Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жылауық маймылдардың үйір бастығы күн батысымен бір қалыпты ұзақ әуенге басады. Бұл—баритоны — жуан дауыстысы, оның соңынан ертеңгі симфонияны тенорлары— жіңішке дауысты жастары жалғастырып, айнала бірнеше километр жерге естіледі.

Бірақ бүгінгі таңда, не себепті екенін кім білсін, жылауық маймылдар да, басқалары да күн сайын таңертең беретін концерттерін бермеді.

Маймылдар концертінің тына қалуына үндістер қатты ренжиді. Олар маймылдың көп дауыспен концерт беретін түрін жақсы көргендіктен ренжиді емес, мұнда мән бар. Үндістер маймылдарды жаны сүйіп аулайды, олар бұл жануарлардың етін аса қымбат бағалайды, маймыл еті шынында да дәмді болады, әсіресе кептіріп ысталғаны аса дәмді.

Бірақ Диктің өзі де, оның жолдастары да жылауық маймылдардың сырынан ешқандай хабарсыз болатын, әйтпесе олар маймылдар концертінің тына қалуын ескерер еді.

Жолаушылар бірінен соң бірі ояна бастады. Түн тыныш өтті, адамдар бірнеше сағат жатып демалғанның өзінде-ақ, күш жинап тынығып қалған.

Алдымен оянғандардың бірі кішкентай Джек. Ол көзін тырналап ашысымен Геркулесті көріп, сен түнде қасқыр жемедің бе деп сұрады. Бірақ түн ішінде бұлардың қонып шыққан жеріне қасқырлардың бірде-бірі жуымапты, сонымен, Геркулес қасқыр жемегесін өзінің қарны ашып, ішінің ұлып бара жатқанын айтып, Джекке шағынды.

Басқа жолаушылар да аш еді, кәрі Нан тұрып ас әзірлей бастады.

Жолаушылар кеше кешкісін жеген тамағындай, бүгін де құрғақ нан мен кептірілген ет жеп қанағат етті. Бірақ ертеңгі таза ауа бәрінің де аранын ашты, жолаушылар қайсысы болса да талғампаз адамдар емес еді. Күндізгі ұзақ жол адамды қажытады ғой, күш жинап дайындық жасау керек, бұл жағдай жолаушыларға мәлім еді, сондықтан өнебойы жеп ығыр болған бір ыңғай асты бүгін де құныға жеді. Тіптен ішіп-жемнің өмір үшін пайдалы екенін және парықсыз еместігін, бәлки өз өмірінде біліп тұрғаны осы болар, Бенедикт ағай асты сүйсіне жеді. Ол жұртқа естірте: «Бұл жаққа екі қолды қалтаға салып серуендеу үшін келгеніміз жоқ» дегенді айтты.— Егер Геркулес,— деп ол сөзін жалғастыра берді,—менің жарқырауық қоңыз, тағы басқа қоңыздар аулауыма кедергі жасауын қоймаса, сазайын тартатынын біліп қойсын!

Бенедикт ағайдың қорқытқаны алыпқа оншалықты ой түсірмеген сияқты. Бірақ жас келіншек Геркулесті оңаша шығарып алып, мына сақалды сәбидің көзден таса болмай, алысқа ұзамай ойнауына лұқсат етерсің, деп ескертті.

— Бенедикт ағай егде адам,— деді миссис Уэлдон,— сонда да болса шыбын-шіркей аулауды ар көрмейді, керісінше, қызық көреді, өзіне қажетті қызығынан мақұрым етудің керегі жоқ.

Кешегі жол жүру тәртібін сақтай, кішкене отряд ертеңгі сағат жетіде шығысқа қарай тағы жүріп кетті.

Жол орман аралай жүрді. Ыстық ауа мен қандыра жауған жаңбыр өзі тусырап жатқан жерді одан сайын маңыздандырып жіберген. Тау қырқалары тропиктік ендікке жақын орналасқан. Жаз айларында күн бұл жерге тіп-тіке төбеден түседі. Дымқыл жер қыртысының астыңғы қабатына түскен кезде, үстіңгі қабаты жылуды мол жинап алады. Сондықтан ол өлкенің қалың орманды болуы таң қаларлық жағдай емес.

Гэрристің айтуына қарағанда, кішкене отряд пампастар тауында жүр, Дик Сэнд бұл жағдайды ғажап қайшылық деп шамалайды. «Пампа» үндістер тілінде «жазық» деген сөз.

Дик өз қатеріне онша сене бермейді, сонда да болса, пампас деген жер — жылдың жаңбырлы шақтарында түгел тікен басып кететін, ағашы жоқ, сусыз шөл дала деген сөз оның есінде болатын.

Жылдың ыстық кезінде әлгі түйетікендер ағаш сияқты бойлап өсіп, ит мұрны өткісіз қалың жынысқа айналып кетеді. Пампаста тырбық өсетін ергежейлі, тікенекті ағаштар да болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий