Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл арада миссис Уэлдон, энтомолог-ғалымды іздеуге Геркулесті жіберді. Айналада не боп жатқанымен Бенедикт ағайдың түк жұмысы жоқ. Тоғай шетіндегі бұталардың арасынан сирек кездесетін жәндіктер іздеп жүрген.

Ғалымды Геркулес зорлап әкелуге мәжбүр болды. Миссис Уэлдон Бенедикт ағайға, алыс елге жаяу кетуге ұйғарылғанын, орман аралап жүретіндерін және жолдың он күнге созылатынын айтты.

Бенедикт ағай қалаған уақытта жүріп кетуге әзір екендігін айтты. Тек қана оған жолшыбай жәндіктер аулауына лұқсат етілсе болғаны, Оңтүстік Американың ол шетінен бұл шетіне шейін жаяу баруға риза екенін білдірді.

Мұның соңында миссис Уэлдон Нанды жәрдемшілікке алып дәмді ас дайындады. Ұзақ жолға шығар алдында тамақтанып алудың ешқандай артықтығы жоқ қой.

Бұл уақытта Дик пен Гэррис өзен сағасындағы жарды жағалап, бірнеше жүз қадам өзенді өрлей жүрді. Біраздан соң ағашқа арқандаулы тұрған ат көрінді, ат иесін көріп, оқырана қарсы алды.

Бұл бір асқан жақсы ат екен, оның қай тұқымнан екендігі Дикке мәлім емес. Бірақ аттың тұлабойында арабы тұқымның нышаны бар-ды, мұны анықтау үшін, аттың жіңішке мойыны мен жатағандау шоқтығына мал танитын тәжірибелі адам көз жүгіртіп өтсе, жетіп жатыр.

— Сіз байқайсыз ба, жас достым,— деді Гэррис,— бұл сондай күшті жануар. Бұған алаңсыз сенуге болады.

Гэррис ағаштан атты шешіп алды да, жүгенінің сулығынан ұстап, Диктің алдына түсіп үңгірге қарай жүрді. Бала жігіт өзеннің екі бетіндегі жарға тесіле қарай түсіп, Гэрристің соңынан ерді. Бірақ ол сезіктенерліктей ешнәрсе көре алмады.

Үңгірге таяу келгенде, күтпеген жерден:

— Мистер, Гэррис, сіз бүгін түнде португал Негоро дегенді кездестірмедіңіз бе? — деп сұрады Дик.

— Негоро? — деп қайырып сұрады Гэррис, өзінен Диктің кімді сұрап тұрғанын білмеген кісіше, — Негоро дегеніңіз кім?

— Ол кісі «Пилигримнің» аспазы еді,— деп жауап қатты Дик Сэнд.— Жоқ болды да кетті.

— Суға батты ма? — деп сұрады Гэррис.

— Жоқ, жоқ,— деді жасөспірім.— Ол кеше кешкісін бізбен бірге болды, бірақ түнде кетіп қалыпты. Оның өзенді жоғары өрлеп кетуі ықтимал. Сіз оның кеткен жағынан келдіңіз ғой, сол себепті сұрап тұрмын.

— Маған ешкім кездескен жоқ,— деді американ.— Егер сіздің аспаз орманның ит мұрны өткісіз қалың жеріне жападан-жалғыз барып енсе, оны адасты дей бер... Дегенмен, мүмкін, біз оны жол-жөнекей қуып жетерміз.

— Ие, мүмкін...— деп міңгірледі жасөспірім.

Дик Сэнд пен Гэррис келгенде, ас әзір болған еді. Кешегі сияқты, бұл ас та ет консервасы мен кептірілген наннан істелген-ді. Гэррис асқа аш қасқырша килікті.

— Жолда аштан өлмейді екенбіз,— деді ол.— Бірақ, жас достым, әлгі португал сорлының халі нешік болар екен?

— А! — деп миссис Уэлдон оның сөзін бөлді.— Негороның ғайып болғанын сізге Дик айтып па еді?

— Ие, миссис Уэлдон, — деді жасөспірім.— Мистер Гэррис Негороға ұшыраспады ма екен, соны білгім келіп еді.

— Жоқ, ұшырасқам жоқ,— деді американ.— Енді ол қашқын туралы ойлауды қоялық та, өз ісімізбен болайық. Миссис Уэлдон, сіздің қалаған уақытыңызда аттануға әзірміз.

Әркім көтеруге тиісті жүгін алысты. Геркулес жас әйелді қолтықтап атқа аттандырды. Кішкентай Джек өзінің ойыншық мылтығын арқасына асып, анасының алдына мінді, өзіне сондай тамаша ат берген адамға алғыс айтуды ойына да алған жоқ.

Тізгін ұстауға асықты Джек, «бұл мырзаның атын» өзім жүргіземін деді анасына.

Тізгін Джекке берілгенде, жұрттың бәрі өзін отряд бастығы деп танығандай болды бала.

Он алтыншы тарау

ЖОЛДА

Кішкене отряд өзен жағалап үш жүз қадамдай жер жүрген соң, алдағы күндерде өздерінің ұдайы он күн шарлап сапар шегетін түнек орманының көлеңкесі бүркеп, жыланша ирелеңдеген жалғыз аяқ жолға түсті.

Диктің күдіктенер ешқандай дәлелі болмаса да, ну орманға шектене қарады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий