Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соғып тұрған желдің құйынды дауылға айналып кетуі мен нөсерлеп жаңбыр жаууы сияқты әбігерлі нышанның арасында «Пилигрим» үшін бір ғана. қолайлы жағдай болды; бұл жел өтінің бірыңғай соғуынан айнымауы еді. Жел неғұрлым күшейіп құйынға айналып кетсе, кеме де солғұрлым тез жүзіп американ жағалауына тез жететіндерін «Пилигрим» бортындағылар тегіс білді. Барынша берік жасалған кемеге желдің құтырына соғуы әзірге ешқандай қауіп төндірген жоқ, бірақ бейтаныс жағалауға барып тіреле қалса, шын қауіп сонда төнеді.

Бұл ой Дикті аса абыржытты. Егер сол жағалауды жақсы білетін боцман табылмайтын иесіз жағалауға барып қалса, бұлар нендей шара қолданбақ? Егер ауа райы лайсаңға айналып, белгісіз жағалаудың бірер түкпірінен баспана іздеуге мәжбүр болса, жас капитанның қолданатын шарасы қандай болмақ? Қазір бұл сияқты қиялдармен бас қатыратын уақыт емес, бірақ ерте ме, кеш пе, әйтеуір, бұл мәселенің болатыны сөзсіз, сол уақытта тезінен бір шара қолдану керек болады.

Сасатын түк те жоқ, Дик Сэнд бұл шараларды уақытында қолдана жатар!

Соңғы он үш күн бойы 24 февральдан 9 мартқа дейін ауа райы өзгермеді деуге болады. Көк әлемін бұрынғысынша қара бұлт құрсап алған. Жел ара-тұра шамалы уақыт бәсеңсіген болады, бірақ бірнеше сағаттан соң баяғы қалпынша қайта ұли бастайды. Барометрдің сынап бағанасы бір-екі рет аздап жоғарылаған болды, бірақ бірнеше сызық көтеріліп барып қайта төмендеді. Атмосфера қысымы кенет қобалжыды, бұған қарағанда жуық күндердің ішінде ауа райының түзеле қоятын түрі жоқ.

Бірнеше рет көк жарылғандай боп күн күркіреді, бұл жағдай жас капитанды қатты абыржытты. Кемеден небары бір кабельтов жерден суға жасыл түсіп жатты. Ара-тұра нөсерлеп жаңбыр құйып өтті, «Пилигрим» енді қалың тұманның ортасында қалды. Көкжиекті бақылап вахтада тұрған адам, ұдайы бір сағат бойы ешнәрсе көре алмай, кеменің беталды бағдарлап тартқан кездері болды.

Кеме теңіз толқынына ойдағыдай төтеп берді, әйтсе де толқын қатты шайқады. Бір жақсы жері, миссис Уэлдон теңіз ауруына шалдыққан жоқ. Бірақ Джек бейшара науқастанып қатты қиналды, анасы жанынан аттап шықпай күзетіп отырды.

Уақытының бәрін шыбын-шіркейлер арасында өткізген Бенедикт ағайдың кеме шайқалуынан көрген азабы американ тарақанының азабынан артық емес. Ғалым өзінің Сан-Францискодағы ың-жыңсыз тыныш кабинетінде отырған тәрізді, ұзақты күн коллекциясын зерттеумен болды.

Бір жақсы жері, Том және оның жолдастары теңіз науқасына шалдықпады, жас капитанның басшылығымен жұмысты бұрынғысынша атқара берді. Капитанның өзі кеме шайқалуына көптен көндігіп қалған бала еді.

«Пилигрим» көтерілген желкенінің аздығына қарамастан алға қарай тез ұмтылуда. Дик Сэнд қалған желкендерді әлде де болса азайта түсу керек болар деп шамалады. Дегенмен, тікелей төніп тұрған қауіп болмаған соң, бұл іске кірісе қоюға асыққан жоқ.

Диктің есебінше, кеме құрғақ жерге жақындап қалған. Ол вахта бақылаушысына сақ бол деп мұқият тапсырды. Бірақ жас капитан, тәжірибесіз матростар жерді алыстан көре қояды деп сенбеді. Көкжиектен күңгірттеніп көрінетін жер бейнесін ажырату үшін көз жанарының өткір болуы жеткіліксіз. Сондықтан да Диктің өзі мачтаға шығып көкжиекке ұзақ уақыт көз жіберіп тұратын-ды.

Бірақ американ жағалауы әлі көрінер емес.

Бұл жағдай жас капитанды ойға қалдырды, ол өз күдігін миссис Уэлдоннан жасырған жоқ.

Тоғызыншы март күні Дик Сэнд кеменің тұмсығында тұр еді. Ол біресе теңізге, біресе жел екпінімен иіліп-бүгіліп тұрған «Пилигримнің» мачтасына көз тастады.

— Дик, ешнәрсе көрінбей ме? — деп сұрады миссис Уэлдон бала жігіт көзін подзор дүрбіден алған кезде.

— Түк те көрінбейді, миссис Уэлдон, түк те... жел әлде де болса күшейе түскен тәрізді, теңіз бетіндегі тұманды таратып жіберді...

— Алайда сен бұрынғысынша американ жағалауы қашық болмауға тиіс деп шамалайсың ба?

— Күмән жоқ, миссис Уэлдон. Бірақ ол жағалаудың әлі күнге көрінбеуіне таңым бар.

— Кеме үнемі бағытқа қарай дұрыс жүріп келе жатты ма?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий