Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұл жағы белгілі ғой, Том, белгілі! Бірақ қандай да болса бірер баспана табу керек. Ең құрыса бір күрке табылса да жарар еді...

Дик Сэнд кенет кідіріп тына қалды.

— Көз шағылта жарқылдаған найзағай ен даланың ол шеті мен бұл шетін күндізгідей жарық қып жіберді.

— Жарым миль жерден шоғырланған бір қара көрініп қалды, ол не болды екен? — деп айқайлады Дик.

— Мен де бірдеңе көргендей болдым,— деп жауап қатты қарт негр.

— Лагерь шығар? Рас емес пе?

— Ие, лагерь.,.. Бірақ жергілікті халықтың мекені болар демеймін.

Найзағай екінші қайтара жарқ ете түскенде, лагерь анық көрініп қалды. Жазықтың орта шенінде көше-көше етіп салынған, биіктігі он екі футтан он бес футқа дейін келетін жүзге тарта шатыр тұр. Бірақ бұл лагерь иесіз сияқты. Адамдары қайда кетті екен? Егер де лагерьдің халқы жаңбырдан қашып шатырға қорғаласа, соғып тұрған күшті дауылды елең қылмай кішкене отряд басқа жаққа қашулары керек. Егер адамдары лагерьді тастап кетіп қалса иесіз қалған шатыр жолаушыларға баспана болар еді-ау.

«Мен мұның не екенін білейін» — деді Сэнд өзіне өзі. Ол Том қартқа қарап:

- Мен келгенше қозғалмаңдар! — Мына лагерьді шолып қайтайын,— деді.

- Сізге біреуіміз ере барайық, рұқсат етіңіз,— деп өтінді қарт негр.

- Жоқ, Том, мен жалғыз барамын. Лагерьге білінбей бару керек, мені осы арада күтіңдер!

Дик Сэнд пен Том қарт бастап келе жатқан кішкене отряд сол арада тоқтап қалды. Найзағай жалт ете қалған кезде жасөспірім бұқпалай жүгіріп, қараңғылыққа шомып ғайып болды.

Жаңбырдың алғашқы ірі тамшылары біртіндеп тама бастады.

— Дик қайда кетті?—деп сұрады миссис Уэлдон қарт негрге келіп.

— Біздер осы маңайдан лагерь сияқты бірдеңе көрдік, миссис Уэлдон,— деп жауап қатты Том.— Әлде оның қыстақ болуы да ықтимал. Біздің капитан адамдарды онда тұп-туpa бастап апарудан бұрын, алдын ала барлап қайтуға кетті.

Миссис Уэлдон бұл жауапқа қанағат етті.

Бірнеше минуттан соң Дик қайтып келді.

— Жүріңдер,— деп ол қуанған кісіше айқайлап жіберді.

— Лагерьде адам жоқ па? — деп сұрады Том.

— Бұл өзі лагерь де емес, қыстақ та емес,— деді жасөспірім.— Құмырсқаның кәдімгі илеуі екен.

— Құмырсқаның илеуі?—деп айқайлады Бенедикт ағай, ол бірден жадырап сала берді.

— Ие, Бенедикт мырза, бірақ илеу болғанда да биіктігі кемінде он екі фут келетін үлкен илеу. Сонда барып паналайық.

— Олай болса, бұл тропиктік илеуі болуға тиіс. Олар ақылды жәндіктер, архитекторлардың қандайы болса да сала алмайтын, сол шеберлердің намысына тиіп ызасын келтіретін өте зор да сәулетті құрылыстар сала біледі.

— Бенедикт мырза, мейлі, термиттер болсын, мейлі басқа жәндіктер болсын, қуып шығып, орнын өзіміз басуымыз керек.

— Олар бізді жеп қояды! Әрине, олардікі заң.

— Жүріңдер! —деп айқайлады Дик Сэнд.

— Ay, тоқтай тұрыңдаршы! — деп кес-кестей берді Бенедикт ағай.— Бұл сияқты термит илеулері тек қана Африкада болады деп шамалайтын едім.

— Жүріңдер! — деп Дик Сэнд ашулана айқайлады.

Миссис Уэлдон энтомолог-ғалымның жат сөздеріне көңіл аударуы мүмкін деп қорыққан еді Дик.

Кішкене отряд асыға басып Диктің соңынан жөнелді. Осы арада жел бірден күшейіп кетті. Жаңбырдың ірі тамшылары тырсылдап жерге тамып жатты. Дауыл енді құтырына соғып зіркілдей жөнелді.

Жолаушылар кешікпей-ақ шеткері тұрған бір термит илеуіне жетті. Бұлардың алдында тұрған мәселе: мәмілеге келсе, термиттермен келісіп қоңсы қону, немесе өздерін айдап шығып, термиттердің орнына өздері орналасу еді.

Күмбез тәріздес етіп салынған құрылыстың астыңғы жағынан, қызғылт балшық жапсырылған жерінен кішігірім тесік көрінді. Геркулес тесікті жалма-жан пышағымен ойып, адам сиярлықтай етіп кеңіте бастады.

Бұл илеулерді жүз мыңдаған термиттер мекендейтін, ал қазіргі уақытта олардың бір де бірінің көрінбеуі Бенедикт ағайды таң қалдырды. Бұл қалашықтың иелері шынымен-ақ мекенін тастап кетіп қалғаны ма?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий