Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұл сүйкімді бөбектің бетінен сүюге лұқсат етіңіз?— деп өтінді Гэррис.

— Мейліңіз, сударь.

Бірақ кішкентай Джек мистер Гэрристі оншалықты жақтырмаса керек, анасына тығыла берді.

— Қарай гөр, мұны,— деді Гэррис.— Сен мені сүйгің келмей ме? Демек, мен саған жексұрын көрінеді екенмін ғой?

— Кешіріңіз оны, сударь,— деп миссис Уэлдон асыға жауап қатты.— Джек өте ұялшақ бала.

— Біз екеуміз алдымен танысып алайық, сосын достасып та кетерміз,— деді Гэррис.— Гациендке барған соң, ол жерден сен мініп серуендейтін әп-әдемі кішкентай ғана ат та табылады, ол жануар біз екеуміздің тез достасуымызға дәнекер болады.

Бірақ «әп-әдемі кішкентай атты» айтып Джекті қызықтырғанымен, бала оған оншалықты елжірей қоймады, бұрынғысынша бетін анасының етегімен жауып жасырына берді.

Миссис Уэлдон әңгіменің бетін басқа жаққа бұруға асықты, Джектің жылы шырай көрсетпеуі, өз қызметін соншама сыпайылықпен ұсынған адамның қытығына тие ме деп қорыққан еді ол.

Гэрристің ұсынысы туралы Дик Сэнд ойға қалды. Екі жүз миль жол жүру миссис Уэлдон мен Джекті өте қажытуға тиіс, өйткені аяқ артарлық ешқандай көлік жоқ.

Дик Сэнд өзінің неден қауіптенетінін Гэрриске айтты да, не дер екен деп оның жауабын күтті.

— Шынында да бұл ұзақ жол,— деді Гэррис.— Бірақ жағалаудан жүз қадам жерде менің атым байлаулы тұр. Мен оны миссис Уэлдонға шын ризалығыммен беремін. Еркектер жаяу жүреді, бірақ жаяу жүру еркектер үшін ешқандай қиын емес және қажытпайды да, бұған сенуіңізге болады. Мен, баратын жеріміз екі жүз миль дегенде, өзен жағалауы мен ондағы жолдың жылан ізіндей ирек-ирек екендігін есепке алдым, осы жолмен қазір ғана өзім жүріп келдім. Егер біз орман арасымен төтелеп жүрсек, онда біздің жолымыз кем дегенде сексен миль қысқарады. Күніне он мильден жүріп отырсақ, гациендке қалай жеткенімізді білмей де қаламыз.

Миссис Уэлдон американға алғыс айтты.

— Егер айтқан алғысыңыздың шын екендігін дәлелдегіңіз келсе, менің шын ықыласыммен айтқан ұсынысымды қабылданыз,— деді Гэррис.—Расын айтқанда, менің бұл орманға келіп тұрғаным осы ғана, сонда да болса қиналмай-ақ жол табатыныма күмәнданбаймын; өйткені мен орман аралап үйренген адаммын ғой. Бізді азық мәселесі ғана қинаңқырайды. Мен Сан-Феличеге жету үшін бір адамға ғана жетерлік азық алып шыққан едім.

— Мистер Гэррис,— деді миссис Уэлдон,— бізде азық көп, бөлісіп жерміз.

— Міне жарады, миссис Уэлдон! — деп айқайлады Гэррис.— Іздесе таптырмастай боп сәтінің түсе қалғанын қараңызшы, меніңше, ендігі қалғаны тек қана жолға шығу!

Гэррис тоғайға байлап кеткен атын әкелейін деп жүре беріп еді, оны Дик тоқтатып жаңадан сауал берді.

Теңіз жағалауынан ұзап ұзындығы жүз мильге созылған жыныс орманды кезу жасөспірімге ұнаңқырамады. Дик Сэнд нағыз теңізші еді, теңіз жағалауынан ұзап кеткісі келмеді.

— Мистер Гэррис,— деді ол,— Атакама сахарасын кезіп жүз жиырма миль жол жүру, маған қолайсыз көрініп тұр. Теңіз жағалап жүргеніміз жөн болмас па еді? Мейлі, біз солтүстікке немесе оңтүстікке қарай жүрсек те бәрі бір, әйтеуір теңіз маңына жақын қалалардың біріне жетсек болғаны.

Гэррис жайлап қана қабағын кіржитті.

- Жас достым,— деді ол,— бұл жағалауды мен білетін болсам, теңіз маңына ең жақын қала біз тұрған жерден үш жүз немесе төрт жүз миль...

- Дұрыс айтасыз,— Дик Сэнд оның сөзін бөлді,— бірақ оңтүстікте ме, әлде солтүстікте ме?

— Оңтүстікте,— деді американ,— Чилидің өзіне жеткенше төмен қарай жүруіміз керек. Демек, жол ұзаққа созылады деген сөз. Мұның үстіне, егер мен сіздің орныңызда болсам, Аргентина республикасының пампастарына жуымауға тырысар едім. Бір өкінішті жері, сіздерге еріп онда өзім де бара алмаймын...

— Чилиден шығып Перуге баратын пароходтар ол жағалауға жақындамай ма? — деп сұрады миссис Уэлдон.

— Жоқ,— деді Гэррис.— Олар ашық теңізбен кетеді. сірә, сіздерге бірде-бір пароход кездеспеген болар?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий