Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ие,— деп жауап қатты Том қарт.— Дингоның қылығына қарағанда, ол алыста емес, осы маңда болуға тиіс.

— Ол мұнда қалай келе алады? — деп сұрады Гэррис.- Оны Боливияда бұрын-соңды болып көрген емес дедіңіз білем?

— Мүмкін, ол арасын бізден жасырған болар,— деді Том қарт.

— Жасырып қайтеді? — деді Гэррис.— Бұта түптерін тінтіп қарауға болады. Мүмкін, ол бейшараға жәрдем керек болар? Әлде бірер бәлеге ұшырап қалса!..

— Жоқ, ол кісі жәрдемге мұқтаж емес,— деді Дик Сэнд.— Егер Негоро бұл араға жалғыз келе алған болса, ұшырасқан бәледен де біздің жәрдемімізсіз-ақ құтыла алады.

— Ықтиярыңыз білсін,— дей салды Гэррис.

— Өшір үніңді, Динго! — деп ақырды итке Дик Сэнд, Жағымсыз әңгімені тоқтатқысы келіп.

Бала жігіттің тағы бір тәжірибе етіп байқағаны, американ атының қылығы жайлы еді.

Аттың қылығына қарағанда, жақын маңда «атқораның исі» жоқ тәрізді. Ат ауаны ішіне тартып, жүрісін жеделдетпейді, оқыранбайды да, қысқасы, ұзақ сапардың шегіне жетіп, дем алатын уақыттың таянғанын сезіп асыға жүретін жылқыға тән мінездердің бірде-бірін білдірмеді. Гэрристің аты гациендте әлденеше рет болған, аттың қылығына қарағанда гациенд әлі алыста, жүз мильден астам арыда жатқан сияқты.

«Жоқ, егер аттың қылығын тәжірибеге алсақ, жолымыздың шеті көрінер емес» деп ойлады жасөспірім.

Гэррис сол күні ертеңгісін, енді гациендке небары алты-ақ миль қалды деп сендірген болатын, бұл алты мильдің түстен кейін сағат беске дейін кем дегенде төрт миль алынды. Дегенмен, әлі атқораның исін сезген аттың түрі көрінбейді және айнала төңіректегі жер, Сан-Феличедегі сондай ірі плантацияның жақын маңындағы жерге ұқсамайды.

Тіптен өнебойы бөбегінің қамын ойлаумен болған миссис Уэлдон да жер жағдайының түрі бұрынғы иесіз дала түрінен ешқандай өзгермегенін байқап таң қалды. Гациенді енді қашық болмағанымен, оның қызметкерлерінен бірде-бірі әлі күнге кездеспеді, ең болмаса жергілікті халықтардың да ешқайсысы көрінбеді. Гэррис адаспады ма екен? Миссис Уэлдон бұл ойдан аулақ болғысы келді: адасып басқа жаққа кетіп, жол тағы ұзара түсетін болса, науқастанып келе жатқан кішкентай Джектің өміріне қауіп төнгені...

Гэррис бұрынғысынша отрядтың алдында келе жатыр. Бірақ ол өзіне өзі сенбеген кісі сияқтанып, біресе орманның алыстағы қараңғы түкпіріне, біресе оң жағына, біресе сол жағына, біресе өзі жүріп келе жатқан жолға қараумен болды.

Миссис Уэлдон Гэрристің бұл ісін көргісі келмей көзін жұмды.

Енді бір миль келетін тегістіктің аржағында тағы орман көрінді, бірақ ол батыс жақтағы орман сияқты қалың емес, отряд биік ағаштардың саясына қайта енді.

Жолаушылар кешкі сағат алтының кезінде қалың бұта өскен жерге келді, мұнда бұтаны бойлай жүрген бір түрлі ірі хайуанның ізі жатыр, шамасы, жуырда ғана жүріп өтсе керек.

Дик Сэнд әлгі ізге үңіле қарады.

Бұтаның кісі бойынан жоғарырақ жеріндегі бұтақтары қирап қалыпты, шөптер жапырылған, кейбір дымқыл жерлерде алып аяқтың ізі жатыр, бұл ягуардың да, кугуардың да ізі емес. Ненің ізі болды екен?

Бұтаны жапырып көсілте жол салып, дымқыл жерде бұл сияқты із қалдыруға тек пілдің ғана шамасы келеді. Бірақ Оңтүстік Америкада піл жоқ. Демек, бұл пілдің ізі болуы тиіс деген ақылға сыйғысыз жорамалдан аулақ болу керек екен.

Дик Сэнд мына жұмбақты ізді көрген соң, бұл туралы өзінің ойына келген пікірін айтып, ешкіммен ақылдаспады. Ол тіптен американнан да сұраған жоқ. Әрине, керікті түйеқұс деп түсіндірген адамнан не үміт, не қайыр? Гэрри тағы бір қайдағы жоқты ойлап табар, бірақ бұдан отрядқа келер пайда не?

Қалай да, Дик Сэнд Гэррис туралы өзінің белгілі пікірін қорытты. Ол американды барып тұрған опасыздың өзі деп таныды. Дик оның бет пердесін сыпырар жағдайды ғана күтті, жолшыбай кездескен жаңалықтар бұл сырды ұзаққа жібермей ашады деп сенген еді.

Бірақ Гэрристің көздеген қандай құпия мақсаты болуы тиіс? Ол өзіне сенген адамдарды қандай бәлеге ұшыратқалы жүр?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий