Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кемедегі істелетін қызмет уақытын бөлгенде, Дик Сэнд өзінің штурвал вахтасында тұратын кезегін түнге келтірді. Ол күндіз бес-алты сағат жатып дем алады, осы қысқа мерзімді демалыстың ішінде әл жинап тынығып алатын. Капитан дем алып жатқан кезде, штурвал вахтасында Том мен оның баласы Бат тұратын болды. Диктің дұрыс басшылығы арқасында бұл екеуі аздап болса да жарамды рульші болып алды.

Миссис Уэлдон Дикпен жиі кеңесетін. Батыл да, ақылды әйелдің кеңесін жас капитан аса бағалады. «Пилигримнің» өткен күнгі жүрген жолының картасын күн сайын әйелге көрсетіп отырды. Диктің картаға негізгі түсіретіні, кеменің бара жатқан бағыты мен жүріс тездігінің орташа есебі еді.

— Көріп тұрсыз ба, миссис Уэлдон,— деді жас капитан әйелге қарап,— мына ыңғай соққан желді пайдаланып, кешікпей-ақ Оңтүстік Америка жағалауына жақындап қаламыз. Әрине, кесіп айту қиын, бірақ бізге алдымен көрінетін жағалау Вальпарайсоға іргелес болар деймін.

Миссис Уэлдон «Пилигримнің» дұрыс бағытта келе жатқанына және солтүстік-батыстан ыңғай соққан желдің межелеген жерге жеткізіп тастайтынына күмәнданған жоқ. Бірақ бұл меже оған соншалықты алыс көрінді! Кеменің құрғаққа баратын жолын астыртын аңдыған қаншама қауіп-қатер бар, ауа райы бұзылып, жаңбыр жауа қалса, теңіз бетінде толқын көтерілуі мүмкін! Аспан да, теңіз де бірдей қатер.

Өзі қатарлы балалар сияқты, Джек те уақытын палубада әрлі-берлі жүгіріп, Дингомен ойнап өткізетін. Соңғы күндерде Дик Сэнд балаға уақытын аз бөлетін болды, әрине, бұл жағдайды бала да сезген еді, бірақ Дикті жұмысынан қалдырмау керек екенін жас әйел бөбегіне ұғындыра білді, тіл алғыш бала енді қайтып «капитан Диктің» мазасын алып қыңқылдауды қойды.

«Пилигрим» бортындағы өмір осындай жағдайда өте берді. Негрлер өздерінің жаңа кәсібі — матростыққа аз-аздап көндіге бастады. Том қарт боцман қызметінің міндетін атқарды. Жас капитан дем алған сағаттарда, күндізгі кезектің вахта бастығы Том болды. Онымен бірге Бат пен Остин тұратын. Дик бастаған екінші вахта кезегінде Геркулес мен Актеон тұрады. Сөйтіп, біреуі штурвалда тұрып кемені басқарады да, қалған екеуі тұмсықтағы вахтада тұрады.

Кеменің жүріп келе жатқан жері мұхиттың иесіз бөлегі еді, бұл шамадан қарсы келе жатқан кемеге жазатайым соқтығысу қаупін ойламаса да болады. Әйтсе де, жас капитан вахтада тұрғандардан өте сақ болып, қырағы бақылауды талап етті. Ол кеш болысымен белгі фонарьларды (кеменің оң жақ бортына көк фонарь, сол жақ бортына қызыл фонарь іледі) жағып қоюды тапсырды.

Дик Сэнд штурвалда тұрып түн артынан түн өткізді. Кей уақыттарда өзінің әлі құрып әбден шаршағанын сезетін, өзінің қолы штурвал дөңгелегін ұстап тұрғанын да сезбейтін-ді.

Бұл оның әбден шаршап қажығандығының салдары еді, бірақ мұны ешкімге айтып шағынбайтын.

Сонда да болса ол февральдың он үшінен он төртіне қараған түні әбден дымы құрып амалсыздан бірнеше сағат дем алуға мәжбүр болды. Оның орнына — штурвалға Том барып тұрды.

Аспанды қалың бұлт құрсаған. Түннің қараңғылығы сонша, палубадан қарағанда жоғарғы желкен көрінбейді. Актеон мен Геркулес тұмсықтағы вахтада тұр.

Кормодағы нактоуздың48 болымсыз жарығы штурвал дөңгелегінің теміріне түсіп көмескі жылтыраған болады. Жоғарыда, мачта басында белгі фонарьлары жанып тұр, кеменің палубасын бүтіндей қараңғылық басқан.

Ұзақ уақыт вахтада тұрып қажыған Том, түнгі сағат үштің шамасында тік тұрған күйі қалғып кетті. Ол бірер көлеңкенің палубада жылжып бара жатқанын байқамай қалды.

Бұл Негоро еді.

Кеме аспазы компасқа білінбей келіп, бір ауыр затты нактоуз астына қоя салды.

Ол нактоуздың жарығы түскен компас бетіне бірнеше минут қарап тұрды да, дыбыс шығармай тайып тұрды.

Мұны Том да, вахтада тұрған басқа матростар да көрмей қалған.

Егер, Негороның нактоуз астына қойып кеткен ауыр затын, ертеңгісін Томды ауыстырған Диктің өзі көрсе де, ойланбай-ақ алып тастар еді, өйткені Негороның компас астына қойып кеткен ауыр заты — бір жалпақ темір болатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий