Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Гэрристің шамамен айтқан есебіне қарағанда, отрядтың тұрған жері мен Сан-Феличедегі гациендтің арасы алты мильден артық емес. Сонда да болса түнге қарай қолданылып келе жатқан бұрынғы сақтық шараларының бәрі бүгінгі түнде де қолданылды: Том мен оның жолдастары кезектесіп күзетте тұруға тиіс. Дик Сэнд осы тәртіпті қайтсе де бұзбауға тырысты. Әйтеуір ол қайткен күнде де сақ болғысы келді. Үрейлі күдік оның ойынан кетпеді, бірақ бұл сезік шынға шықпай тұрып, алдын ала дабыралағысы келмеп еді.

Отряд биік орманның іргесіндегі қалың бұтаның арасына келіп тоқтады. Ұзақ жүрістен шаршап қажыған миссис Уэлдон мен оның жолдастары жатысымен ұйықтап қалған, бірақ оларды біреудің кенет бақырған даусы оятып жіберді.

— Айқайлаған кім? —деп сұрады Дик Сэнд, бәрінен бұрын ұшып тұра келіп.

— Мен... мен ғой айқайлаған! — деп жауап қатты Бенедикт ағай.

— Не болды?

— Мені бірдеме шағып алды...

— Жылан ба? — деп сұрады миссис Уэлдон шошынып.

— Жоқ, жоқ, жылан емес, жәндіктердің біреуі,— деді Бенедикт ағай.— Тоқтай тұрыңдаршы, мен оны ұстадым, міне!

— Ендеше, оны аяғыңызбен жаншып тастаңыз да, біздің ұйқымызға маза беріңіз,— деді Геркулес ашуланып.

— Жәндікті жаншып тастауға ма? — деп айқайлады Бенедикт ағай,— қой, оныңыз болмас! Жоқ, мен оны көруім керек!

— Түкке тұрғысыз бір шіркей шығар,— деді Гэррис иығын бір қозғап қойып.

— Жоқ,— деді Бенедикт ағай,— бұл шыбын... Шыбын болғанда да аса қызғылықты шыбын.

Дик Сэнд өзінің қол фонарын жақты да, Бенедикт ағайдың қасына барды.

— Жасаған-ау, мен не көріп тұрмын! — деп ғалым айқайлап жіберді.— Қаншама еңбек зая кетті деп қатты ренжіген едім, әйтеуір бәрінің есесі ақыры қайтты-ау! Мен аса зор жаңалық аштым!

Табысына масаттанған ғалым жөтеліп шашалып та қалды. Ұстап алған шыбынына сұқтанып қайта-қайта қарай береді. Тіптен шыбынды сүйіп алғалы тұр.

— Немене бұл? — деп сұрады миссис Уэлдон.

— Бұл қос қанатты жәндік, қараңызшы өзін, қандай тамаша?..

Бенедикт ағай, бауырында сары сызығы бар ұзын тұмсықты ірі шыбынды жұрттың бәріне тегіс көрсетіп шықты.

— Мұныңыз улы шыбын емес пе? — деп сұрады миссис Уэлдон.

— Жоқ, қарындас, мұның адамға зияны жоқ. Бірақ бұл хайуандарға, әсіресе бөкен, буйвол, тіптен пілге де аса қатерлі дұшпан! Шіркін! Қандай сүйкімді өзі. Қандай әдемі шыбын!

— Бұл нендей шыбын, айтыңызшы бізге? — деп айқайлады Дик Сэнд.

— Бұл шыбын,— деді энтомолог,— бұл менің қолыма ұстап тұрған сүйкімді шыбын

— Бұл цеце.74 Бұл шыбын жөнінде осы күнге дейін тек бір ғана континент мақтана алады! Ғалымдардың бірде-бірі цецені Америка жерінен әлі күнге көрген емес!

Бұл қарғыс атқан шыбын бұған дейін дүниенің қай бөлегінде болғанын Бенедикт ағайдан сұрауға Диктің батылы бармады.

Мына уақиғаның кесірінен ұйқылары бұзылған жолаушылар, қайтадан жатып ұйқыға кірісті, бірақ Дик Сэнд қатты қажыса да, таң атқанша кірпік ілмеді.

Он сегізінші тарау

СУЫҚ СӨЗ

Межелі жерге жететін уақыт болды. Миссис Уэлдон әбден шаршап, бұдан ары жүре алмастай халге жетті. Баласының да түрі көрген адамның жаны ашырлықтай. Безгегі ұстаған кезде Джектің беті жалындай албырап, басылған соң бордай бозарып қалатын-ды. Анасының мазасы кетті, тіптен кәрі Нанға да сенбей, баланы қолынан түсірмей өзі бақты.

Ие, бұлар мегзеген жерге әлде қашан жетулері керек еді! Егер американның сөзі рас болса, сол күні көптен қалмай, он сегізінші апрельде кішкене отряд Сан-Феличедегі гациендтің қорасына кіреді...

Миссис Уэлдон қажырлы әйел еді, сонда да болса тропиктік орманды кезіп сандалған он екі күн, ашық далада қонып өткізген он екі түн оны аса қажытты. Мұның үстіне кішкентай Джектің ауырған қайғысы мен оны емдейтін дәрінің табылмауы қосаметкей болды. Бұл халде қаншама қажырлы ана болса да күйзелер еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий