Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Барлаушылар үңгірге қайтып келді. Негрлер түнгі күзетті өзара бөлісіп алды да, басқа жолаушылар тегісінен ұйқыға енді.

Тек қана миссис Уэлдон ұйықтай алмай, дөңбекши берді. Бұлардың сарғая күткен жері, өзіне деген үмітті ақтай алмаған сияқты, бұл жер ең болмаса қауіп-қатерсіз тыныштық та бере алмады.

Он бесінші тарау

ГЭРРИС

Ертең жетінші апрель деген күні түнде, таң алдындағы күзетте тұрған Остин, Дингоның өршелене абалап өзенге қарай жүгіріп кеткенін көзі шалды. Сол сәтте миссис Уэлдон, Дик Сэнд және негрлер үңгірден жүгіре шықты.

— Динго адамның немесе бірер хайуанның дыбысын сезген, - деді жасөспірім.

— Басқа біреу болса болар, әйтеуір Негоро емес,— деді Том,— Динго оған ерекше ызалана үреді.

— Негоро қайда болды екен? — деп сұрады миссис Уэлдон, Дикке көз қиығын тастап, мұның мәнісіне тек қана Диктің өзі түсінді.— Егер бұл Негоро болмаса, онда кім болғаны?

— Оның кім екенін қазір білеміз, миссис Уэлдон,— деді Дик Сэнд. Сосын Бат пен Остинге және Геркулеске қарап: — қане, достарым, мылтық пен пышақ алыңдар да, менің соңымнан еріңдер,— деп үстеді.

Бәрі де белбеулеріне пышақ қыстырып, қолдарына мылтық алды. Сосын төртеуі де мылтықтарын әп-сәтте оқтап алып, аяқтарын тез басып өзен жағалауына қарай жөнелді.

Миссис Уэлдон, Актеон және Том қарт үңгірдің кіре беpic аузында қалды, үңгірде ұйықтап жатқан кішкентай Джекті кәрі Нан бағып отыр.

Күн жаңа ғана көтерілген. Оны биік жар қалқалап тұрғандықтан, жағалаудың қайраңын әлі көлеңке басып жатыр. Бірақ, теңіздің батыс жағы сонау көкжиекке шейін алғашқы түскен күн сәулесімен жарқырап тұр еді.

Дик пен үш негр жарды жағалап, өзен сағасына қарай тез аттап келе жатты.

Бұларды өзен сағасында Динго күтіп алды. Ит тұрған жерінен табан серіппей үріп тұр. Ол адамның өзін көрді немесе дыбысын сезді, әйтеуір оның адамға үргені анық.

Том қарттың айтқаны келді: Динго өзінің ескі дұшпаны Негороға үрмеген екен.

Құзды қиядан төмен түсіп бір адам келе жатыр. Ол жағалаудағы қайраңды бойлап, итке күшімдей түсіп, аяғын балпан басып, ілгері жүрді, оның ашулы тәбеттен қорыққаны көрініп тұр.

— Мынау Негоро емес,— деді Геркулес.

— Негороның орнына басқа біреу келсе, зиян тарта қоймаспыз,— деді Бат.

— Бұл жергілікті халықтан болса керек,— деді жасөспірім.— Мұның пайда бола кетуі, алысқа ұзап жер шолудан бізді құтқаратын болды. Әйтеуір өзіміздің қай жерде екенімізді білетін болдық!

Төртеуі де мылтықтарын арқаларына асынып, жат адамға қарсы жүрді.

Бейтаныс бұларды көріп таң қалды. Жағалаудың осы бөлегінен адам кездестірем деп күтпеген тәрізді ол. «Пилигримнің» сынықтарын оның әлі көрмеуі мүмкін, әйтпесе апатқа ұшырағандардың жағалауда екенін білер еді. Анығын айтқанда, түнгі соққан дауыл кеме қаңқасының быт-шытын шығарып талқандаған болатын, енді оның теңіз бетінде тек кейбір сынықтары ғана қалқып жүр.

Бейтаныс өзіне қарсы келе жатқан қарулы адамдарды көріп, қалт тұра қалды, мылтығын дереу қолына алды да, қайтадан иығына асты.

Әйтсе де Дик Сэнд оған сәлем беріп, қолын бұлғады. Сірә жат адам өзіне қарсы келе жатқандардың бейбіт ниетте екенін түсінсе керек, сәл уақыт толғанып тұрды да, сосын бұлардың қасына келді.

Дик Сэнд оны анықтап көрді.

Бұл, өңіне қарағанда, жасы қырықтарды қусырған, сақал-шашы бурыл тартқан, ойнақы көз, беті күнге күйіп қарая түскен бойшаң адам еді. Бұл сияқты күнге күйіп тотығушылық көшпелілерде, өмір бойы орман аралап сахара кезіп таза ауада жүретін адамдарда ғана болады. Бейтаныстың басында етекті қалпағы, үстінде тері курткасы, тері шалбары бар. Қонышы тізесінен асқан былғары етігінің сірісіне үлкен шпор байлап алған, аттаған сайын сылдыр қарады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий