Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Диктің көріп келе жатқан жері пампасқа ешқандай ұқсамайды. Оның көрген жерлері ит мұрны өткісіз, бір шеті сонау көкжиекке барып енген жыныс орман. Жоқ, жасөспірімнің есебінше, пампастар бұл сияқты болмауға тиіс. Бірақ Гэрристің, Атакама тауының қырқалары кереметтей жақсы жер деп мақтауы шын болар. Атакама туралы Дик не білетін еді? Атакама — мұхит жағалауынан Анд тауының етегіне дейін көсіліп жатқан Оңтүстік Американың байтақ далаларының бірі, оның Атакама туралы білетіні тек осы ғана.

Сол күні Дик Сэнд американға пампастың бұлай көрінуіне өзінің таң қалғанын айтып еді, бірақ Гэррис оның күдікті ойын таратып жіберді. Ол Боливияның осы бөлегі туралы толып жатқан түсініктер айта келіп, бұл жақты өзінің жақсы білетіндігін аңғартты.

— Сіз дұрыс айтасыз, жас достым,— деді ол Дикке,— нағыз пампастар, шынында да сіздің кітапта оқығаныңызға сәйкес. Бұл құнарсыз жазықта жол жүру өте қиын. Пампастар біздің Оңтүстік Америка саванналарына бірсыпыра ұқсаңқырайды, бұл екеуінің арасындағы айырма, саванналар көбінесе батпақты болады. Ие, Рио-Колорадо да, кендірлі Ориноко мен Венецуэл да нақ осы сияқты. Бірақ біздің тап болған жеріміздің түрі тіптен мені де таң қалдырып келеді. Дұрысын айтқанда, мен Атакама тауының қырқаларымен төтелеп алғаш рет асып келем, әдетте бұл тауды айналып жүретінмін. Бірақ мен бұл жерде бұрын болып көргенім жоқ. Атакама тауы пампастарға мүлдем ұқсамайды дегенді естігенім бар. Пампастарға бару үшін тауды бөктерлей асу керек: пампастар Атлант мұхитының нақ өзіне дейін созылып материктің шығыс бөлегін алып жатыр.

— Біз Анд тауынан асамыз ба? — деді Дик Сэнд жұлып алғандай.

— Жоқ, жас достым,— американ күлімсірей жауап қатты.— Мен, «асу керек» дедім ғой, «таудан асамыз» дегенім жоқ. Қам жемеңіз, тау қырқаларынан ұзамаймыз, мұның ең биік шоқысы мың жарым фут. Қолда бар көлікпен Анд тауынан асуға дәмелену, таза ақымақтық болар еді. Маған салса, ол жолмен жүруге ешқашан көнбес едім.

— Теңіз жағалап жүру анағұрлым артық болар еді,— деді Дик Сэнд.

— О, айтарың бар ма, жүз есе артық,— Гэррис оның сөзін қостаған болды.— Бірақ Сан-Феличедегі гациенд Анд тауының бергі бетінде ғой. Сондықтан мегзеген жерімізге жеткенше кездесе қоятын елеулі кедергі жоқ.

— Ал сіз орман арасымен жүргенде, адасу жағынан қауіптенбейсіз бе? — деп сұрады Дик Сэнд.— Өйткені сіз бұл арамен алғаш рет жүріп келесіз ғой.

— Жоқ, қауіптенбеймін,—деп жауап қайырды Гэррис.— Бұл орман ұшы-қиыры жоқ шалқып жатқан теңіз сияқты, тіптен түбі жоқ терең теңіздерде жөн таппай сандалатын теңізшілер де болады, бұның дәл соған ұқсайтынын да жақсы білемін. Бірақ мен орман кезіп әдеттеніп қалған адаммын ғой, сондықтан бұл орманнан жол тауып жүре алатыныма сенімім мол. Мұның үстіне кейбір ағаштардың бұтақ бітісінен бағдар аламын, оның жапырақтары маған жөн сілтейді, жер қыртысының қосындысы мен жер бетінің ой-шұқырынан да және сіз байқамайтын мыңдаған болымсыз заттардан да бағдар алуыма болады. Қам жемеңіз, сізді және сіздің жолдастарыңызды межелі жерге тура бастап апара аламын.

Гэррис бұл сөздерді өзіне өзі толық сенетін кісіше айтты.

Отряд алдында қатарласа жүріп келе жатқан Дик пен американ бұл сияқты мәселелерді жиі талқылаумен болды, бұл екеуінің әңгімесіне басқа ешкім қатысқан жоқ. Жасөспірімнің ойындағы кейбір күмәнді пікірлерді таратуға американның шамасы келмей қалса, ондайларды әзірше ішке сақтай тұруды мақұл көрді Дик Сэнд.

Апрельдің 8, 9, 10, 11 және 12-сі күндері ешқандай уақиғасыз өтті. Отрядтың орта есеппен он екі сағатта жүрген жолы сегіз — он мильден асқан жоқ. Қалған уақыттары кідіріп тамақтану мен түнгі демалысқа кетті. Жолаушылар өздерінің кәдімгідей қаржалып қалғандарын сезді, бірақ ауру-сырқаудан тегіс аман еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий