Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сударь,— деп бастады сөзін миссис Уэлдон,— егер менің сауалым сізге ыңғайсыз тисе кешіріңіз! Сіз, Боливияда тудыңыз ғой, ә?

— Мен өзіңіз сияқты американмын, миссис... Қасында тұрған адамдардың біреуі өзіне әйелдің фамилиясын айтып жіберуін күтіп, бейтаныс адам тына қалды.

— Миссис Уэлдон,— деді Дик.

— Менің атым Гэррис,— деп бейтаныс сөзін жалғастырды.— Мен Оңтүстік Каролинада тудым. Бірақ менің туған елімнен кеткеніме мінеки жиырма жыл, содан бері Боливия пампасында70 тұрып келемін. Мен өз отандастарыммен жолығысқаныма өте қуаныштымын, бұған сенуіңізге болады!

— Мистер Гэррис, сіз Боливияның осы бөлегінде үнемі тұрып келесіз бе? —деп сұрады әйел.

— Жоқ, миссис Уэлдон, мен оңтүстігінде, Чили шекарасында тұрамын. Бірақ мен қазір солтүстік-шығысқа, Атакамаға бара жатырмын.

— Демек, біз Атакама сахарасынан қашық емес екенбіз ғой? — деп сұрады Дик Сэнд.

— Дұрыс айтасыз, жас достым. Ол сахара сонау көкжиектен көрінген тау бөктерінің аржағынан басталады.

— Атакама сахарасы! — деп қайталады Дик.

— Ие, жас достым,— деді Гэррис.— Бәлки, Атакама сахарасы Оңтүстік Американың ең қызғылықты да, аз зерттелген бөлегі болар. Бұл тамаша жер басқа елдердің жерінен ерекше...

— Сіз, шөл далада жападан-жалғыз жол жүруге қалай тәуекел еттіңіз? — деп сұрады миссис Уэлдон.

— О, мен бұл сияқты асулардан талай-талай асқанмын,— деді Гэррис.— Осы арадан екі жүз миль жерде Сан-Феличе бар, онда гациенд—ірі ферма орналасқан. Ол менің бауырымның фермасы. Онда сауда ісімен жиі барып тұрамын. Егер қаласаңыз, менімен бірге жүріңіз, онда сізді шын ықыласымен қарсы алатындарына кепіл бола аламын. Сіз ол арадан Атакамаға оңай жетесіз, менің бауырым сізге қуана-қуана көлік береді.

Американның мына сыпайы ұсынысы, шын ықыласпен жолаушылардың пайдасына айтылған сияқты еді. Гэррис бұл ұсынысының жауабын күтпестен тағы да миссис Уэлдонға қарап:

— Мына негрлер сіздің құлдарыңыз ба? —деді ол Томды және оның жолдастарын көрсетіп.

— Осы күні Құрама Штаттарда құл жоқ,— деді миссис Уэлдон оның сөзіне наразы үнмен тез жауап қайырып.— Солтүстік Штаттар құлдықты әлдеқашан жойды, оңтүстіктер де солардың өнегесінен үлгі алған.

— Ах, айтпақшы, солай екен ғой,— деді Гэррис.— Бұл маңызды мәселені 1862 жылғы соғыстың шешкені есімнен шығып кетіпті ғой. Мына мырзалардан кешірім өтінемін,— деп үстеді Гэррис мысқылды үнмен; құл иемденушілік жойылғаннан кейін оңтүстіктің американдары әдетте негрлермен осылай сөйлесетін.

— Бірақ бұл жентльмендер сізге қызмет етіп жүргенін көрген соң, мен...

— Сударь, бұл адамдар маған қызмет еткен жоқ және етпейді де,— деп миссис Уэлдон оның сөзін бөлді,

— Сізге қызмет етуге борыштымыз, миссис Уэлдон,— деді Том қарт.— Бірақ бізді ешкімнің иемденбейтіндігі мына мистер Гэрриске мәлім болсын! Менің құл болғаным рас. Алты жасар күнімде мені құл саудагерлері Африкадан ұстап алып, Америкаға апарып сатқан. Ал менің балам Бат, мен құлдықтан құтылып ерікті адам қатарына қосылған уақытымда туды, жолдастарымның бәрі ерікті адамдардың балалары.

Ендеше сіздерді сол бостандықтарыңызбен құттықтаймын, — деп жауап қатты Гэррис; миссис Уэлдонға оның үнінде келеке бардай сезілді.— Дегенмен, осы күнгі ерікті Боливияда да құлдық жоқ. Олай болса қорқа қоятын түк те жоқ, Жаңа Англия71 штатында жүргендеріңіз сияқты, мұнда да қауіп-қатерсіз жүре берулеріңізге болады.

Осы сәтте кішкентай Джек Нанға еріп үңгірден шықты да, жұдырығымен көзін уқалады.

Бала анасын көре сала, тұра ұмтылды.

Миссис Уэлдон бөбегін аймалап бетінен сүйіп жатыр.

— Қандай сүйкімді бала! — деді американ Джекке жақындап.

— Бұл менің ұлым,— деп жауап қатты әйел.

— О, миссис Уэлдон! Мына ауыр күндерде сіз екі жақтама бірдей — өзіңіз үшін де, бөбегіңіз үшін де азап шеккен екенсіз ғой!

— Оның бәрі енді өтіп кеткен уақиға ғой, мистер Гэррис. Джек те аман, басқаларымыз да аманбыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий