Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жас капитан навигация теориясын астрономия жолымен анықтауды жеткіліксіз білетін-ді, бірақ онда «ауа райына» қарап келешекті болжайтын қасиет бар-ды. Біріншіден, аспан мен теңіздің құбылысы; екіншіден, барометрдегі сынап бағанасының төмендеуі; осы екі сезім оның көз алдында күтілмеген болашақты көрсетіп отырады.

Капитан Гуль ауа райын алдын ала болжауға озат кісі еді. Ол, барометрдің көрсеткенін қалай ажыратып түсінуді Дикке үйреткен болатын. Біз бұл тамаша құралды қалай пайдаланудың жайын қысқаша айтып өтейік.50

«1. Ауа райы ұзақ уақыт жақсы болған кезде, барометр бірден тоқтаусыз төмендей берсе, бұл ақиқат жаңбырдың белгісі. Сөйтсе де ауа райы өте ұзақ уақыт ашық болған жағдайда да сынап бағанасы екі-үш күн қатарынан төмендесе, ауа райында нендей де болса елеулі өзгеріс болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сынап бағанасының төмендеуімен жаңбырдың басталуы арасындағы уақыт неғұрлым ұзаққа созылса, жаңбыр да ұзақ жауып, соңы ақ жауынға айналады.

2. Жаңбыр ұзаққа созылған кездерде, барометр сынабы жайыменен тоқтаусыз жоғарылай берсе, ауа райы қайтадан жақсарады деп сенімді түрде шамалауға болады. Алғашқы шуақ күн мен сынап бағанасының жоғарылауы арасындағы уақыт неғұрлым ұзақ болса, ауа райының жақсы болуы да солғұрлым ұзаққа созылады.

3. Бұл екі жағдайдың екеуінде де, яғни сынап бағанасы көтерілгеннің немесе төмен түскеннің артынша өзгерген ауа райы, сол күйінде ұзақ тұрмайды.

4. Егер барометр сынабы жайымен, бірақ тоқтаусыз екі-үш күн, одан да артығырақ уақыт көтеріле берсе, тіптен бұл күндері тоқтаусыз жаңбыр құйып тұрса да, бұл ауа райының түзеліп кететіндігінің белгісі.51 Бірақ барометр жаңбырлы күндері көтеріліп, күн ашылып жадырасымен төмендей бастаса, жадыраған ауа райы ұзаққа созылмайды.52

5. Көктемде және күздің күні барометрдің бірден төмендеп кетуі, ауа райының желді болуын білдіреді. Жаздың ми қайнатқан ыстық күндерінде барометрдің бірден төмен түсуi, дауылдатқан нөсер құятындығының нышаны. Қыстың күні, әсіресе ұзаққа созылған аяздан кейін сынап бағанасының тез төмендеуі, күн жылынып, жаңбыр жауып, жел ыңғайының басқа жаққа ауысатындығының белгісі. Керісінше, ұзаққа созылған аяз күндері сынап бағанасының жоғары көтерілуі, қар жауатындығын хабарлайды.

6. Сынап бағанасының бір жоғары көтеріліп, бір төмен түсіп қобалжуы, ауа райының ұзаққа созылатын құрғақ немесе жаңбырлы мерзімінің таянғандық белгісі деп жоруға мүлдем болмайды. Тек сынап бағанасы жайыменен бірте-бірте төмендесе немесе жоғары көтерілсе, ауа райы ұзақ уақыт бір қалыпта тұрады деп болжалдауға болады.

7. Күздің ақырында, ұзаққа созылған желді де жаңбырлы мерзімдерден кейін барометрдің сынабы көтеріле бастаса, солтүстіктен жел тұрып аяз болуының нышаны».

Дик Сэнд барометр ерекшелігін жақсы білетін. Ол теңдесі жоқ және әрбір теңізшінің жәрдемшісі болған осы құралдың болжалдап көрсеткенінің дұрыс екендігін талай рет көзімен көріп сенген еді. Ол қапелімде ауа райының өзгеруіне кезігіп қалмау үшін, барометрмен күн сайын кеңесіп тұратын-ды.

Жас капитан барометрге қайта-қайта келіп жүрді, бірақ февральдың жиырмасы күні сынап бағанасының бұрынғы қалпынан өзгере қалғанын байқады. Барометр жайыменен тоқтаусыз төмендеп бара жатыр. Бұл жауын-шашынның белгісі болатын. Сынап бағанасы төмендеген үстіне төмендей берді, әйтсе де жауын-шашын бола қоймаған соң, лайсаңды ауа ұзаққа созылады екен деп шамалады Дик.

Бірақ жылдың бұл маусымында жауған жаңбырмен қабаттаса күшті жел де тұруға тиіс, шынында да солай болды. Бір күннен соң желге жан еніп күшейе түсті, оның еліргендігі сонша, жел ағысының көшуі сағатына алпыс километргe жетті.53

Жел екпіні «Пилигримнің» желкендерін жыртып, мачталарын қиратып кетпеу үшін, кейбір сақтық шараларын қолдану керек болды.

Жас капитан, бом-брамсельді, топсель мен сыртқы кливерді түсіріп қоюға бұйырды. Бірақ бұл шаралар жеткіліксіз тәрізді. Ол тағы брамсельді түсіруге, марсельді екі риф жиырып, аумағын азайтуға бұйырды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий