Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Дұрыс айтасыз,— деді миссис Уэлдон.— Сөйтіп, Дик, сенің мистер Гэрриске тағы қандай сауалың бар?

— Бір ғана сауалым бар, миссис Уэлдон,— деді жасөспірім оның ұсынысына қосылғысы келмей.— Бізді Сан-Францискоға жеткізетін пароход қай порттан табылар екен, сол жағдайды сұрап білейін деп ем.

— Расын айтқанда, жас достым сіздің бүл сұрағыңызға жауап қайыру маған қиын соғып тұр,— деді американ.— Сан-Феличедегі гациендтен сіздерді Атакама қаласына жеткізіп салатын көлік табамыз, мен осыны ғана білемін, ал сосын...

— Мистер Гэррис,— миссис Уэлдон оның сөзін бөлді,— сіздің ұсынысыңыз Дикке ұнамай тұр екен деп ойлай көрмеңіз!

— Жоқ, жоқ, миссис Уэлдон,— деп айқайлады жасөспірім.— Мен мистер Гэрристің ұсынысын жан-тәніммен алғыс айтып қабылдауға әзірмін. «Пилигрим» бірнеше градус солтүстікке немесе оңтүстікке таман қирамады, менің өкінетінім осы ғана. Олай болғанда бірер портқа жақындап, елімізге қайтуға біраз жеңілдік табар едік және мистер Гэррис бізге бола жолынан қалып әуре болмас еді.

— Ғапу етіңіз, мен аса қуаныштымын,— деді Гэррис.— Бұл жерде отандас адам сирек кездеседі дедім ғой, сондықтан да шын ықыласыммен сіздерге аз да болса қызмет көрсеткім келді.

— Сіздің ұсынысыңызды қабылдаймыз, мистер Гэррис, -деп жауап қатты миссис Уэлдон.— Әйтсе де сізді атыңыздан айырып жаяу жүргізгім келмей тұр. Өзім де асқан жүргіш...

— Мен сізден де жүргішпін,— деп Гэррис тағзым етті.— Мен пампастарды жаяу кезіп шынығып қалған адаммын, егер біздің отряд жолда кідіріп қалатын болса, оған мен кінәлі емес шығармын. Жоқ, миссис Уэлдон, сіз кішкентай Джекті алдыңызға алып атпен жүресіз. Дегенмен гациенд қызметкерлерінің бірі жолшыбай ұшыраспауы мүмкін емес. Егер салт бара жатса, бізге астындағы аттарын қуана-қуана түсіп береді.

Дик Сэнд Гэрристің ұсынысына наразылық білдіре берсе келіншекті ренжітіп алатынын байқады.

— Мистер Гэррис,— деді ол,— олай болса, жолға қашан шығуымыз керек?

— Тап бүгін, жас достым! — деп жауап қатты американ.— Бұл араның жауынды маусымы май айынан басталады, лайсаң басталғанша Сан-Феличедегі гациендке жетіп қалуға асығуымыз керек. Орман аралап жүретін жол — төте, бәлки қауіпсіз де болар. Көшпелі үнділер орманға сирек келеді: олар көбінесе жағалаудағы елді талауды көздейді.

— Ал, Том, достарым,— деді Дик негрлерге қарап.— ендігі мәселе қазірден бастап жол жүру қамына кірісу ғана. Азық қорынан көтеріп жүруге ыңғайлы жеңіл-жеңілдерін ғана іріктеп алып, тайлап буамыз да, барлық жүкті өзара бөлісіп аламыз.

— Мистер Дик,— деді Геркулес,— тілесеңіз, жүктің бәрін бір өзім-ақ көтеріп жүрейін.

— Жоқ, болмайды, батыр, — деді жасөспірім,— ең абзалы, барлық жүкті бәрімізге тең бөлу.

— Геркулес, сіз күшті көрінесіз,— деді Гэррис,— бейне бір оны сатылғалы тұрғандай, басынан аяғына дейін қарап шығып.— Африканың еріксіздер базарында сізге бағаны аз төлемес еді.

— Маған құнымнан артықты кім төлесін,— деп күлді Геркулес, — бірақ сатып алған кісі мені ұстау үшін талай жер жүгіруі керек болар.

Жолға шығуды тездету үшін бәрі жұмыла іске кірісті. Дайындық жұмысы ұзаққа созылған жоқ, өйткені бұлардың қазіргі тұрған жерінен Сан-Феличедегі гациендке жету үшін небары оншақты күн уақыт керек.

— Мистер Гэррис, сіздің меймандостығыңызбен пайдаланбас бұрын, сізді өзіміз қонақ еткіміз келіп тұр,— деді миссис Уэлдон.— Бізбен бірге отырып ас ішуден бас тартпассыз деймін. Бұған риза шығарсыз?.

- Әбден ризамын, миссис Уэлдон, әбден ризамын,— Гэррис көңілдене жауап қатты.

- Бірнеше минутта ас дайын болады.

— Әбден жақсы, миссис Уэлдон, ас піскенше мен атқа барып келе қояйын. Оның ендігі оты да қанып қалған болар.

— Сізге еріп баруға лұқсат етіңіз? — деп сұрады Дик Сэнд американнан.

— Егер барғыңыз келсе, жас достым,— деді Гэррис,— мейлі, бірге барайық, сізге мына өзеннің теңізге құятын сағасын көрсетейін.

Сөйтіп, олар атқа бірге кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий