Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
Нандуды жақсы білетін Гэррис, Дикпен толық та дәл пікір алысты. Миссис Уэлдон мен басқа жолаушылар өздерінің қателескендіктерін амалсыз мойындады.
— Мүмкін, біз түйеқұстардың тағы бір тобына кездесерміз,—деді Гэррис.—Екі аяқты құсты төрт аяқты хайуан деп тағы қателеспеу үшін оларды әбден анықтап қарауға тырысыңыздар. Ал, жас достым, ең абзалы, менің мәслихатымды ұмыта көрмеңіз, хайуанның нендей түріне кездессеңіз де, шарасыздың күнінде ғана болмаса, ата көрмеңіз. Азыққа бола аң аулаудың керегі жоқ, азығымыз жетерлік, мен мылтық даусын шығарып, өзіміздің осында екенімізді білдірмеу керек деп баста ескерткенмін, сол сөзімді тағы қайталаймын.
Гэрриске Дик Сэнд ешқандай жауап қайырмай терең ойға шомды: оның ескі күдігі қайта қозды...
Ертеңіне апрельдің он жетісі күні отряд ерте тұрып жолға шықты. Гэррис жолаушыларды ең ары кетсе жиырма төрт сағатта Сан-Феличедегі гациендте боласыздар деп сендірген-ді.
— Миссис Уэлдон,— деді ол,—сізді онда құрметтеп қарсы алады. Бірнеше күн жатып дем алып, тынығып күш жиып аласыз. Сіздің Сан-Францискодағы әдеттеніп қалған сән-салтанатыңыз ол жерде түп-түгел табылмауы мүмкін, әйтсе де бұл жақтың қараңғы түкпіріндегі гациендте бірсыпыра жақсы тұрмыс бар екенін өз көзіңізбен көре аласыз Біздер кісі сенбестей жабайылар емеспіз ғой.
— Мистер Гэррис,— деп жауап қатты миссис Уэлдон,— біздің бізге істеген жақсылығыңыздың шегі жоқ, оны өзіміз де жақсы білеміз. Бір өкінішті жері, сіздің жақсылығыңызды қалай қайырар екенбіз, мұның шын ықыласпен айтылған сөз екендігіне сеніңіз! Ие, межелеген жерімізге жетіп тыншаятын мезгіл болды білем!..
— Миссис Уэлдон, сіз өте шаршадыңыз-ау деймін?
— Әңгіме мен туралы болып тұрған жоқ қой,— деп жауап қатты әйел.— Менің бөбегім күннен күнге жүдеп барады. Оның күн сайын белгілі сағатта безгегі ұстайды.
— Бұл арадағы тау қырқаларының ауа райы жаман емес, таза деседі,— деді Гэррис,— бірақ март, апрель айларында адамдардың сары безгек болып ауыратындары болады дегенді естігенім бар.
— Біздің бағымызға,— деп үн қатты Дик Сэнд,— табиғат алдын ала ескеріп, удың емін өзімен бірге өсіріпті...
— Сонымен, жас достым, не айтқыңыз келіп еді? — деп сұрады американ.
— Мұнда хин ағашы болмай ма? — деді жас жігіт.
— Ах, ие, ие,— деді Гэррис,— сіз әбден дұрыс айтасыз. Хин ағашы осында өседі, оның қабығында ыстық қайыратын тамаша қасиеті бар.
— Расын айтқанда, біз күні бүгінге дейін бірде-бір хин көргеніміз жоқ, мен осыған таңданамын,— деп үстеді Дик Сэнд.
— Хин ағашын бірден тани қою оңай емес,— деді Гэррис,— бар гәп сонда, жас достым. Ол ірі жапырақты, хош иісі аңқып тұрған алқызыл гүлді биік ағаш. Бірақ хин ағашы, әдетте өз алдына бөлек өспейді, жеке-жеке, басқа ағаштармен араласа өседі. Хин ағашының қабығын жинаумен шұғылданған үнділер тек оның мәңгі көгеріп тұратын жапырағынан ғана таниды.
— Мистер Гэррис, егер ондай ағаш сіздің көзіңізге түсе қалса, тәңір жарылқасын, маған көрсетіңізші,— деп өтінді миссис Уэлдон.
— Әлбетте, миссис Уэлдон, бірақ сіз күкірт қышқылды хинның нағыз өзін Сан-Феличедегі гациендтен таба аласыз, бұл дәрі әншейін хин ағашының қабығынан гөрі безгекті тез тоқтататын бірден-бір шара.
Сапардың ақырғы күні ешқандай уақиғасыз өтті. Күн кеш болып, кішкене отряд бұрынғы әдетінше қонуға тоқтады. Ауа райы өнебойы құрғақ та ашық болған еді, бірақ бүгін жаңбыр жауатын тәрізді.
Жерден жылы бу көтеріліп, орманды қалың тұман басты.
Бұл күтілмеген жағдай емес, өйткені жылдың жаңбырлы маусымы басталып қалған. Кішкене отрядтың бақытына қарай, енді гациенд те онша қашық емес, жақын еді. Ендігі қалғаны тек бірнеше сағат шыдау ғана.