Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Біз Дингоны ала кетеміз,— деп Дик Сэнд сөзін жалғастырды,— ол бізге жақсы қызмет ете алады.

Динго өзінің атын естігенде, ұсынысқа риза екенін білдірген тәрізді, маңқ ете түсті.

Миссис Уэлдон ойланып қалды. Тіптен қысқа мерзімге болса да бөлінісу мәселесі оны аса күйзелтті. Мүмкін, «Пилигримнің» апат болғаны жақын маңдағы жергілікті халыққа естілген болар, қираған кемені олжалауға қызыққан жергілікті халықтың төбеден түскендей сау ете қалу қаупі тұрғанда, отрядтың күшін бөлшектеу орынсыз тәуекел ғой.

Миссис Уэлдон бұл жағдайды келелі түрде талқылау керек деп ұйғарды.

Әйтсе де, Дик Сэнд бұған қарсы сыйымды дәлел тауып айтты. Үндістерді африкалық немесе полинезиялық жабайылармен теңеуге болмайды, деді жасөспірім, оларды талаушылық ниетімен шабуыл жасайды деп шамалауға ешқандай дәлел жоқ. Жақын маңдағы елдің қай жерде және оның қаншалықты қашықта екендігін анықтамастан, бейтаныс жерді беталды кезіп кете беру,— күшті бекерге сарп ету болар еді. Бөлінудің қолайсыз екенінде сөз жоқ, сонда да болса, бүкіл отрядтың ешнәрседен хабарсыз ұшы-қиыры жоқ жұмбақ орманды кезіп кете бергенінен гөрі, бөлініп жер шолып қайту анағұрлым тиімді болар.

— Менің ақырғы айтайын дегенім,— деп Дик Сэнд сөзін қорытты,— біздің бөлінуіміз ұзаққа созылар деп ойламаймын. Егер Том екеуміз екі күннің ішінде бірер қыстақ немесе осы араның жергілікті халқын таба алмасақ, қайтып үңгірге келеміз. Бірақ ел таппай қайтуымыз мүмкін емес! Біз осы жерден жиырма миль ұзамай-ақ бұл араның, географиялық жағдайын анықтаймыз деп сенемін. Менің есептен жаңылуым мүмкін, өйткені мен астрономиялық бақылау жасап көргенім жоқ қой. Егер «Пилигрим» мен ойлаған жағалауға келмей, мүлдем басқа жағалауға келген болса?..

— Ие, шырағым, әрине, дұрыс айтасың,— миссис Уэлдон ренішті пішінмен жауап қатты.

— Бенедикт мырза, менің жобама сіз қалай қарайсыз?— деп сұрады Дик Сэнд.

— Мен бе? — қайталап сұрады Бенедикт ағай.

— Ие, бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай деймін?

— Бұл туралы менің өзімше ойлап тапқан пікірім жоқ,— деді ғалым,— ұсынған пікіріңіздің бәріне түгел қосыламын, маған бұйырылған істің бәрін табжылдырмай орындауға әзірмін. Егер де сіздер осы арада бір-екі күн аялдауға ұйғарсаңыздар, мен оған аса риза: ұтыры келген жағдайды пайдаланып, уақытты босқа өткізбей осы жағалауды зерттеп аламын... әрине, энтомолог жолымен.

— Олай болса, Дик, сен өз білгенінше іске кіріс,— деді миссис Уэлдон.— Том екеуің жер шолуға барыңдар, ал басқаларыңыз сіздерді осында күтетін болайық.

— Мәселе шешілді!— деді Бенедикт ағай өте байсалды үнмен.— Ал мен, жергілікті жәндіктермен танысуға барамын.

— Бенедикт мырза, сізден өтініп сұрайтыным,— деді Дик Сэнд,— тек қана алысқа ұзай көрмеңіз.

— Алаң болма, шырағым.

— Ең бастысы — бізге москитерді айтақтап өшіктіре көрмеңіз!—деп үстеді Том.

Бірнеше минуттан соң энтомолог өзінің ең қымбат санайтын мүлкі — қаңылтыр қобдишасын мойнына асты да, үңгірден шығып тоғайға қарай тартты.

Бенедикт ағай мен Негоро үңгірден қатар шықты. Негоро, адам баласы тек қана өз қара басының қамын ойлау — табиғи іс деп түсінетін сияқты. Бенедикт ағай арғы беттегі тоғай шетіндегі бұталарға баруға ыңғайланып, төскейге тырмысқан кезде, Негоро аяғын жайлап басып, өзен сағасына барды да, жоғары өрлеп кете берді.

Миссис Уэлдон ұйықтап жатқан бөбегін Нанның тізесіне жатқызып, жағалаудың қайраңына қарай жүрді. Дик пен басқа негрлер оның соңынан ерді.

Тасқынның кейін тепкенін пайдаланып қираған кемеге бару керек болды, онда кішкене отрядтың мұқтажына жарарлық зат әлі көп еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий