Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірақ күн күркіреп жаңбыр құйып тұрғанда бұл баспанадан кету дегенді ойлаудың да қажеттігі жоқ, Дик енді мына ұғымсыз мәселеге бас қатырғысы келмеді, тек қана:

— Бенедикт мырза, термиттер өздерінің азық-түліктерін қоймада қалдырып кетіпті дедіңіз білем? Біздің де азық-түлігімізді ала жүргеніміз сіздің сөзіңізден есіме түсті. Енді тамақтанып алсақ та болады. Келешектегі істейтін ісімізді ертең, жаңбыр ашылған соң ойласа жатармыз,— деді.

Нан кешкі ас әзірледі. Жолаушылар қаншама шаршағанмен тамақтанудан тартынбады. Әлі де болса екі күнге жетерліктей консервтер бар-ды, адамдар асқа арандарын аша килігіп, қалған консервтерді сол кештің өзінде-ақ ада қылды. Жаңбыр тиіп су бола қоймаған сухарилер қажырлы азулардың қыспағына түсіп ұдайы бірнеше минут күтірлеумен болды. Ал Геркулестің жағы қатқан нанды диірменсіз ұнтады.

Бірақ миссис Уэлдон асқа қолын әрең созды, егер оны Дик зорламаса, ештеңе татып та алмас еді. Бүл ержүрек әйел әлде ненің қамын ойлануда және өткен күндерге қарағанда қайғысы да басымырақ-ау деп шамалады жасөспірім. Бірақ кішкентай Джектің денсаулығы түзеле бастады. Безгегі де қайтып ұстаған жоқ, тыныш жатып ұйықтайтын болды. Дик Сэнд жас әйелдің ендігі қайғысы не екенін біле алмады.

Бенедикт ағай өзіне тиісті асты ішіп-жеуінде сөз жоқ, бұл әрине, түсінікті мәселе. Бірақ жұтқыншағынан өткен ас аз ба, көп пе, дәмді ме, дәмсіз бе, бұл жөнінде ғалымның ісі болды деп шамалаудың қажеттігі де жоқ. Ол өзінің не ішіп-жегенін білмей де қалды. Тек қана ас үстінде ұтыры келіп жолдастарына лекция оқығанына мәз болды. Әттең, иесіз қалған құрылыста термиттердің ең болмаса біреуі ғана қалмағанын айтсаңызшы!..

— Бұл тамаша жәндіктер,— деп бастады ол, әрине, өзінің әңгімесін жолдастарының тыңдаған-тыңдамағанымен оның жұмысы жоқ-ты,— тор қанаттылар тобына қосылады. Бұл топқа қосылатын жәндіктер бес түрлі. Шаян шыбындар, арыстан құмырсқалар, алтын қоңыздар, веснянка мен термиттер. Біз отырған үйдің иесі жоғарыда аталып өткен жәндіктердің соңғы тобына, яғни термиттер тобына қосылатынында ешқандай талас жоқ. Олардың үйін басып алуымыз мүлдем орынсыз шығар деймін!

Дик Сэнд Бенедикт ағайдың лекциясын зейін сала тыңдай бастады.

Бенедикт ағай өздерінің Африкада жүргендерін термиттер қаласынан-ақ білмей ме екен? Білмеуі де мүмкін, өйткені бұл ғалым өздерін бір материктен екінші материкке әкеліп тастаған қандай қатерлі кездейсоқ жағдай екеніне түсіне қоюы екі талай. Сондықтан да Дик Сэнд оның лекциясын мазасыздана тыңдады.

Ал Бенедикт ағай өзінің сүйікті шоқырағына басып желіге сөйледі.

— Термиттердің,— деп ол әңгімесін соза түсті,— сегіз бөлімнен құралған отыз бір талды қысқалау ғана мұрты болады: мұрттың ауызға жақын бөлімі кеміргіш тіс орнына жұмсалады. Термиттерді көбінесе «ақ құмырсқа» деп атайды, бірақ бұлай атау дұрыстыққа жатпайды. Өйткені термиттердің құмырсқа нәсіліне ешқандай жуықтығы жоқ. Олардың құмырсқамен нәсілдес деудің себебі, олар құмырсқа сияқты бір илеуде көп болып ұйымдасып тұрады, істері де құмырсқаға ұқсайды. Бір илеуде тұратын термиттердің көпшілігі өсім бермейтін қанатсыз жұмыскер термиттер. Бұлардың басы үлкен, жағы орасан күшті болады, олар «солдат» аталады. Термиттердің арасында ата және ана термиттері болады. Жас шағында бұлардың қанаты болады, ұша да алады, бірақ «тойдан» кейін қанаты түсіп, ұша алмай қалады. Бұл жұбайлар «патша», «ханым» аталып кетеді, өйткені олардың кәсібі тек қана тұқым өсіру.

— Ал мына күмбезді термиттердің қай түрі жасаған?— деп сұрады Геркулес.

— Әрине, ғылым жолымен анықталған «жауынгер термиттер» деп аталатын түрі жасаған,— деп жауап қатты Бенедикт ағай, жауынгерлігімен даңқы шыққан Македон немесе көне замандағы басқа нәсілдер туралы айтып отырған кісінің үніне салып.

— Жауынгер термиттер әдетте қай жерде өсіп-өнетін еді? — деп сұрады Геркулес.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий