Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Африкада,— деп жауап қатты ғалым.— Орталық Африкада болады, әсіресе оның оңтүстік өлкелерінде өсіп-өнеді. Африка деген шыбын-шіркей сияқты жәндіктерге өте бай, даңқы шыққан жер ғой. Ливингстонның құмырсқалар туралы соңғы жазған мақаласы оқуға тұрарлық қызғылықты еңбек, бұл мақаланы Стенли әкелген-ді. Ол саяхатшы теңдесі жоқ, менен анағұрлым бақытты адам: қызыл құмырсқалар мен қара құмырсқалар армиясының өзара қырғын соғысын өз көзімен көрген ол. Шайқаста қара құмырсқалар жағы жеңген, бұларды жергілікті халық «сирафу» деп атайды. Қызыл құмырсқалар жағы жауымен табан тіресе соғысқанның соңында жеңіліс тауып, соғыс майданын тастап кетуге мәжбүр болған. Бірақ олар жұмыртқаларын тастамай өздерімен бірге ала, толық тәртіппен шегінген. Адам болсын, айуан болсын, бұл сияқты жауынгерлікті ешқашан көрсете алған емес дейді Ливингстон. Тіптен сирафудың шаққанынан жолбарыс та, піл де қорқады. Құмырсқа армиясының шабуылына ешнәрсе кедергі бола алмайды, оның жолында ағаш кездессе оп-оңай өрмелеп басына шығып кетеді, суы бар жылға кездессе, бірнеше құмырсқалар бірінің аяғынан бірі ұстап өз денелерінен аспалы көпір жасайды да, басқалары жанды көпірдің үстімен жүріп өтеді. Құмырсқаның жауынгер қолы өте көп! Африканы зерттеуге барған Дю-Шайю деген тағы бір саяхатшы қара құмырсқалардың ұдайы он екі сағат үздіксіз шұбырғанын көріпті. Дегенмен құмырсқалардың есепсіз қолын саяхатшының көруі таң қаларлық уақиға ма? Африка жәндіктері ғажап өсімтал келеді, мысалға жауынгер термиттің ұрғашысын алуға болады: олар күніне алпыс мың жұмыртқа туады. Жергілікті халық бұл жәндіктерді жейді де. Айтарың бар ма, достарым, пісірілген термиттен дәмді ас жоқ шығар деймін!

— Бенедикт мырза, сіз оны жеп көргеніңіз бар ма? — деп сұрады Геркулес.

— Әзірге жеп көргенім жоқ. Бірақ жеймін!

— Қайдан жейсіз?

— Осы арадан!

— Бірақ біздер Африкада емеспіз ғой! — деді Том қарт асыға сөйлеп.

— Жоқ... жоқ...— деп жауап қатты Бенедикт ағай.— Дегенмен ғалымдар осы күнге дейін жауынгер термиттерді тек африкалық жағалауларда ғана кездестірген. Ох, ол саяхатшылар ма, олар іздей білмейді! Дегенмен, цеце деген шыбынды мен Америкадан таптым. Енді менің даңқым бұрынғыдан да гөрі көтеріле түседі, өйткені мен бірінші болып Жауынгер термитті де Америкадан тауып отырмын. Бұл, оқыған жұртты таң қалдыратын мақала жазу үшін не деген қымбат материал десеңізші! Мақала деген не, тәйірі, ішінде жақсы қағазға басылып жапсырылған кестелері мен түрлі түсті суреттері бар қалың том жазып шығаруға болатын материал ғой бұл! Европаның ғылым дүниесін бір сілкінтіп тастайтын еңбек қой бұл!

Жағдайдың нашар халде екенін Бенедикт ағайдың сезбегені анық болды. Бейшара ғалымның өзі болсын және оның қасындағы Дик пен Том қарттан басқа жолдастары болсын өздерін Америкадамыз деп сенген еді.

Бұл сенімдерінің қате екеніне көздерін жеткізу, айырықша бір уақиға болмайынша мүмкін емес.

Бенедикт ағай әңгімесін аяқтағанда уақыт кешкі сағат тоғыздың шамасы болып қалған еді. Энтомологиялық әңгімені маужырап тыңдаушылардың көпшілігі ұйықтап кеткенін ғалым байқады ма екен? Сірә, байқамаған шығар. Бірақ Бенедикт ағайға тыңдаушының да керегі жоқ-ты. Ол тек қана өзі үшін айтып отырған. Геркулес басқалардан гөрі ұйқымен көбірек тіресті, бірақ жол азабынан қажып әбден шаршаған алып кешікпей-ақ көзін жұмып ешнәрсені естімеді.

Егер ұйқы жеңбегенде, Бенедикт ағай әлде де болса мылжыңдап беталды лаға берер еді, бірақ ақырында өзінің таңдап алған «үстіңгі текшесіне» шығып ұйқыға кірді.

Күмбез іші тым-тырыс, бірақ далада күн күркіреп, найзағай жарқылдап, дауыл әлі соғып тұр. Жуық арада жел басылып, күн ашылады дерлік үміт жоқ.

Фонарь өшіп күмбез ішін қараңғылық басты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий