Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сөз бар дейсіз бе! Жел солтүстік-батыстан тұрғалы бір бағытта келе жатыр,— деді Дик.— Есіңізде болар деймін, капитан Гуль мен «Пилигрим» экипажы түгелдей қаза тапқан қайырсыз күні жел сол жағымыздан тұрған еді, сол ыңғайынан әлі ауған жоқ. Бүгін марттың тоғызы, оныншы февральдан бері жиырма жеті күн уақыт өтті!

— Ол кезде біз материктен қанша қашықта едік? — деп сұрады миссис Уэлдон.

— Төрт мың бес жүз миль шамасы, миссис Уэлдон. Бұл есеп дәл болмаса да соған жуық. Есептегі қатенің айырмасы жиырма миль не артық, не кем, одан ары болуы мүмкін емес.

— Ал кеменің жүріс тездігі қанша еді?

— Желдің күшейген күнінен бастап орта есеппен күніне бір жүз сексен миль жол жүрдік. Сондықтан да жердің әлі күнге көрінбеуіне таңым бар. Тағы бір ерекше таң қаларлық нәрсе, бұл араның суында кеме көп жүруші еді, бізге бірде-бір кеме кездеспеді ғой.

— Кеменің жүріс тездігін есептеуден жаңылған жоқсың ба? — деп сұрады миссис Уэлдон.

— Жоқ, миссис Уэлдон. Бұл жөнінде менің ешқандай күдігім жоқ. Ағаттық болуы мүмкін емес. Әрбір жарты сағат сайын лаг тастап, лагтың көрсеткенін өз қолыммен үнемі жазып отырдым. Тілесеңіз мен қазір лаг тастайын, сағатына он миль, яғни тәулігіне екі жүз мильден астамырақ тездікте жол жүріп келе жатқанымызды өз көзіңізбен көріңіз!

Дик Сэнд Томды шақырып алып, лаг тастауға бұйырды. Қарт негр бұл операцияны жақсы орындайтын болып жаттығып алған еді. Ол лагтың арқанға байланған жерін тексеріп қарады да лақтырып суға түсірді. лаг байланған арқанды жиырма бес ярд55 шамасы тарқатқан кезде, арқан суға батпай салбырады да қалды.

— Ах, капитан! — деп айқайлап жіберді қарт негр.

— Не болды, Том?

— Арқан үзіліп кетті!

— Арқан үзілді? — деп айқайлады Дик.—Демек, лаг құрыды десейші!

Қарт негр жауап қайырудың орнына, қолында қалған арқанның үзігін көрсетті.

Том бұл жөнінде айыпты емес. Лаг берік байланған болатын, арқан қақ ортасынан үзіліп кетіпті. Арқан маниль торқасының сапалы сортынан есілген-ді. Оның бір жері әбден қажалып қырқылғанда ғана болмаса, үзілуге тиіс емес. Шынында да солай болып шықты. Мұның анығына Дик Сэнд арқанның үзігін қолына алып қарағанда ғана сенді. Бірақ арқан неліктен қажалған?

Жасөспірім бұл сұраққа жауап таппады.

Қалай болса да, лагтың қарасы өшті, Диктің ендігі жерде кеме жүрісінің тездігін өлшейтін мүмкіндігі жоқ. Оның бұдан былай пайдаланатын бірден-бір құралы — компас.

Бірақ бұл компастың теріс бағыт көрсететінін Дик Сэнд білген жоқ-ты...

Миссис Уэлдон бұл уақиғаның Дикті аса қатты күйзелткенін көрді де, қайтып ешнәрсе сұрамады. Жүрегін қайғы кернеп өз каютасына кетті.

Бірақ кеме жүрісінің кемімегенін компассыз-ақ байқауға болатын еді.

Ертеңіне, марттың оны күні, барометр төмендеп жиырма сегіз де оннан екі дюймге56 жетті. Барометрдің бұл төмендеуі сағатына жүз километр тездіктегі құйынды желдің таянғандығының нышаны еді.

Кемені қауіптен сақтандыру үшін, көтерулі желкендерді тезінен тағы да азайту керек болды.

Дик Сэнд марсель мен фокты да түсіруге, тек қана бом-кливермен, көлбеу гротпен жүзуге ұйғарды.

Ол Том бастаған негр матростарды палубаға шақырып алып, бұл қиын маневр бүкіл экипаж болып бірлесіп істесе ғана орындалатынын айтты. Мұның бір жаман жері, желкендерді түсіру үшін көп уақыт кететін болды, ал дауыл минут сайын бірден-бірге үдеп барады.

Дик Сэнд, Остин мен Актеон, Бат төртеуі рейге өрмеледі. Том штурвалда қалды. Геркулес керек болған кезде шкотты тарту үшін палубада тұр.

Бұлар ұзақ әуреленіп, ақырында марсель мен фокты түсірді. Мачталардың ерсілі-қарсылы шайқалуы, желдің құтырына соғуы ержүрек матростарды жазым ете жаздады. Олар әлде неше рет жығылып кетудің аз-ақ алдында қалды, сонда да болса тәуекелге бел байлап, ақырында көлбеу гроттың желкенін жиырды. Ең соңында ішкі кливерді де түсірді, кеме енді тек көлбеу гротпен, бом-кливермен ғана жүзді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий