Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
— Ана жерде, ана жерде...— деп міңгірледі Том,— қанның дағы бар... кесілген қол...
Дик Сэнд Том көрсеткен ағашқа қарай тұра жүгірді. Томның көрген затын көрді де, қайтып келіп:
— Үніңді шығара көрме, Том! Ешкімге айтушы болма!..— деді.
Жерде адамның кесіп тастаған қолдары, оның қасында шынжырдың үзігі мен сынып қалған ағаш бұғау жатыр екен.76
Бір жақсы жері, мына сұмдық көріністі миссис Уэлдон көрмей қалған еді.
Гэррис бір жақ шетте тұрған. Егер осы сәтте американның түрін көлденең біреу көрсе, оның кенет өзгеріп кеткендігіне таң қалар еді: Гэрристің бетінен мейрімсіз қаталдықтың жалыны шашырап тұрған.
Динго қан мен сүйек жатқан жерге барып ызалана ырылдады.
Итті жасөспірім әрең қуып жіберді. Том қарт тырп етпестен сілейіп тұр, оның аяғы жерге жабысып қалған тәрізді. Жерде жатқан шынжыр мен бұғаудан көз айырмай, түсініксіз бірдеңелерді айтып міңгірлей береді.
— Мен мұны көргенмін... білемін... бала шағымда... шынжырды көргенмін... ағаш бұғауды да...
— Үндей көрмеңіз, Том! — деді Дик Сэнд.— Миссис Уэлдон үшін үндей көрмеңіз!..
Бала жігіт, қарт негрді бір жақ шетке әкетуге асықты.
Отрядты басқа жерге көшіріп қондырды. Кәрі Нан ас әкеліп еді, бірақ адамдардың шаршап қажығандығы аштықтан басым болып, ешқайсысы асқа қол созбады. Аяқ астынан тап бола кететін үрейлі лаңның жуықтап қалғанын сезген тәрізді, бәрінің де дегбірі кете бастады.
Іңір қараңғысы тез қоюланып, көп кешікпей түн болды Нөсердің қалың қара бұлты аспанды торлап, батыс жақтан, көкжиектің қиыр шетіндегі найзағайдың жарқылдаған жарығы төбені бүркеп тұрған ағаш бұтағының саңлауынан жылтылдап көрінеді. Жел де басылған, ағаш жапырақтарының бірде-бірі желп етпейді. Күндізгі шаң-шұң тыныштыққа ауысқан. Қою ауа электрмен суарылып дыбыс өткізбестей зілдене түскен тәрізді.
Дик Сэнд, Бат пен Остин — үшеуі бірдей күзетте тұрды. Олар ешбір сезікті сыбыстарды қапы жібермеу үшін құлақтарын түріп, көздері талғанша қараңғылыққа тесіле қарасты. Бірақ түн тыныштығы мен түн қараңғылығын ешнәрсе бұзған жоқ.
Том қарт күзеттен бос еді, сонда да болса ұйықтамады. Басын төмен салып, тырп етпестен қалың ойға шомып, өткен күндерін есіне түсіріп отыр. Ойда жоқта төбеден тиген соққыдан қарт негр әлі айыға алмаған сияқты.
Миссис Уэлдонның бар ойы тек қана бөбегінде болып баласын тербетті де отырды.
Бұлардың ішінде тыныш ұйықтаған тек қана Бенедикт ағай. Ешқандай жамандық деген оның ойына кіріп те шықпайды.
Түнгі сағат он бірдің кезінде, алыстан соза өкірген бір қаһарлы дауыс естілді, іле-шала ұлыған жіңішке дауыс тағы шықты.
Том қарт ұшып тұра келді де, өздерінің қонып жатқан жерінен бір мильдей қашықтағы қалың жынысқа қарай қолын созды.
Дик Сэнд қарт негрдің қолын ұстай алды, бірақ Томның айқайлап жіберуіне кедергі жасауға үлгірмеді.
— Арыстан! Арыстан!
Қарт негр өзінің жас кезінде арыстанның ақырғанын талай рет естіген болатын, өзінің бұрынғы естіген дауысын қазір де танып тұр...
— Арыстан! — деп қайталады ол.
Диктің шыдамы таусылды. Пышағын суырып алып Гэррис жатқан жаққа қарай тұра жүгірді.
Американ жатқан жерінде жоқ боп шықты. Өзімен бірге оның аты да ғайып болған.
Дик Сэнд өзінің Гэрриске деген сезікті ойының шынға айналғанын біле қойды...
Отряд мүлдем басқа жерде!
«Пилигрим» Оңтүстік Америка жағалауында қирамаған!
«Пилигримнің» мұхит ортасындағы жанай өткен арал, Пасхи аралы емес! Басқа арал!
Компас дұрыс бағыт көрсетпеген, бұзылған болды.
Кеме дауылдың ықпалына беріліп, бет алған бағытынан адасып басқа жаққа лағып кеткен...
«Пилигрим» Горн мүйісін айналып өтіп, Тынық мұхиттан Атлант мұхитына келіп түсіпті.
«Пилигримнің» жүріс тездігі қате есептелген, өйткені оның жүрісін дауыл екі есеге жеткізген еді.