Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Негоро он бес жасар капитанның беделін түсіруге енді қайтып қамданбады. Дикті бастық деп таныды. Ол көп уақытын бұрынғы әдетінше өзінің тар камбузында өткізіп, палубаға сирек шығатын болды.

Негоро тәртіп бұзуға болмашы ғана әрекет етсе, Дик Сэнд оны құрылыққа жеткенше қамауда ұстауға бел байлады. Жас капитан ым қақса болғаны, Геркулес кеме аспазын желкесінен алып трюмге апарып тыға салуға әзір. Алыпқа бұл істі орындаудың ешқандай қиындығы жоқ. Кәрі Нан тамаша аспаз, Негороның орнын сол басар еді. Негоро өзінің қымбат адам еместігін және ізі аңдулы екенін де сезсе керек, сыр білдірмей тыныш жүрді.

Жел күшейген үстіне күшейе берді, бірақ бастапқы ыңғайынан ауған жоқ, түн болғанша желкен де ауыстырылмады. Мачталар темірмен бекітілген, мығым, кеменің жалпы жағдайы айтарлықтай жақсы — осының бәрі тіптен жел бұдан ары күшейе түссе де, желкенді барынша желге кернетуге мүмкіндік береді.

Әдетте, кемелердің көбісі түн болысымен көтерулі желкендердің көлемін азайтады, ең алдымен жоғарғы желкендерді — бом-брамсельді, тағы басқаларын төмен түсіреді. Осы шаралар түгел орындалса, кенет соққан дауыл кеме үшін қауіпті емес. Бірақ Дик Сэнд бұл сияқты алдын ала сақтану шараларын қолданған жоқ. Өйткені ауа райына қарағанда ешқандай күтілмеген қолайсыз жағдайдың бола қоярлықтай түрі жоқ-ты. Ол мұхиттың осы иесіз бөлегінен шыққанша кеменің жүрісін кеміткісі келмеді. Мұның үстіне бірінші түнгі вахтада жас капитанның өзі тұрып, бәрін де өзі бақылауға ұйғарып еді.

«Пилигримнің» жүріп өткен жолының мөлшерін шамалау үшін Дик Сэндтің бірден-бір қолданатын құралы компас пен лаг екендігін жоғарыда айтып өттік.

Жас капитан әрбір жарты сағат сайын суға лаг тастатып, құралдың көрсеткен мөлшерін өз қолымен теңіз журналына жазып отырды.

«Пилигримде» екі компас бар-ды. Оның біреуі штурвал үйшігіне, рульшінің нақ алдына орнатылған. Компастың беті — картасы, күн мен түннің қай минуты болса да, кеменің бара жатқан бағытын көрсетіп отырады. Түн болса компастың екі жағына шырақ қойып бетіне жарық түсіріледі. Екінші компас, бұрын капитан Гуль тұрған каютаның қабырғасына ілінген. Бұл компас, капитанның каютада отырып-ақ, рульшінің кемені тапсырылған бағдармен дәл жүргізіп бара жатқанын немесе тәжірибесіздіктің, салақтықтың салдарынан кеме басқа жаққа қарай қаңғып бара жатқанын бақылауына мүмкіндік беретін.

Әдетте, алыс сапарға шыққан кемелердің компасы кем дегенде екеуден болады, оның үстіне кемінде екі хронометр алады. Бұл құралдардың бұзық, түзігін анықтау үшін көрсеткен бағдарын ауық-ауық салыстырып отыру керек.

Дик Сэнд өзіне қажетті екі компасты аса сақтықпен пайдалануды экипажына мұқият тапсырды.

Бірақ февральдың он екісінен он үшіне қараған түні, жасөспірімнің өзі вахтада тұрған кезде, капитан каютасындағы компас жазым болды. Компастың шегеге ілінген жез шығыршығы сыныпты да, еденге түсіпті. Бұл уақиға ертеңгісін мәлім болды.

Шығыршық қалайша сынған?

Бұл бақытсыздық нендей себеппен болғанын ешкім шеше алмады. Ақырында шығыршықтың үзілуін, тот жеп, шайқалудан шеге қажаған, сөйтіп шығыршық жіңішкеріп үзілген деп шамаланды. Бірақ жағдай солай болды ма, әлде басқаша ма, әйтеуір екінші компас сынып, оңдауға келмейтін боп істен шықты.

Дик Сэнд қатты қынжылды. Ол ендігі жерде қолында қалған жалғыз компасқа сеніп, кемені соның көрсеткен бағдарымен жүргізуі керек. Екінші компастың бүлінуіне ешкім жауапты емес, дегенмен мұның ақыры қолайсыз жағдайға соқтыруы ықтимал.

Диктің ендігі істейтін шарасы қолда қалған жалғыз компасты кездейсоқ қырсықтан сақтау ғана.

Компас уақиғасы болмаса, «Пилигрим» үстіндегі жағдайдың бәрі соңғы уақытқа шейін оңды болып келген еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий