалады.

Күннің шыжығаны сонша, аспан айналып жерге түскендей. Егep шақырайған күн мен жердің аралығын нөсерлі бұлт қаптамаса ыстыққа жан төзіп болмас еді. Алыстан найзағай ойнап, күннің күркірегені естіле бастады. Нөсер минут сайын жақындай түсті.

Нөсерлеп құйған жаңбыр, тамыры терең әлді ағаштарды құлата алатын құйынды дауыл, үздіксіз жарқылдаған найзағай — міне африкалық нөсердің түрі осындай үрейлі болатын. Диктің мұндай нөсерден бұрын да хабары бар-ды, енді ол тіптен мазасыздана берді. Отряд ашық далада қона алмайды, өйткені жазықты су басуы мүмкін. Бірақ Дик Сэнд тасқыннан бас қорғарлықтай алдыңғы жағынан бірде-бір төбешік көре алмады.

Жалғыз түп ағашы жоқ, тіптен бұта өспеген құлазып жатқан қу медиен жазық даланың қай жерінен баспана іздеп табуға болар?

Солтүстіктен қатарланған аласалау төбешіктер көрінеді. Бұл төбешіктер орманның ашық жақ қабырғасы сияқты. Көкжиек пен нөсер бұлтының арасын бөліп көлденең түскен ашық сәуледен бірнеше ағаштың бейнесі қарауытты.

Ол төбешіктерге барғанымен нөсерден қорғанарлық пана табар-таппасына Диктің көзі жетпеді. Жолаушылар ең болмаса сонда жетіп үлгірсе, тасқыннан қауіпсіз болар еді.

— Алға, достарым, алға! — деп айқайлады бала жігіт.— Бары-жоғы үш-ақ миль жер жүрсек, мына қазан шұңқырдан құтыламыз!

Бұл қажырлы адам жолдастарының бәрін мойнына мінгізіп қатерлі батпақтан қуана-қуана алып шығуға әзір еді.

Диктің сөзі жолаушыларға дем берді, адамдар арып-талғанына қарамастан тез-тез аттап алға басты.

Нөсер төніп қалған кезде отряд мегзеген жерлеріне екі-ақ миль жетпеген-ді. Бір жақсы жері, найзағай жарқылдап, түнерген қара бұлт зәрлене төнгенімен, жаңбыр бірден құя алмай, біраздан соң барып жауды.. Күн әлі бата қоймаған-ды, сонда да болса айнала төңірек тастай қараңғы боп кетті. Өркеш-өркеш бұлттар жерге гүрс етіп құлай кететін сияқтанып жайыменен төмен шөгіп келе жатыр. Қызылды-жасыл найзағай аспан әлемінде айғыз-айғыз жол сызып, әлгі қазан шұңқыр жазықты отпен сызбайлап торлап алды.

Кішкене отрядтың төбесінде әлсін-әлі жасыл ойнап, ажал төнді. Бір топ жолаушы бүкіл аспан электрін өзіне тартып, жалғыз түп ағашы жоқ жапан далада панасыз қалды.

Күннің күркірегенінен шошып оянған Джек басын Геркулестің қолтығына тыға түсті. Бейшара бала аспан күркілінен қатты шошыған еді, бірақ анасын ренжіткісі келмей, қорқып қалғанын жасыруға тырысты. Геркулес сажен жерді бір-ақ аттап, қолынан келгенінше баланы тыншайтуға әрекет етті.

— Қорықпа, Джек, қорықпа! — деп қайталады ол.— Найзағайдың бізден дәмесі болса жақындап көрсін, мен оны бір қолыммен екі бөліп тастайын. Мен найзағайдан күштірекпін ғой!

Қамқоршысының құдіретті екенін сезген бала лездің арасында тыншая қалды.

Сәлден соң жаңбыр жаууға тиіс, сосын төменгі қабаттағы бұлт сел болып жерге құйылады. Ал нөсер құйғанша қорғанарлық баспана табылмаса, миссис Уэлдон мен кішкентай Джектің көрер күні не болмақ?

Дик Сэнд Том қарттың қасына келіп:

— Не істеуіміз керек? — деп сұрады.

— Ілгері жүруіміз қажет,— деді қарт.— Жаңбыр мына ойпатты суға толтырып, адам өткісіз шалқар көлге айналдырады. Бұл арада кідіруге болмайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий