Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сөйтіп, теңіз жағалауынан немесе орман арасынан жолаушыларға хин ағашы, не каучук ағашы кездеспеу себебі де осы еді. Хин ағашы Оңтүстік Америкада болады, бірақ жолаушылардың қазіргі жүрген жері Атакама сахарасы да, Боливия пампастары да емес, мүлде басқа жер.

Диктің көргені түйеқұс емес, керік екенінде күмән жоқ! Бұта арасындағы жол, пілдер жүріп өткен сүрлеу болатын! Ықтың жыра ішінен көргені гиппопотам. Бенедикт ағайдың ұстаған шыбыны Африкада болатын цеце деген аса қауіпті улы шыбын, оның шаққанынан бір керуен түйе тұтас қырылады.

Түн қараңғысын жара ақырған арыстан болатын!

Ал, ағаш бұғау, шынжыр, түрі жаман пышақ — құл саудагерлерінің қаруы еді. Кесіліп қалған қол еріксіз қара адамдардың қолы.

Португал Негоро мен американ Гэррис — бұл екеуі сыбайлас адамдар болатын!

Ақырында Диктің жорамалдауы шынға айналып, оның аузынан жан түршігерлік сөз шықты:

— Африка! Экваторлық Африка! Құл саудасы мен еріксіздер елі!

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Бірінші тарау

ҚҰЛ САУДАСЫ

Құл саудасы! Бұл үрейлі сөздің не сөз екендігі және оның адамзат тілінде орны болмауға тиістігі жұртқа мәлім!

Мұхиттың ар жағында отар елдері бар европалық ұлттар, мына сияқты масқаралық адам саудасынан мол пайда түсіріп, бұл саудамен ұзақ уақыт шұғылдануда. Құл саудасына тыйым салынғанына көп болды, дегенмен көп жерлерде етек алып, әсіресе Орталық Африкада күні бүгінге дейін77 дәуір сүруде.

Оның үстіне XIX ғасырдың орта кезінде өздерін мәдениеттіміз деп атайтын кейбір мемлекеттер адам саудасына тыйым салу жөніндегі актіге қолдарын қоюдан бас тартты.

Көп адамдар, құл саудасына, былай айтқанда адамды сатуға немесе сатып алуға әлдеқашан тыйым салынған деп шамалайды. Дұрыс емес! Біздің заманымызда, жер шарының бір бөлегін қаңыратып елсіз қалдыру қаупін төндіріп адам аулау ісінің қалай жүргізілгенін осы кітаптың екінші бөлімінде әңгіме етеміз. Бірсыпыра отар елдерге тегін жұмыскер күшін жеткізу үшін нендей айуандық шабуылдар жасалғанын, шапқыншылық кезінде бір қыстақтың түгелдей өртеніп күлі көкке ұшқанын, қаншама қан төгілгенін және одан пайда түсіргенін оқушылар нақты түсіне алады.

Негрлерден адам ұстап алып соларды сатып сауда ету XV ғасырда басталған. Ол сұмдық мына жағдайдан шыққан: Испаниядан қуғын көрген маврлар бұғаздың78 арғы бетіне — Африка жағалауына барып мекендейді. Ол уақытта бұл жағалауды португалдар билейтін-ді, олар қашып барған маврларға орасан қатты қысым көрсеткен. Қудалаушылар қашқындардың бірсыпырасын қолға түсіріп, Португалияға қайта апарған. Тұтқындар құлға айналады. Бұлар біздің жыл санауымыз басталған соң Батыс Европадағы алғашқы африкандық құлдар еді.

Бірақ тұтқын маврлардың көпшілігі ауқатты адамдарды, бұлардың дәулетті туыстары өздерінің тұтқын бауырларын сатып алуға әрекет жасап, португалдарға толып жатқан алтындар тыққылайды. Бірақ португалдар шетел алтындарын қайда апармақ? Оларға, жаңа өсіп келе жатқан отар елдерінде жұмыс істеу үшін жұмыскер күші керек. Қысқасын айтқанда, Португалияға алтын емес, құл керек болды.

Тұтқындағы туыстарын сатып ала алмасына көздері жеткен маврлар, енді африкалық негрлерге айырбас жасауды ұсынады, маврлар үшін негрлерді қолға түсіру қиын емес, бір тұтқын маврға бірнеше негр берулері керек. Бұл ұсыныс португалдарға тиімді еді, сондықтан олар бұл ұсынысты қабылдады. Сөйтіп, Европадағы құл саудасының басы осылай басталған.

XVI ғасырдың ақырында бұл жексұрын сауда орасан зор етек алды. Тіптен сол уақыттағы әулиесінген адамдардың өздері де бұл істі күнә деп есептемейді. Өздерінің Жаңа дүниедегі шалғай жатқан иеліктерін отарға тез айналдырудың бірден-бір құралы екенін біліп, бүкіл мемлекет болып құл саудасына қамқорлық жасады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий