Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дик Сэнд өзіне ерген жолдастарының тағдырына әлі жауаптымын деп ойлады. «Пилигрим» апатының нәтижесінен осы жағалауға шығып қалған адамдарды аман сақтап қалу, қашан да болса Диктің міндеті. Мына жас ананы, оның кішкентай бөбегін, негрлерді, Бенедикт ағайды—қысқасы жолдастарының бәрін ажалдан арашалап қалатын тек қана жалғыз өзі. Дик Сэнд өз алдында орасан зор қауіп тұрғанын, оны жеңуге өзінің күші жететінін алдын ала болжаған еді, бірақ бұл қатерге қарсы қолданарлық жас жігіттің қандай шарасы бар? Үрейлі күдік бірден бірге анықталып шындыққа айнала түсті, мұның алдында Дик Сэнд көз жұмып тізе бүгуге тиіс емес. «Пилигримнің» он бес жасар капитаны, қауіпті жағдай төнген минутта басшылықтың қиын міндетін өз мойнына тағы алуы керек болды. Бірақ Дик Сэнд кішкентай Джектің бейшара анасын күні бұрын абыржытқысы келмеді, уақиға шындыққа шыққан кезде оған бәрін де айтып үлгерермін деп ойлады. Ол тіптен сай ішінен кішкене отрядтың жолын бөгеген орасан ірі бірнеше хайуандар көргенін де айтпаған.

Ол «Гиппопотам! Гиппопотам»75 — деп айқайлағысы келген еді. Бірақ үндеген жоқ. Дик Сэнд жүз қадамдай отрядтың алдында келе жатқан. Бұл мыртық аяқты, үлкен басты, ауызы орасан үлкен, ақсиған тістерінің ұзындығы бір фут келетін дембелше хайуанды бұл арада Диктен басқа ешкім көрмеген-ді.

Америкада гиппопотам болғаны ма?!

Отряд кешке шейін алға басумен болды. Ең төзімді дегендер де қалжырайын деді. Мегзеген жерге жететін уақыт болды! Немесе тоқтап қону керек.

Барлық ынта-жігері кішкентай Джектің қамында болып, миссис Уэлдон өзінің шаршағанын да сезбесе керек, бірақ әбден қалжырап біткен еді. Басқа жолаушылардың да халдері онша мақтарлық емес. Мойығандыққа бойсұнбаған тек жалғыз Дик қана, бар жігерін, бар қайратын өз борышын өтеуге сарықты.

Түстен кейін сағат алтының кезінде, Том қарт шөп арасынан бір түрлі өрескел зат тауып алды. Бұл жалпақ соғылған, түрі жаман, қайқы жүзді, піл сүйегінен жасалған жуан сабына тұрпайы өрнек салынған селебе пышақ еді.

Том қарт пышақты алып, Дикке әкеліп көрсетті. Бұл олжаны жасөспірім мұқият көріп болды да, сосын американға берді.

— Сірә, жергілікті халықтар алыс болмаса керек,— деді ол.

— Шынында да,— деп жауап қатты Гэррис.— Бірақ...

— Бірақ?—деп Сэнд тіп-тіке Гэрристің көзіне қадала қарап, оның сөзін қайталады.

— Біз ендігі гациендке жетуіміз керек еді,— деді Гэррис қипақтай сөйлеп.— Бірақ мен жерді жете таныңқырамай тұрмын...

— Сіз әлде адасқан боларсыз? — деді Дик жұлып алғандай.

— Адасу? Жоқ. Гациенд үш мильден әрі болмауға тиіс. Жолды қысқарту үшін мен орман аралап төтелеп жүрдім ғой... Мен жаңылған екенмін...

— Ықтимал,— деді Дик Сэнд.

— Мен жалғыз барып алдыңғы жақты шолып келсем деймін, ең дұрысы осы болар,— деді Гэррис.

— Жоқ, мистер Гэррис,— деп Дик Сэнд кесіп айтты, бөлінбеуіміз керек.

— Ықтиярыңыз білсін,— деді американ.— Бірақ есіңізде болсын, мен түн ішінде жол таба алмаймын.

— Несі бар! — деді Дик Сэнд.— Бүгінше осы араға қона кетерміз. Бір түн ашық ауада жатып шығуға миссис Уэлдон да қарсылық ете қоймас, ертең күн шығысымен жүріп кетерміз. Ендігі қалған екі-үш мильді бір сағатта алуға болады.

— Мақұл,— деді Гэррис.

Нақ осы сәтте Динго өршелене абалап қоя берді.

— Кейін, Динго, кейін! — деп айқайлады Дик Сэнд.- Маңайда ешкім жоғын өзің де жақсы білесің, біз елсіз жердеміз ғой!

Сөйтіп, ақырғы кешті тоғай ішіне түнеп өткізуге ұйғарылды. Миссис Уэлдон қай жерге қонудың билігін жолдастарына тапсырды да, өзі тіс жарып үндеген жоқ. Безгегі басылған соң ұйықтап қалған Джек анасының қолында жатыр еді. Жолаушылар қос тігетін жұрт іздей бастады.

Дик Сэнд қолайлы болар деп шоғырлана өскен бірнеше ірі ағаштарды көрсетті. Том қарт соған қарай жүре түсті де, кенет айқайлап жіберді.

— Мынаны қара! Мынаны қарашы.

— Немене, Том? — деп сұрады Дик байсалды үнмен, төтеннен тап бола кеткен нендей жағдай болса да қарсы тұруға әзір кісіше.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий