Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дик Сэнд өздерінің алдында тұрған пампастың жергілікті адамы емес екенін бір қарағаннан-ақ таныған еді, шынында да солай боп шықты. Мұны шетелдік, сезікті аватюрист деуге болады, алыста жатқан шала жабайы елдерде мұндайлар аз емес. Оның түрі мен жирендеу келген сақалына қарағанда, ағылшын-саксон қанды адам деуге болады. Әйтеуір ол жергілікті халық та, испан да емес.

Дик Сэнд бейтаныс адамға ағылшын тілінде сәлем беріп еді, о да сол тілмен ешбір мүлтіксіз:

— Хош келіпсіз, жас достым! —деп жауап қайырды.

Диктің жорамалдауы шынға айналды. Ол таяу келіп Диктің қолын алды.

Жат адам Диктің негр жолдастарына тек қана басын изеп қойды.

— Сіз ағылшынсыз ба? — деп сұрады ол жасөспірімге қарап.

— Американмын,— деп жауап қатты бала жігіт.

— Оңтүстік пе?

— Жоқ, солтүстік.

Бұл жауап бейтаныс адамды қуантқандай болды. Ол нағыз американ салтымен Диктің қолын қайта алып сілкіп-сілкіп қойды.

— Жас достым, бұл жағалауға қалай келіп қалғаныңызды сұрауға болар ма екен?

Бірақ Дик Сэнд жауап қайырып үлгірмей-ақ, бейтаныс адам басындағы қалпағын алды да, иіліп тәжім етті.

Миссис Уэлдон құм үстінде аяғын ептеп басып, олардың алдына келіп тоқтаған еді.

Бейтаныс адамның сұрағына миссис Уэлдонның өзі жауап қайырды.

— Сударь,— деді ол,— біз апатқа ұшырадық. Біздің кемеміз жағалау маңының су асты құзына соғылып, кеше ғана қирады.

Бейтаныс адам жаны ашып қынжылғандай болды. Мұхитқа бетін бұрып, апаттың ізін көзімен шолды.

— Кемеміздің түгі де қалған жоқ,— деді Дик Сэнд.— Оның тас-талқаны шыққан, қалдық жаңқаларын бүгін түнде толқын шайып әкетті.

— Бәрінен бұрын,— деді миссис Уэлдон,— өзіміздің қай жерде екенімізді білсек деймін.

— Оңтүстік Америка жағалауындасыздар,— деп жауап қатты бейтаныс. Ол миссис Уэлдонның сұрағына таңданған сияқтанды.— Сіздер мұны қалайша білмейсіздер?

— Ие, сударь, анық біліңкіремейтінім рас,— деді Дик Сэнд.— Біз бұл жөнінде, күмәнді едік, өйткені жел кемені бағытынан тайдырып басқа жаққа айдап әкетуі мүмкін, ал мен болсам, өзіміздің қай жерде екенімізді анықтауға мүмкіндігім болмады. Бірақ, менің сізден өтініп сұрайтыным, біздің нақ қай жерде екенімізді дәлелдеңкіреп айтсаңыз екен. Перу жағалауында болсақ керек, дұрыс емес пе?

— Жоқ, жоқ, жас достым! Аздап оңтүстікке таман. Сіздердің апатқа ұшыраған жеріңіз Боливия68 жағалауы. Дәлдеңкіреп айтқанда, Боливияның оңтүстік бөлегі, Чили шекарасында деуге болады.

— Сіздер мына мүйісті не деп атайсыздар? — деп сұрады Дик Сэнд, солтүстік жақты көрсетіп.

— Бір өкінішті жері, мен мұны білмеймін,— деп жауап қатты бейтаныс.—Мен бұл елдің орталық өлкелерімен жақсы таныспын, өйткені онда жиі-жиі барып тұруыма тура келді, бірақ бұл жағалауға бірінші рет келіп тұрғаным осы.

Дик Сэнд бейтаныс адамнан мына сөзді есітіп, ойға қалды. Жалпы алғанда, жасөспірім оншалықты таңданған жоқ. Ағыс күшін білмеген соң, есептен жаңылуы қиын емес. Бірақ Дик Сэнд «Пилигримнің» апатқа ұшыраған жері оңтүстік ендіктің жиырма жеті — отыз

градустардың аралығы деп шамалаған-ды, мынаның айтуына қарағанда, Дик онша көп қателеспеген. Кеме жиырма бесінші градуста апатқа ұшыраған болды.

Ең соңғы анықталған жер Пасхи аралы еді, ол арадан шыққалы кеме ұзақ жүрді, қателесу мөлшерінің мұншалықты аз болуы мүмкін емес.

Бейтаныс адамға шын айтпады деп күманданарлықтай Диктің ешбір дәлелі болмады. «Пилигримнің» апатқа ұшыраған жері төменгі Боливия екенін білген соң, бұл жағалаудың елсіздігіне Дик Сэнд таңданған жоқ.

— Сударь,— деді ол бейтанысқа қарап,— сіздің айтуыңызға қарағанда, біз Лимадан69 көп қашықтамыз деп шамалаймын?

— Лима қайда, алыс... Лима ана жақта!—деп ол солтүстікке қарай қолын сілтеді.

Негороның жоқ болып кетуінен сезіктенген жас әйел, мына адамды зер сала бақылады. Бірақ ол мұның қылығынан да, қайырған жауабынан да сезіктенерліктей ешнәрсе таба алмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий