Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жолаушылардың бәрі қатып ұйықтап жатқан тәрізді. Бірақ қаншама шаршап қажыса да Диктің ұйқысы келер емес, оның еңсесін ауыр ой басқан. Бар ойлағаны қайткен күнде де жолдастарын аман алып қалудың амалы еді. Жолаушылардың бар қайғы-қасіреті «Пилигримнің» апатқа ұшырауы ғана емес-ті. Егер олар жергілікті халықтың қолына түсе қалса, жаңа қайғыға, өте-мөте ауыр қайғыға ұшырайды.

Бірақ өздеріне төнген көп қауіптің ішіндегі ең қатерлісі мұхит жағалауына баратын жолда кездесетін бәле-бәтерден кішкене отрядты қалай аман алып қалу керек? Гэррис пен Негоро жолаушыларды Анголаға тегіннен-тегін әкелмеген. Бірақ оңбаған португал бұдан не пайда тапты? Ол сұмырай соншама неге және кімге өшікті? Негоро тек жалғыз мені ғана жек көріп, мені ғана күндейді деп Дик өзін өзі сендіруге тырысты. «Пилигриммен» теңізде жүрген шағында кездескен уақиғаларды қайта-қайта ойлап апатқа ұшыраған «Вальдекке» кездескенін, кит аулап жүріп капитан Гульдің барлық командасымен бірге қаза тапқанын тағы есіне түсірді... Дик Сэнд өзі он бес жаста бола тұрса да капитан болғанын, Негоромен керісіп қалғанда капитандық өкімді пайдаланып португалды капитан әміріне — өзіне бағындырғанын, кісендеймін, тіптен атып тастаймын деп қорқытқанын есіне түсірді. Әттегене-ай, ол залымды сонда-ақ неге ғана жайратпады екен? Егер Дик Сэнд сол кезде Негороны теңізге тастаған болса, бұл сияқты жан түршігерлік қайғылы уақиға болмас та еді!..

Бала жігіт осы уақиғаларды есіне түсірді.

Ол «Пилигримнің» апатқа ұшырағанын ойлады. Бейбіт жатқан Боливия жері деп шамалағаны бірте-бірте Анголаға, безгегі кісі өлтіретін, жабайы адамы жабайы аңнан да жаман, үрейлі Анголаға айналып бара жатқанын ойлады! Ат төбеліндей отряд мұхитқа баратын жолда бұл сияқты қауіп-қатердің қай-қайсысына болса да кездеспей кете алар ма екен? Мұхитқа салмен жетеміз деген жобасын Дик Сэнд жүзеге асыра ала ма? Жол жүрудің бұл әдісі құрғақпен жаяу жүргеннен гөрі адамды мойытпайтын, қатерсіз сенімді әдіс деп шамалауға бола ма?

Дик Сэнд алдағы жүретін жүз мильдік жана сапарға миссис Уэлдонның өзі де, кішкентай Джек те шыдай алмайтынын жақсы білді.

«Бір жақсы жері,— деп ойлады ол,— халіміздің өте нашар жағдайда екендігін миссис Уэлдон да және басқалардың да ешқайсысы сезген жоқ! Негороның кемені Африкаға келтіргенін, оның сыбайласы Гэррис бізді адастырып елдің алыс түкпірі Анголаға әкелгенін Том қартпен екеуміз ғана білеміз!»

Әлдекімнің жылы лебі Диктің маңдайына тигендей болды. Талдырмаш нәзік қол жасөспірімнің иығына асылды. Алқынған бір дыбыс оның құлағына сыбырлады:

— Байғұс бала, мен бәрін де білемін!

Алтыншы тарау

СҮҢГУІРЛЕР КҮМБЕЗІ

Күтпеген жерден мойындауға тура келіп, Дик Сэнд жас келіншекке жауап қайыратын сөз таппады. Бірақ миссис Уэлдон да одан жауап күтіп тұрмаған-ды. Жас әйел кері бұрылып, тоқтатқанша болмай, өз орнына, бөбегінің қасына барды.

Сөйтіп, миссис Уэлдон бәрін де біледі екен.

Шамасы, соңғы күндердегі уақиғалар келіншектің көңіліне күдік салып, мұның шындыққа айналуына Бенедикт ағайдың «Африка» деген жалғыз ауыз сөзінің өзі-ақ жеткілікті болған.

«Миссис Уэлдон бәрін де біледі екен! — деді Дик өзіне өзі.— Біле берсін, қайта білгені жақсы. Білсе де көңілі жабығып еңсесі түскен түрі жоқ, демек, менің уайымдауым бекер болған».

Дик енді таң атып күн шыққанын асыға күтті. Ол таң шапағы білінісімен маңайды шолып, кішкене отрядты Атлант мұхитына жеткізетін өзенді іздемекші: Дик өзінің іздеген өзенін оншалықты алыста емес, жуық маңда болуы керек деп шамалаған. Ендігі ең маңызды мәселе, жергілікті халыққа ұшырамаудың шарасын қарастыру, бірақ Гэррис пен Негоро сол жақтың адамдарын жолаушылардың ізіне салып та қоюы ықтимал.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий