Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
Сөйтіп, Дик Сэнд «Пилигримге» капитан болды. Ол уақыт оздырмай желкен көтеруге ұйғарды.
Жолаушылардың тілегі жалғыз-ақ: қайтсе де тезірек Вальпарайсоға жету немесе Оңтүстік Америка жағалауының бірер портына іліну. Дик Сэнд өздерінің бет алған бағыты мен «Пилигримнің» жүрген жүрісінің тездігін бақылап, жүрістің орташа тездігін есептеп шығарып, күнделікті жүрген жолының мөлшерін картаға түсіріп отыруға ұйғарды. Мұны орындау үшін компас пен лаг болса жетіп жатыр.
Кемеде винтпен айналып жұмыс істейтін патент-лаг бар-ды. Бұл құралдың циферблатындағы тілі, белгілі бір уақыттың арасында кеменің жүріс тездігін көрсетіп отырады. Патент-лаг зор қызмет атқара алады; құралдың құрылысы оп-оңай, мұны пайдаланудың әдісін үйрену, «Пилигримге» жаңа келген тәжірибесіз матросқа да қиын емес.
Бірақ мұның есептен жаңылдыратын бір жері бар — ол теңіз ағысы.
Лаг та, компас та ағыс күшін есептей алмайды. Ашық теңізде кеменің дәл қай жерде екендігін тек қана астрономиялық бақылаумен шамалауға мүмкіндік бар. Бірақ олардың сорына, астрономиялық бақылау жүргізуді жас капитан біліңкіремейтін-ді.
Алғашқыда Дик Сэнд «Пилигримді» Жаңа Зеландия жағалауына қарай кері әкетуге ниеттенген еді. Бұл жол төте де жақын болатын. Егер өнебойы кеменің алдынан соғып тұрған жел, кенет бұлардың ыңғайына бұрылмаса, жас капитан алғашқы ниетін орындаған болар еді. Жел бет алған бағытқа бұрылған соң, Америкаға қарай жүре беру оңайырақ көрінді.
Жел ыңғайы 180° шамасы бұрылды да, енді солтүстік-батыстан соғып, екпіні күшейе түскен тәрізденді. Мүмкіндігі болғанынша ілгері басу үшін ыңғай соққан желді пайдаланып қалу керек.
Дик Сэнд барынша бакштагпен39 жүруге ұйғарды.
«Пилигримнің» фок-мачтадағы тік желкені төртеу болатын: мачтаның төменгі иініндегі фок, стенга марселі, брамстенгадағы брамсель және бом-брамстенгадағы бомбрамсель.
Грот-мачтаға кішірек желкендер қойылады: төменгі иінде грот болады да, оның үстінде топсель тұрады.40
Бұл екі мачтаның аралығындағы штангаларға (бұлар грот-мачтаның алдыңғы жағына бекітіледі) тағы да көлбеу стаксель желкендердің үш қатарын қоюға болады.
Кеме тұмсығындағы бушпритке — көлбеу мачтаға сыртқы, ішкі және бом-кливер — барлығы үш кливер қояды.
Кливерді, стакселді, көлбеу гротты рейге шықпай-ақ палубада тұрып оп-оңай көтеріп немесе түсіріп қоюға мүмкіндік бар. Бірақ желкенді фок-мачтаға орнату үшін, теңіз ісіне жетік болу керек. Бұл желкендермен бірер маневр жасау үшін вантпен41 өрмелеп стенгаға, брамстенгаға немесе бомбрамстенгаға шығу қажет. Мачтаға тек желкен көтеру үшін ғана шықпайды, жел кернеген желкеннің аумағын азайту үшін де шығады, теңізшілер бұл маневрді «риф алу» деп атайды. Сондықтан да матростар рейға салбыратып байланған арқанмен өрмелеп шығып, бір қолымен арқаннан ұстап тұрып, енді бір қолымен жұмыс істей білулері шарт. Бұл маневр, әсіресе, әдеттенбеген адамға өте қауіпті: кеме бортының қырындай шайқалуын, матрос мачтаны өрмелеп жоғарылаған сайын мачтаның әдеттегіден тыс қатты шайқалатынын айтпағанның өзінде, оқтын-оқтын ішін тартып соққан жел екпіні желкенді бірден кернеп, мачта басында тұрған матросты борттан ұшырып түсіруі ықтимал.
Бақытқа қарай жел екпіні бір қалыптан айнымады. Теңіз толқыны етек ала қойған жоқ, кеме де онша қатты шайқалмады.
Дик Сэнд капитан Гульдің вымпел көтерген белгісімен «Пилигримді» апат болған жерге апарғанда, кеменің көлбеу гроты, кливері, фок пен марселі көтерулі еді. Сөйтіп, кемені барынша бакштагпен жүргізу үшін енді брамсельді, бом-брамсельді, топсель мен стаксельді көтерсе, жетіп жатыр.
— Достарым,— деді жас капитан өзінің жәрдемшілеріне қарап,— менің бұйрығымды дәл орындасаңдар болғаны, жұмыстарың ойдағыдай алға басады.
Дик Сэнд штурвалда тұрып команда берді.
— Том, травить шток!
— Травит?
Том оның командасына толық түсіне алмады, не істерін білмей арқанға жармасты.
— Ие деймін, травить! — Штокты босат деген сөз!
— Aha, енді түсіндім!